Сабақ реті 14 Пәні физика Сынып 11 Күні


Айнымалы электр өрісі құйынды магнит өрісін тудырады



бет2/4
Дата24.05.2017
өлшемі236,94 Kb.
#16852
түріСабақ
1   2   3   4

Айнымалы электр өрісі құйынды магнит өрісін тудырады.

Электр өрісінің кернеулігі артқанда пайда болатын магнит өрісінің индукция векторы векторымен оң бұранда жасайды.

Керісінше , электр өрісінің кернеулігі кемігенде магнит индукциясының векторы векторымен сол бұранда жасайды.




Электрмагниттік өріс-материяның ерекше бір түрі, электр және магнит өрістерінің жиынтығы.

Егер заряд жылдамдығы нөлге тең болса, тек электр өрісі пайда болады.

Заряд жылдамдығы тұрақты болса, электромагниттік өріс пайда болады.

Заряд үдемелі қозғалса, электромагниттік толқын шығарылады.



Айнымалы электромагниттік өріс тербелістерінің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын деп атайды.


Суретте құйынды электр және магнит өрістерінің ұйытқуының таралу процесі көрсетілген.

Электромагниттік өріс кеңістіктің барлық бағытында 300000000 м/с жылдамдықпен электромагниттік толқын түрінде таралады.




Жарық - электромагниттік толқын.

Бірдей фазада тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы электромагниттік толқын ұзындығын береді.



Электромагниттік толқын көлденең толқын.



Электромагниттік толқын электр зарядтарының үдемелі қозғалысынан туындайды.1887-1888 жылдар аралығында Г.Герц электромагниттік толқындардың бар екендігін эксперимент жүзінде дәлелдеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет