Электрондардың энергиясын сипаттайтын бүтін сан n бас квант саны деп аталады. Ол электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің нөміріне тең. Бірінші энергетикалық деңгейдің электрондарының энергиясы аз, олар ядроға күшті тартылады. Келесі деңгейлердің электрондары үлкендеу энергия қорларымен сипатталады, олар ядромен әлсіздеу байланысқан. Сыртқы деңгейдің электрондары ядроға тым әлсіздеу тартылатыны анық.
Атомдағы энергетикалық деңгейлердің саны элемент орналасқан периодтың нөміріне тең: І период атомдарында – бір энергетикалық деңгей, ІІ периодта – екі, ІІІ периодта – үш және т.с.с. Энергетикалық деңгейдегі электрондардың максимал саны (V периодқа дейін) мынадай формуламен анықталады:
мұндағы N – электрон саны, ал n – деңгей нөмірі немесе бас квант саны.
Осы теңдеуге сәйкес, 1-энергетикалық деңгейде екі электрон: 2-де – 8,3-де – 18, 4-де – 32 электрон бола алады.