Қазақ әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары I тоқсан Бөлім: Атадан қалған асыл сөз 19-сабақ Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау «Әй, Абылай, Абылай»
Оқу мақсаты: 9.1.3.1-көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау.
Бағалау критерийі: көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды.
Сабақ барысы:
1-тапсырма «Кейіпкер» әдісі. «Әй, Абылай, Абылай» өлеңін оқып, «Кейіпкер» әдісі бойынша кестені толтырыңыз.
2-тапсырмаТарихтағы Абылай бейнесі мен жырдағы Абылай бейнесі қандай? Не істеді? деген сұрақтарды негізге ала отырып, жан-жақты ашып талдаңыз.
3-тапсырма Толғауда Абылай ханның қандай қасиеттері көрінеді? Абылайға мінездеме беріңіздер.
Кері байланыс:орындаған тапсырманы мұғалімнің электронды поштасына немесе WhatsApp мобильді қосымшасына жібереді.
Әзірлеуші: Сагимова Гулнур Кузтаевна, №148 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім Басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.