АШЫҚ САБАҚ
Рационал өрнектерді түрлендіру.
Алгебра сабағында оқушылардың білім-білік дағдыларын шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында 7 – сыныпта өткізілген «Рационал өрнектерді түрлендіру» тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты: Тәрбиелігі: Оқушылардың өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылық пен еңбек етуге баулу.
Дамытушылығы: Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу, қасиеттерін ашуға үйрету.
Білімділігі: Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдануды, рационал өрнектерді түрлендіруде тиімді пайдалануға үйрету.
Сабақтың түрі: тексеру, ойын , биоинтернет картасы.
Сабақтың типі: білімді бекіту.
Көрнекілігі: плакат, карточкалар, графопроектор.
Сабақтың жоспары: I. Ауызша сұрақ.
II. “Математикалық лото”.
III. Жаңа сабақ.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. “Экспрес бақылау”.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин.)
2. Сергіту сәті: Жылдамдық (екі таңбалы саннан 4 азайту). Есте сақтау қабілетін дамыту.(7 таңбалы сандарды қайталау)
1.237 413; 2.816 719; 9.783 365; 6.477 393; 3.845 219.
3. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
№454 1) мұндағы: m=2,5 n=4,5
-0,5
3) мұндағы: а=1.
16.
I. Ауызша сұрақтар.
1. Алгебралық өрнек деген не?
2. Алгебралық өрнектің түрлері.
3. Плакаттағы алгебралық өрнек түрін анықта.
4. Алгебралық бөлшек деген не?
5. Алгебралық бөлшекке қолданылатын амалдар және оларды тұжырымда.
II. “Математикалық лото”. Алгебралық бөлшектерге амалдар қолданып «Математикалық лото» ойынын ойнайық.
Шарты: Берілген есептерді шешіп лотоның кілтін табамыз. Дәптерге жазамыз.
«Математикалық лото» кілті
1) Т 5
2) Е 1
3) З 3
4) Т 2
5) А 6
6) П 4
Достарыңызбен бөлісу: |