Мұғалімнің толықтыруы
1.Берілген тақырыпты кітаппен өз бетінше оқу - 2.3 ( 55-56) жоспар бойынша:
Оқу және айтып беру:
1. Корпускулалық екі жақты қасиеті.
2. Орбиталь. Энергетикалық деңгейлер.
3. Бас квант саны.
4.Қорытынды.
Мұғалімнің толықтыруы.
Атомның орбитальдарының мөлшері әр түрлі. Электрон ядроға неғұрлым күшті тартылса, яғни ядромен неғұрлым берік байланысса, соғұрлым орбиталь мөлшері азаюы керек. Мөлшері жуық орбитальдардан электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер қалыптасады. Энергетикалық деңгейлерді ядродан қашықтығына қарай нөмірлейді: 1,2,3,4,5,6,7. Кейде оларды сәйкесінше әріптермен белгілейді: K, L, M, N, O, P, Q. (2.4 сурет).
Электрондардың энергия қоры және ядро өрісіндегі олардың қозғалысының сипаты – атомдағы процестерді сипаттайтын, математикалық теңдеулерді шешкенде шығатын кванттық сандармен анықталады.
|