ЖАРЫС САБАҚ Сабақтың тақырыбы: Сутек, қышқылдар, тұздар 8 СЫНЫП
Қазіргі таңда бүкіл адамзат қоғамының XXI ғасыр алғы шебіне, ғылыми – техникалық прогресс пен өркениетті даму кезеңіне бет бұрған уақыт деп есептейміз. Себебі көптеген жаңа ақпараттар ағымы, жаңалықтар бала санасына әсер етпеуі мүмкін емес. Осындай қоғамға лайықты жеке тұлғаны қалыптастыру үшін сапалы білім мен саналы тәрбие қажет. Біздің Отанымыз Қазақстан өркениетті дамыған ел қатарына қосылу үшін ұрпақ біліміне басты назар аудару, баланың ашылмаған қабілетін ашу, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, т.б қырларының жандануына ықпал жасау үшін жаңа инновациялық технологияны қолдануымыз қажет.
Соның ішінде пәнге тиімді әдісті ғана таңдаған жөн. Мысалы, «Сутек, қышқылдар, тұздар» тақырыбын оқушыларға игерту мақсатында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» педагогикалық технологиясын қолдандым.
Соның ішінде пәнге тиімді әдісті ғана таңдаған жөн. Мысалы, «Сутек, қышқылдар, тұздар» тақырыбын оқушыларға игерту мақсатында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» педагогикалық технологиясын қолдандым.
Оқушылардың білімін тексеру, дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілген «Сутек. Қышқылдар. Тұздар» тақырыбындағы қайталау сабағында өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың «Сутегі, қышқылдар, тұздар» тарауы бойынша алған білім – білік дағдыларын қалыптастыруда әр-түрлі бақылау түрлерін қолдана отырып, жүйелеп қорыту.
Дамытушылығы: Оқушыларды үлестірмелі сұрақтар арқылы әр оқушы өзара жұмыс жасауына, дұрыс нақты жауап беруін, графикалық тест, дидактикалық тапсырмалар, эстафеталық есептер шығару, алған білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушы білімдерін халықтың педагогикасымен ұштастыра отырып, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Бақылау түрлері:
I кезең – “Ширату”
II кезең – “Химиялық домино”
III кезең – “Химиялық сөзжұмбақ”
IVкезең – “Қызықты тәжірибе”
V кезең – “Сіз білесіз бе? ”
VI кезең – “Графикалық тест”
(Халықтық педагогика)
1. Ширату кезеңі
№1 үлестірме
№1 үлестірме
1. Сутегінің таңбасы мен химиялық формуласын жазып, олардың нені білдіретінін айтып беріңіздер. Сутегін ашқан ғалым кім? Қай жылы ашты? Сутегінің (қ.ж) қандай көлемі бөлінеді?
№2 үлестірме
Сутегінің физикалық, химиялық қасиеті қандай? Оған тән үш химиялық теңдеулерін жазыңдар.
Нөмірленген 2 ыдыста 2 түссіз сұйық берілген. Қышқылдың қай ыдыста екенін анықтаңдар.
«Х және О» ойыны. Торкөзде берілген қосылыстардың ішінен қышқылдарды тауып, «Х» белгісін, қышқыл еместерге «О» деген қойыңыздар.
Берілген таңбалардан қышқылдардың формуласын құрастырыңдар: H2, O4, P, C, N, O3, H 3.
2 кезең - «Химиялық домино»
2 кезең - «Химиялық домино»
Су H2O
Сөндірілмеген әк CaO
Сутек оксиді H2O
Көмірқышқыл газы CO2
Шыны SiO2
Сөндірілген әк Ca(OH)2
Ас тұзы NaCI
Ас содасы NaHCO3
Кір жуғыш сода Na2CO3
Марганцовка KMnO4
3 кезең – «Химиялық сөзжұмбақ»
4 кезең – “Қызықты тәжірибе”
1-тәжірибе. Мыс сульфатының көгілдір ерітіндісіне темір шегені батырса, біраз уақыт өткенде ерітіндінің түсі жасылданып, шегенің бетіне қызғылт сары мыс қонғаны байқалады:
қорытынды шығарып, реакция теңдеуін жаз.
2- тәжірибе. Суда еріген сілтілер индикаторлардың түсін өзгертеді. Калий гидроксидін сіңірген ақ гүлді, ерітіндіге салатын болсақ , біраздан соң таңқурай түсті гүлге айналады себебі неде?
5 кезең – «Сіз білесіз бе?»
1. Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,
Кім бар ортада оны білмес. (натрий хлориді)
2. бұл тұзды ауыз суда йод болмаса, оны ас тұзына қосады. Үйде тұз қорапшасының зат қарасаңдар, “Иодталған тұз” деген жазуды көрген боларсыңдар. Бұл қандай тұз? (калий иодиді)
3. Үйдегі дәрі қорапшасында жүйке жүйесін тыныштандыратын дәріні көрген боларсыңдар, оның құрамында қандай қосылыс бар. (натрий бромиді)
4. адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылатын тұз. (натрий хлориді)