М.Әуезов: «Үлкен алдында жас қарызы, Ата алдында бала қарызы – әдеп пен сый».
3-тапсырма: Ақын Төлеген Айбергеновтің «Ана» өлеңін оқып, өз аналарыңызға деген сүйіспеншіліктеріңіз туралы айтып беріңіздер.
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем? Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жол ның қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әркез сенен туғанымды есіме алсам, тоқта ман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білем ін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көр генде. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойын дағы алғашқы адамгерші лік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарымқа тынаста, мәдениетті лікті тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы – өте қажетті, басқадай ешнәр семен өзгертуге (ауыстыруға) бол майтын баспалдақ. Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуаны шқа толы болуы да соған байланысты. Қазақ отбасында арнай жазылып бекітілмеген «заңдары» – әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, ата мен келін нің, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары әрқайсысы әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі.