Сабақ. Құрастыру. Білім беру саласы : Таным Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі: Құратыру және қол еңбегі. Тақырыбы: Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жүк машиналары



бет6/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,58 Mb.
#13207
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Болу керек:

Үйрену керек:

27 – сабақ. Құрастыру.
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Сіріңке қораптарынан керуен құрастыру.
Мақсаты: сіріңке қораптарынан түйені және керуен басын құрастыру; сіріңке қораптарын пайдалану дағдыларын қалыптастырып, қораптарды біріктіру, бір – біріне кигізу, желімдеу ретін түсіндіру; жұмыс барысында балалардың ой – қиялын дамытып, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар мен материалдар: сіріңке қораптары (әр балаға 6 данадан), түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, қылқалам, әліппе – дәптер, фломастер.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелесу, көрнекілік, ойын іс – әрекетіне ауысу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларға арналған «Сен білесің бе?» топтамасының «Ұлы Жібек жолы», «Түркістан» кітаптарынан үзінділер оқып беру, керуен туралы түсінік беру.

Билингвальдық компоненттер:

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Ұйымдастырушылық-оятушылық



1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.


Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.

Ұйымдасушылық-ізденушілік


Педагог Қазақстан жерінде орналасқан Түркістан қаласының тарихымен қандай оқиғалар байланысты екенін еске түсіруді ұсынады. Балалар қаланың Ұлы Жібек жолында орналасқанын айтады. Ұлы Жібек жолы бойымен керуен арқылы әртүрлі тауарлар тасымалданғаны жайында түсінік береді. Жүк тасу үшін және ұзақ шөлді жолға түйелердің ғана шыдайтыны туралы айта келіп, түйенің ерекшелігімен таныстырады.



Педагог балаларға саяхатқа шығу үшін өз керуендерін құрастыратындықтарын айтады. Керуенді бастап жүретін адамды керуенбасы деп атайды. Керуенбасы да сіріңке қорабынан құрастырылады. Сіріңке қораптарын бір – бірімен қалай біріктіру тәсілдерін көрсетеді. Әліппе – дәптердегі үлгілер бойынша орындалу ретін түсіндіру. Алдымен әр бала түйені жасайды. Түйе 6 қораптан жасалады. Алдымен екі қораптың іші жартылай ашылып, тігінен қойылады (бұл – аяғы), денесі ретінде алынған үшінші қорап сызбада көрсетілгендей жартылай ашық қораптың ішіне орналастырылады. Төртінші қорап бұрыштап, өркештің орнына қойылады, бесінші қораптың сырты тігінен (мойны), іші (басы) көлденеңінен орналастырылады. Содан соң түйенің дайын бейнесінің сыртын түрлі түсті қағазбен айналдыра желімдейді. Көзін, құлағын түрлі түсті қағаздан қиып алып, жапсырады. Бұйдасын жіптен жасауға болады. Жұмыс барысында балаларға жеке нұсқаулар беріледі. Дайын болған түйелерді қатарластыра орналастырып, «керуен» құрайды. Керунебасын бір қораптан жасайды. Қораптың ішкі бөлігі сызбада көрсетілгендей жартылай ашылады. Содан соң сыртына түрлі түсті қағаз желімдейді. Қасы, көзі, мұрнын фломастермен салады. Қалған ұсақ бөлшектерін түрлі түсті қағаздан қиып алып, желімдейді. Керуенбасын керуеннің алдыңғы жағына орналастырып, түйені жетектеп бара жатқанын бейнелейді. Балалардың жасаған түйелерін қатар – қатар тізіп қойып, керуен деген сөзге тағы бір рет түсінік беріледі. Еңбек нәтижесіне балалармен бірге талдау жасалып, сабақ ойын іс – әрекетіне ауысады.




Өзін-өзі бағалау-түзету

(Рефлекстік -коррекциялық)









Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Болу керек:

Үйрену керек:

28 – сабақ. Қол еңбегі.

Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Сулықты кестелеу.

Мақсаты: матамен жұмысты жалғастыру; қарапайыс кесте тігу өнерімен таныстыру; кестежіптің ерекшелігін түсіндіру; тігіс түрлерін орындау, көркемдеу дағдыларын жетілдіру; инемен жұмыс істеу ережелерін сақтай білу.

Керекті құралдыр мен материалдар: шашақталған сулықтар (балалардың жұмысы), ине, екі түсті жіп (қызыл, жасыл), қайшы, тігіс түрлері, кесте үлгілері, әліппе – дәптер.

Әдіс – тәсілдер: кесте тігу жолдарын түсіндіру, әңгімелесу, үлгіні талдау.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: тігіншілер еңбегімен таныстырып, еңбек туралы мақал – мәтелдер жаттату; әдемі кестеленген сулықтардың үлгісін көрсетіп, әңгімелету.

Билингвальдық компоненттер:

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Ұйымдастырушылық-оятушылық



1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Адал жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректі,

Сөздің бәрі ақ тілек.


Мұғаліммен бірге өлеңді қайталау, қимылмен көрсету.

Ұйымдасушылық-ізденушілік


.

Өткен сабақта шашақтаған сулықтарына бүгін кесте тігетіндерін айтып, балалардың іс – әрекетке деген қызығушылығын арттырады. Алдымен балалар инемен жұмыс істеу ережесін естеріне түсіреді, жіпті қалай өлшеу, қалай сабақтау, ұшын түю керектігін көрсетеді. Әліппе – дәптердегі үлгіге талдау жасалады, көктеп тігу тәсілінің үлгісі көрстіледі.

Педагог алдын ала шашақталған сулықтардың шетіне қарындашпен түзу сызық сызып қояды. Бір сызықтың бойына балалар шаншым арасындағы бірдей қашықтықты дұрыс сақтау үшін, ине шаншатын орынды белгілеп көрсетіп қояды. Балалр сызық бойымен алдыңғы сабақта үйренген көктеу тігісін жүргізіп шығады. Содан соң педагог басқа түсті жіпті алып, тігістің арасынан иректеп өткізу тәсілі көрсетеді. Жіпті арасынан өткізген кезде матаға шаншымайды.

Балалар екі түрлі кесте жіпті пайдаланып, сүлгіні кестелеу жұмысына кіріседі:



  • Шашақталған сулықтың екі шеті қарындашпен сызылады;

  • Қызыл түсті жіпті инеге сабақтайды, жіптің ұшын түю ескертіледі;

  • Балаларға инені дұрыс ұстауға бағыт беріледі;

  • Көктеу тігісін орындайды;

  • Екінші түрлі жіпті инеге сабақтап, ұшын түйіп алады;

  • Инені тігістің ең шеткі бөлігінен астынан үстіне қарай өткізіп алады;

  • Ине мен жіпті бір тігіс үстінен өткізіп, екіншісін келесі тігіске өткізіп кезектестіріп, жасыл жіпті жүргізіп шығады.

Сулықтағы кестенің тігісі, айшықтылығы балаларға қалай әсер қалдырды, сол туралы айтылып, еңбек нәтижелеріне баға беріліп, дайындалған сулықты жолдастарына, әже – апаларына, аналарына сыйға тартуға немесе ас мәзірін дайындағанда дастарқан басына жиналғандарға ұсынуға болатындығы айтылады.




Өзін-өзі бағалау-түзету

(Рефлекстік -коррекциялық)









Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Болу керек:

Үйрену керек:

29 – сабақ. Құрастыру.

Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Қажетсіз заттардан мысық, күшік бейнесін құрастыру.

Мақсаты: жіп орауыш пен әртүрлі қажетсіз заттарды пайдаланып, күшік пен мысық бейнесін жасауды үйрету; дене бөліктерін желімнің көмегімен біріктіруді үйрену, балалардың ой – қиялын дамыту; жан – жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар мен материалдар: әліппе – дәптер, дайын жұыс үлгілері, желім, қылқалам, түрлі түсті қатырмақағаз, фломастер, жай қарындаш.

Әдіс – тәсілдер: шарғы мен қатырмақағазды пайдаланып, ойыншықтардың жасалу жолдарын түсіндіру, үлгіні талдау.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: үй жануарлары жайында ертегі оқу.(«Күшік пен мысық»)

Билингвальдық компоненттер:

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Ұйымдастырушылық-оятушылық



1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Адал жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректі,

Сөздің бәрі ақ тілек.


Мұғаліммен бірге өлеңді қайталау, қимылмен көрсету.

Ұйымдасушылық-ізденушілік


.

Балалар (6-8) шағын топпен топтасып отырады. Ортаға дәретхана қағазының ортасындағы түтік, түрлі түсті қатырмақағаз, жай қарындаш, желім, қайшы, т.б. қойылады. Ойыншық үлгіге талдау жасалады. Мысалы: күшіктің денесі – түтіктен, басы, аяғы, құйрығы – қатырмақағаздан жасалады. Көзі, тұмсығын фломастер немесе қарындашпен жасау ұсынылады. Жұмыстың орындалу реті:



  • Қатырмақағаздан тіктөртбұрыш қиып алып, ортасынан екіге бүктейді;

  • Тіктөртбұрыштың жоғарғы бұрыштарын дөңгелектеп қияды;

  • Аяғын шығарып алу үшін тіктөртбұрыштың төмен жағынан ойып алады;

  • Құйрығын сызып, қиып алады;

  • Басын дөңгелектеп қағаздан қиып алып, көзін, мұрнын, т.б. ұсақ бөлшектерін фломастермен сызады;

  • Құлағын қиып жапсырады;

  • Басын алдыңғы аяғының жоғарғы жағына желімдейді;

  • Артқы, алдыңғы аяқтарын түтікке біріктіріп жапсырады;

  • Құйрығын қиып алып, артқы аяғының жоғарғы бөлігіне желімдейді;

  • Кейбір балаларға жеке нұсқау беріліп, көмек көрсетіледі;

  • Дайын болған жұмыстардың сапасы анықталып, балалармен бірге талдау жасалады;

  • Мысық, күшік туралы өздері білетін ертегі, өлең – тақпақтар айту ұсынылады.

Үй жануарларына қамқорлық туралы айтылып, сабақ қорытындыланады. «Күшік пен мысық» ойынын ойнатуға болады.

30- сабақ. Қол еңбегі.

Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Ине шанышқыш тігу.

Мақсаты: балаларға матаның ішіне паролон салып, ине шанышқыш жасауды үйрету, тігін құралдарын қолдана білу дағдыларын арттыру; «шеттік» тігіспен бөлшектерді біріктіре білуге үйрету; өздері орындаған жұмыстарының нәтижесіне қанағаттану сезімдерін ояту.

Әдіс – тәсілдер: паролонның қасиеті туралы әңгімелеу, саусақ гимнастикасы, ине шанышқыштың орындалу ретін көрсету.

Қажетті құралдар мен материалдар: әртүрлі паролон губкалар, мата қиықтары, қайшы, ине, жіп, тігіс үлгілері, әліппе – дәптер.

Сабақтың барысы:

Педагог балалардан: «Өздерің жақсы көретін адамдарға сыйлық жасағыларың келе ме?» - деп сұрайды. Балалардың пікірін тыңдағаннан кейін, жұмбақ жасырады:

Жылт – жылт етеді,

Жүгіріп кетеді. (Ине)


Мен инемін, инемін,

Қамқорымын түйменің.

Түйме түссе, қадаймын,

Жыртық көрсем жамаймын. (Ине)

Ине өте үшкір, әрі жіңішке, жерге түссе көрінбейді, табылмай қалуы мүмкін. Сондықтан біз оны шаншып қоятын «ине шанышқыш» жасап анамызға, әжемізге немесе әпкемізге сыйлайық. Ине шанышқышты қол еңбегі сабағында инемен жұмыс істегенде өздерің пайдалануларыңа да болады. Алдымен саусақ жаттығуларын жасап алайық.

Басбармағым – атам,

Балаң үйрек – әжем,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкене бөбек – ол мен.

Жаттығудан соң ине шанышқыштардың әртүрлі үлгі суреттерін көрсетіп, талдау жасалынады (көбелек, гүл, үй, алма, алмұрт, балық, қолтырауын, кірпі, үйрек және т.б.). «Қандай пішіндегі ине шанышқыш ұнады? Олардың пішіні, түсі қандай? Бұлар қандай материалдардан жасалған деп ойлайсыңдар?» Өздеріне үлгіні таңдау ұсынылады және кез келген түстегі паролонды таңдайды.

Педагог инемен, қайшымен жұмыс істеу ережесін еске түсіреді, үлгіқалыпты пайдалану тәсілін түсіндіреді. Шаршы пішінді екі матаға таңдап алған бейненің үлгіқалыбын қойып, бастырып алады. Сызық бойынан сәл үлкендеу қиып алады. Үлгіқалыпты паролонның үстіне қойып та бастырып алады. Қиып алынған поролон екі матаның ортасына салынады. Екі мата бөлшегін бір – бірімен «шеттік» тігіс арқылы біріктіреді. Ілгішті екі матаның арасына салып, тігіп жібереді. Паролон болмаған жағдайда, екі мата бөлшегін біріктіріп тігіп алғаннан кейін, біраз жерін тікпей ашық қалдырып, сол жерден ішіне мақта салып, толтырады.






Өзін-өзі бағалау-түзету

(Рефлекстік -коррекциялық)



Жұмысты орындау барысында балалар жұмысына бақылау және басшылық жасалады, көмек көрсетіледі, жеке жұмыс жүргізіледі.





Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Болу керек:

Үйрену керек:


31 – сабақ. Құрастыру.

Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Сым темірден қуыршақ жасау.

Мақсаты: балаларды сым темірдің сапасымен, түрлерімен таныстыру; сымтемірді таяқшаға орап, шиыршық дайындауды, бөлшектерді біріктіруді, ойыншық жасауды үйрету; балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру.

Қажетті құралдар мен материалдар: ұзындығы әртүрлі сырты қапталған сым темірлер, темірден жасаған ойыншық үлгілері, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, әліппе – дәптер.
Билингвальдық компоненттер:

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Ұйымдастырушылық-оятушылық



1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Адал жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректі,

Сөздің бәрі ақ тілек.


Мұғаліммен бірге өлеңді қайталау, қимылмен көрсету.

Ұйымдасушылық-ізденушілік

«Балалар, бүгінгі сабақта бұрын өздерің қолданып көрмеген заттермен жұмыс жасаймыз. Міне, мынадай сым темірлер», - деп, педагог сырты қапталған темірді көрсетеді. Балалардың қолдарына бермес бұрын оның сапасы жайында айтып береді. Жұмсақ, иілгіш, сырты қапталған, ішінде жұмсақ темір, тегіс, жылтыр, т.б. Бұл сым темірді орауға, бүктеуге, қайшымен қиюға болады. Әліппе – дәптердегі үлгінің жасалу реті талданады.

Бұдан кейін педагог сым темірден жасалған ойыншықтар суретін пайдаланып, балалардың қызығушылығын арттырады. Үлгі ойыншықтарды көрсетіп, талдау жасайды. Бұлардың бәрінің дене бөліктері шиыршықталған сым темірлерден жасалған, ал басы түрлі түсті қатырмақағаздан қиып алынған.

Сым темірмен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін түсіндіру:



  • Сым темірдің ұшын өзіңнің немесе қасыңдағы адамның көзіне жақындатпа;

  • Сым темірді ауызға салуға болмайды;

  • Сым темірді қолыңды жарақаттап алмай, ұқыпты пайдалан;

  • Жұмыс аяқталған соң, сым темірді орнына қой.

Педагог: Бүгін сым темірден қуыршақтар жасаймыз. Ол үшін алдымен сым темірді шиыршықтап бұрауды үйренеміз. Қолымызға қарындашты алып, сым темірді қарындашқа айналдырып орймыз. Қарындашты сол қолға ұстап, сым темірдің бір ұшын сұқ саусақпен басып ұстап тұрамыз, оң қолмен сым темірді қарындашқа айналдыра ораймыз.

Педагог сым темірді шиыршықтау тәсілін көрсетеді. Балалардың сым темірді дұрыс ұстауын қадағалау керек. Сымды қарындашқа біркелкі, тегіс ораған дұрыс. Содан соң сымды қарындаштан жайлап шығарып алып, шиыршықты созады. Шиыршықтан қолы мен аяғын ұзындау, ал денесін қысқа етіп қайшымен қиып алады. Қайшымен ұқыпты жұмыс істеу ескертіледі.

Қиылған дене бөліктерін бір – біріне бұрап біріктіруді педагогтың көрсетуімен орындайды. Аяқ – қолдарын жоғары көтеріп немесе төмен түсіріп тұрғанын балалар қалауы бойынша бейнелейді. Кейбір балаларға сым темірді бұрау, біріктіріп бекітуде көмек көрсетіледі. Іс – әрекеттің шығармашылық сипат алуына бағыт беріледі.

Қуыршақтың денесі дайын болғаннан кейін, оны толықтыру жұмысы жүргізіледі. Басы екі дөңгелек қатырмақағаздан жасалады. Бет әлпетнің суретін фломастермен салып, желім жағып, сым темірдің ұшын желім жағылған екі дөңгелектің ортасына қойып, бөлшектерді жақсылап қысып жапсырады.






Өзін-өзі бағалау-түзету

(Рефлекстік -коррекциялық)



Дайындалған қуыршақтарға құрастыру материалдарынан үй құрастырып, сабақ ойын іс – әрекетіне жалғасады.





Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Болу керек:

Үйрену керек:

32 – сабақ. Қол еңбегі.

Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Ағашпен жұмыс.

Мақсаты: мектеп шеберханасына саяхат жасап, балаларды ағашпен жұмыс жасау жолдарымен таныстыру; ағаштан жасалған бұйымдарды қарау; балғамен, арамен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіру; қажетті құрал – жабдықтар жайында түсініктерін қалыптастырып, адамдардың еңбегін құрметтеуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар мен материалдар: мектептегі шеберхана жабдықтары.

Әдіс – тәсілдер: мектеп шеберханасына саяхат, әңгімелеу, түсіндіру, «Орман – біздің байлығымыз» тақырыбында әңгімелесу, бақылау, т.б.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: саяхатқа дайындық жасау.

Педагог алдын ала еңбек сабағының мұғалімімен мектеп шеберханасына жүргізілетін саяхат жұмысын жоспарлайды. Дайындық әңгіме жүргізіледі. Педагог саяхаттың мақсатын түсіндіріп, шеберханада өздерін дұрыс ұстап, қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндіреді. « Орман – біздің байлығымыз», «Ағаштан не жасалады?» тақырыптарында әңгімелеседі.



Билингвальдық компоненттер:

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Ұйымдастырушылық-оятушылық



1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Адал жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректі,

Сөздің бәрі ақ тілек.


Мұғаліммен бірге өлеңді қайталау, қимылмен көрсету.

Ұйымдасушылық-ізденушілік




Саяхатты жүргізу:

Педагог шеберханаға келгеннен кейін, саяхаттың мақсатын тағы бір рет еске түсіріп, қауіпсіздік ережесін қайталайды, шеберхананы қарау ретімен таныстырады. Содан соң балалар еңбек пәнінің мұғалімімен танысып, танысуды бастайды.

Қысқаша түсіндірулерден кейін, балалар өз беттерінше бақылай бастайды. Мұғалім балалардың назарын шеберхананың іші жарық екеніне, балалардың үстел үстіндегі верстакпен ағаш өңдеу жұмысымен айналысып жатқанына аударады. Ағашты орманнан әкелетінін айтады. Ағаш қатты болады, одан жиһаз, әртүрлі заттар жасауға болады. Ағаштан ойыншықтар да жасауға болады. Әртүрлі заттар жасауға арналған өңделген тақтайшалардың бір – бірінен пішіні және өлшемі жағынан айырмашылығы болады. Материалдардың қайда сақталатынын көрсетеді: бір сөреде жіңішке тақтайшалар, екіншісінде кесек ағаштар, үшіншісінде қалыңдығы әртүрлі тақтайшалар жатыр.

Содан соң мұғалім балаларды шкафтың жанына шақырып, ағашпен жұмысқа қажетті құралдармен таныстырады: ара, балға, тістеуік, біз, егеу, пышақ, т.б. Құралдардың не үшін қолданылатынын түсіндіреді. Араныңң көмегімен ағашты әртүрлі өлшемде кесуге болады, балға және шегемен бөліктерді біріктіреді, тақтайшаларды мықты ұстау үшін, қиюластырады. Араланған орынды егеумен тегістейді, дұрыс қағылмаған шегені тістеуікпен суырып алады.

Содан соң балалар ағаштан жасалған ойыншықтар тұрған сөреге келеді. Мұғалім балалардан қандай ойыншық жасағылары келетінін сұрайды.

.




Өзін-өзі бағалау-түзету

(Рефлекстік -коррекциялық)



Балалар шеберханадағы үлкен балалардың еңбек әрекетіне бақылау жасап, әрі көмек көрсетіп, өздері көргендерін топ бөлмесіне келгенде жолдастарына, үйлерінде ата – аналарына айтып береді




Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Болу керек:

Үйрену керек:



Каталог: uploads -> doc -> 06e7
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06e7 -> Сабақтың тақырыбы: Ел рәміздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет