Сабақ саны: лекция, семинар, лаборатор. СӨЗ, обсөЖ


Сонымен шариаттың жалпы жүйесі төмендегіше



бет4/5
Дата10.11.2016
өлшемі0,86 Mb.
#1454
1   2   3   4   5

Сонымен шариаттың жалпы жүйесі төмендегіше




Шариат



Кәлам Фикһ

Таухид; Набууат; Ғибадат; Айқаат;


Адалат; Шиад; Ақудат; Ақкам

Фикһ ілімінің жоғарыда аталған төрт бөлігі жинақталып екі бөлікке бөлінеді:



  1. бөлімде “Ғибадат” деген отпен сенім жайлы оқытудың практикалық жолдары қарастырылады.

  2. Бөлімде 3- кітаптан тұратын азаматтық құқықтану мәселелері.

Сонымен шариат – мұсылмандардың барлық іс-әрекеттерін реттеп отырады. Сондай-ақ ол мұсылмандардың мінез құлығына, ойлау образына да әсер етеді. Осыған байланысты 4-элементті қамтиды:



    1. Исламның діни нормалары.

    2. Мұсылмандардың мораль этикасы.

    3. Абадат (негізгі діни міндеттер), мұсылмандардың Алла- тағала мен ара – қатынастарын реттейтін нормалар.

    4. Му, амалат – бұл мұсылмандардың өзара және мұсылман еместермен ара қатынастарының ережелері.

Мұсылман заңгерлері мұсылман құрамындағы нормаларды бірнеше топтарға бөледі:

  1. Құран және сунна заңдары:

  2. Басқа қайнар көздерге сүйене отырып қалыптасқан ислам құқықтарының доктринасы;

Құранда 6000-нан астам салттар бар. Олардың тек қана 500 жуығы мұсылмандардың ара қатынастарында қолданылатын тәртіптер болса, ал 150 жуығы кейінгі діни міндеттер мен тәртіптері.

Мұсылман заңгерлерінің пікірінше МҚ тәртіп ережелердің жалпы нормаларын бекіткен, ал қалған мәселелерге мұсылмандардың өздеріне бағдар (болжам) алуына мүмкіншілік болады.

Мұхаммед пайғамбар жаңа ҚҚ емес, адамдардың өмір сүруі үшін жаңа тәртіп шығарды. Осы тәртіп арқылы мұсылмандар өмірдің әр түрлі жағдайларында қалай іс-әрекет ету керек екендігін біледі.

Уақыт талабына сай қоғамдық қатынастарды құран мен сунна арқылы реттеу мүмкіншіліктері болмай қалды. Сол себептен VІІІ-ғасырда осы мәселелерді шешу мақсатында мұсылман Құқықтарының мектептерін салушы заңгерлер қолға ала бастады. Біртіндеп келе көптеген МҚ нормалары Құран мен Суннаны доктриналық талқылау нәтижесінде пайда болды. ҚҚ нормаларының негізгі бөлігін мұсылман заңгерлері Алла тарапынан деп есептеп, оларды мәңгілік және өзгеріске ұшырамайды деп қарастырады.

Мұндай тұжырым ислам заңгерлеріне нақты шешімдер мен шешіліп қойылған мәселелерге (белгілі шешімдерге) тиіспей жаңа (мәселелерді) ережелерді қалыптастырып, Мұсылман құқығының нормативтік мазмұнын ашуға итермеледі.



Әдебиеттер
1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай

  1. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

  2. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

  3. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  4. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.

  5. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000


Тақырып: 6

Мұсылман құқығының қайнар көздері.
Жоспар:


  1. Құран, оның құрылымы мен қайнар көз ретінде ерекшелігі.

  2. Хадис, оның түрлері мен қайнар көзі ретінде ерекшелігі.

  3. Адилля иттихад, оның түрлері.

  4. Ислам заңдарының жиынтығының бөлімдері.

  5. Фикһ, пәтуә мағыналары.

Мұсылман құқығының қайнар көздері екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа - құран және сунна, ал екінші топқа адилля иттихад жатады. Құран мен сунна негізгі заң, олар жалпы құқықтық шығармашылық процессінде негізгі бағыт сілтеуші болып табылады.

Мұсылман заңгерлері Құранды қасиетті кітап деп, оны халықаралық құқықтардың және ішкі құқықтың басты қайнар көзіне жатқызады. Сол себептен құран барлық жағдайлар үшін алты шарт, мұсылман өмірінің негізі болып табылады. Құран сүрелері Меккелік және Мединелік болып бөлінеді.

Құран мұсылмандардың ең басты қасиетті кітабы, Мұхамедтің 610-632 аралығындағы 23-жыл бойы әр кезде, кейбір мәселелерге байланысты Мекке мен Мединеде «ғұндар» түрінде келіп түскен.

Құран сүрелері көлемі жағынан әр қилы (3-тен 286 сотқа дейін) 114 сүреден тұрады.

«Құран» араб сөзі болып – «оқу, дауыстап айту» деген мағына береді. Пайғамбарға бірінші сот «рамадан» айында түскендіктен, осы ай ораза айы болып белгіленеді. Діни тұрғыдан алғанда Құранның мақсаты; ерте заманда арабтар арасында тараған пұтқа табынушылықты түбірімен діни ғұрыптарын, жол – жораларын қалыптастыру, сол секілді оқу деңгейлердің дініне қарсы тұру.

Саяси тұрғыдан алғанда -Құран арқылы жаңа ақиқат дінді таратып, жалғыз Аллаға ғана құлшылық қылуды, рухани және азаматтық құқықтарды біріктіре отырып мұсылмандарды мойынсындыру. Құран Мұхаметтің тірі перзенті топталып жинақталмаған. Халиф Оспан тұсында Құранды кітап етіп құрастыру жұмысы қолға алынып, бұл жұмысты арнайы құрылған топқа жүктеген еді. Осы топтың құрамында Зәйд ибн Сәбит болды. Ол Құранды қатесіз, қабылда деп түп нұсқасын сақтай отырып, өз қолымен 4 дана етіп көшіріп шықты. Сонымен Құран бірнеше дана етіліп көшіріліп, Ислам елдерінің басты қалаларына жіберілді. Бұл оқиға һижраның 30-жылдары, миледише 650-жылдары еді.

Құранның біркелкі түсінігін қамтамасыз ету үшін тафсир (құрандық талқылау) дәстүрлі енгізілген.

Сунна - МҚ-ның басты қайнар көздерінің бірі. Араб тілінен аударғанда сунна сөзі «үлгі, жол, ғұрып» деген мағына береді. Сунна мұсылмандарға үлгі ретінде, адам мен қоғам өміріндегі бүкіл мәселені шешудің қайнар көзі реттінде ұсынылатын Мұхамедтің өмірінен алынған мысалдар.

Сунна – Мұхамедтің іс – қимылдарынан, оның айтқандарынан және мақұлдағандарынан құралған.

Суннаны Құраннан кейінгі екінші орында үлгі тұтатын, оны исламның барлық ағымдары құрылым тұтады. Сунна жолымен жүру – мұсылман тіршілігінің басты мазмұны деп есептеледі. Оны үйрену- мұсылмандық діни білім алудың маңызды құрамдас. Бөлігі, оны білу - феких беделін, оның иман болуға деген Құқығының жеңудің ең басты белгілерінің бірі.

Мұхаммед қайтыс болғаннан кейін Сунна қауым мен халифаттың өміріндегі көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Оның бірден зор мағынаға ие болғаны сондықтан.


Факих – білімді, діншіл заңгер деген мағына береді. Құран сөзінің белгілері.

Суннанның негізгі - хадистердің жиынтығы болып табылады. Мұхаммедтің айтқан сөздері мен іс -әрекеттерінің жиынтығы - хадисті құрайды. ХІІІ-ІХ ғасырға дейін хадистер ауызша тарихталып келді.

Сунниттер төмендегі дін өкілдері хадистерінің жиынтығын мойындайды: аль-Бухари, Муалим, Абу – Дауд, ат-Тирзими, ан Насан, ибн Маджа (ІХ-ғасыр).
Құран мен сунна Мұсылман құқығының басты (негізгі) қайнар көздері болса, иджтихад қосымша (екінші дәрежелі) қайнар көзі ретінде танылады. Мұсылман қоғамының басшысы немесе судья туындап отырған жағдайға басқа алатын тиісті норманы Құраннан таппаса, онда олар суннаға негізделетін (қарастырылатын) еді; егер суннаданда қажетті норма табылмаса, онда олар Құран мен сунна логикасы негізінде жеке өздерінің шешімдерін шығаратын. Құқықтық және ішкі құқықтың қайнар көзіне айналатын немесе иджтихадқа айналатын.

Әдебиеттер
1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай

2. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

3. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

4. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж

5.Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.


  1. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  2. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  3. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

9. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

Тақырып: 7

Мұсылман құқық мектептері.
Жоспар:


  1. Мұсылман құқығының мектептері.

  2. Мұсылман мектептерінің негізгі бағыттары: сунна және шина олардың негізгі ерекшеліктері.

  3. Х- ғасырдағы сунна бағытының мектептері.

  4. Маликит және ханифит мектептері

  5. Ханбалит және шафиит мектептері.

Әрбір мұсылман құқығы мектекптері мұсылман ғалымдарының өздерінің “Аллах” сөзінің құқық идеяларын қалай түсінуі арқылы, барлық ислам мектептері ең ірі елі мектепке негізделеді.

Суминнар мен шимиттер арасындағы ең басты айырмашылық жоғары өкіметтің (биліктің) қатынасуы мен қызметі етуінде жатыр. Сумилер Әлиден кейінгі оның әулиеттеріне имамдық (билік) берілуін қолдамайды. Сухмилер тек алғашқы ( 4- халифаны ) имам деп танидыда , ал тұқым қуалап имам болу дәстүрін мақұлдамайды, тек көпшілік жамағат имамды өздері сайлайды дейді.

Шиматтар болса билік басына тек әли тұқымдарынан сайлануы тиіс деп тұжырымдайды, ал алғашқы үш халифа да, кейінгі болған баху Умми және баху Аббастықтар да билікті “заңды Әли ұрпақтарынан” тартып алған деп санайды.

Сонымен қатар шимиттер басты сумиттер мұсылман құқығының қайнар көзіне жатқызбайды.

Х – ғасырда суннит бағыты төмендегідей мектептерге бөлінеді: 1) Маликит; 2) Ханифит; 3) Ханбалит; 4) Шафиит ;

--3-

Маликит мектебін 713-795 жылдары өмір сүрген Малип ибн Анас негізін қалады. Малипиттер есімі, оның негізін қалаушы осы кісінің атымен аталып, оның жолын қуушылар.



Малипизм Мединеде дүниеге келіп, Араб елінде, Мысырға, Солтүстік Африка мен Андалусияға тез тарап кетті. Мәліпшілер Анестың “ Әл – Муватта ” атты еңбегі мен оған жасалған түсіндірмелерде жатыр.

Мәлік ибн Анас белгілі хадис жинаушы болған. Оның “ Әл- Муветте ” еңбегінде хадистер жиынтығын бір жүйеге келтіріп, сондай-ақ сот шешімдері мен сахабалардың заңи сипаттағы сұрақтарына берген жауаптарын қамтыды. Осы еңбегінің мазмұны иджмеға негізделеді.

Мәлік ибн Анастың шәкірттері Аль- Джунди ( “аль-Мухасар” еңбегінің авторы), Аль- Кайревойн (“ Ариселя” еңбегінің авторы) ж.т.б. – да шәкірттері өздерінің шешімдерін тек қана құранмен Суннара негіздеді. Сонымен қатар олар пиосқа ( ұқсастығына) сүйенбейді.

Суниттік мектептердің ең алғашқысын салушы Абу Ханифа Ибн Сабит

( 699- 767) болған.

Мұсылмандар оны имам аль- Ағзам ( ұлы имам) деп атаған. Осы кісінің есімінің негізінде ханифиттік мектеп қалыптасты. Ол Мұсылман құқығының негізгі бастауларына құранмен суннены, сондай-ақ иджма мен пиястыда жатқызды.

Бұл мектептің ең басты ерекшелігі ( жергілікті жағдайды ескере отырып) құқық шығармашылыққа және сот ісінде жергілікті жағдайды ескере отыру.

Халифиттік мектептің негізін, оның қалыптастырушының еңбектерін қамтиды: Олар: “аль- Фип аль- акпар”, “Аль- Алим ва аль- мутаалим”


Ханифат ғылымы негізінде мұсылман заңгерлері іс- әрекет етуіне кең өріс алды. Бұл бір жағынан тиімді болса, ал 2-ші жағынан алғанда елеулі қауіпі де бар. Бұл мектеп Египет, Иордания, Сирия, Турция, Пакистан, Ауғаныстан мемлекеттерінде кеңінен тараған.

** 4**


Мухаммед ибн Идрис али- Шефии өзінің жеке мектебін қалыптастырды. Бұл мектеп оның есімімен “шафистіп” мектеп деп аталады. Оның қалыптастырған құқық жүйесі Малик ибн Ананың және Абу Ханифаның қалыптастырған құқық жүйелерінің ортасымен (арасымен)
Әдебиеттер


  1. М.А. Сарсембаев “ Мус.прево” А.99

  2. А.А. Абдулин ж.т.б. “ Ислам энцил- сы” 95

  3. Н. Өсерұлы “ Шариат” А. 1996 ж.

4. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж

5.Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.



  1. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  2. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  3. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

9. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 19
Тақырып: 8

Ислам және отбасы құқығы.

Жоспар:


  1. Отбасы құқығы құқық саласы ретітнде түсінігі, оның реттейтін салалары.

  2. Некеге тұру шарттары

  3. Некенің бұзылу шарттары.

  4. Неке заңындағы “мухала” немесе “хал” сөздерінің түсінігі.

  5. “Идда” мағынасы, оның құқықтық реттелуі.

Мұсылман құқығында жеке адамдардың құқықтық жағдайын отбасылық қатынастар реттейді. Ислам отбасы құқығына мирас, өсиет, кейбір сиға тартудың кейбір түрлерін, қамқорлық мәселелерін регламенттейтін нормалары жатады.

ХІХ-ғасырдың соңында жеке адамдардың құқықтық жағдайын реттейтін құқық мұсылман құқығы нормаларын кодификациялау процесімен қатар дамыды.

1869-1876 ж. Қабылданған “маджарлар” заң актісі көптеген араб мемлекеттерінде қолданылды. Ол құқық әрекеті және оны шектеу мәселелерін реттеді.

Египеттің ірі ғылыми және мемлекеттік қайраткері Мұхаммед Кедри Паше (1821-1888) “Жеке статуттың шариат нормалары” атты еңбегінде ханифиттік ережелер жинағын жасап шығарды. “Жеке статут” термині осы еңбектің арқасында қолданысқа енді.

Мұсылман құқығының отбасы құқығында түбегейлі өзгеріс 1917 жылы қабылданған. Осман империясының отбасы заңы жасады. Бұл осы саланың алғашқы кодификацияланған құжаты еді. 157 баптан тұратын бұл заң неке және ажырасу мәселелерін өз ішінде қамтыды.

Осман империясы жойылғаннан кейін бұл заң көптеген араб мемлекеттерінде қолданылды. Мысалы: ирак, Сирияда ХХ-ғасырдың 50 жылдарына дейін, Ливанда 1927 ж дейін, ал Иорданияда жаңа заңмен ауыстырылғанша қолданылды.

Мұсылман мемлекеттерінде отбасы құқығы әрекет ету үрдісіне байланысты әр түрлі реттеледі. Мысалы; Египет, Судан мемлекеттерінде отбасылық құқықтық қатынас арнайы нормативтік актілермен реттеледі Египеттің заңында неке, ажырасу және семьяны бағу мәселелерінің кейбіреулерін қамтиды.


Неке – отбасы құқығындағы ең басты институттардың бірі болып табылады. Барлық мұсылман мемлекеттерінің отбасы заңдары некені екі жақты шарт деп есептейді. Бұл шарт бойынша әйел ер кісінің заңды жұбайына айналады.
Сирия заңының бірінші бабы, Иордания заңының 2-ші бабы бойынша неке шартын құрудың басты мақсаты болып, жанұя құру және үрім бұтағын жалғастыру делінеді. Ал, Ирак заңына сәйкес неке шартының тізілуі кәмелетке жеткен, ақыл ойы бүтін адамдардың қатысуымен V-ды деп көрсетілген.

Көптеген араб мемлекеттерінің заңына сай неке шарты жазбаша формада болады және ол арнайы құзырлы органда тіркелуі қажет. Егер неке шарты осы органда жасалмаса, онда белгілі ( мүмкіншілік болған) уақыт ішінде осы органға тіркелуі шарт. (Сирия заңы 40 бап)


Ирак заңы бойынша некенің тоқтатылуы жәй ғана жұбайлардың өзара келісуі арқылы болады.

Көптеген араб мемлекеттерінде некенің тоқтатылуы сот шешімі арқылы болады. Ирак, Сирия, Иорданияда осындай арызбен (ажырасу туралы) жұбайлардың екеуі де шағымдана алады. Ал Египет, Ливанда мұндай құқық тек қана әйеліне берілген. Мұндай сот шешіміне дәлелді себептер негіз болу керек, олар ауру, жұбайының физикалық жетіспеушілігі (кемістігі)

Некенің бұзылуы жайлы әйел сотқа шағымдана алады егер күйеуі психикалық ауруға шалдықса немесе ауруына байланысты жынысты қатынасқа қабілеті болмаса. Осындай құқықты Иордания заңы ер кісіге де берген, егер әйелі қатты ауру болып немесе әйелінің жыныстық мүшесі кемтар болса.

Бұдан басқа сот шешімімен әйелдің разы негізінде некенің тоқтатылуы мүмкін. Егер күйеуінің жүрген жері белгілі болса, бірақ ол белгілі бір себептерсіз 1-2 жыл әйелімен бірге тұрмаса. Осындай құқықпен әйелі, егер күйеуі үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айрылған болса некені бұза алады. Мұндай да әйелі бір жылдан кейін ажыраса алады.


Әдебиеттер.
1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай

  1. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

  2. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

  3. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  4. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.

  5. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  6. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  7. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

9. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

Тақырып: 9

Мұсылман азаматтық құқық
Жоспар:


  1. Мұсылман құқығындағы “Меншік” түсінігі, оның құқықтық реттелуі.

  2. “Даман” қағидасының түсінігі.

  3. Азаматтық құқықтық келісім шарттардың классификациясы.

Мұсылман құқығы адамдардың өз мүліктеріне шексіз иелік және билік етуді мойындайды. Осы туралы шариғат өз көзқарастарына ие оның коммунизм және социализмнен айырмашылығы; ол жеке меншікті жоққа да шығармайды. Екінші бір жағынан ол адамдарға өз меншіктерін өздері қалағанша пайдалануда және иелік етуде толық бостандық бермейді.

Шариат бойынша барлық меншік Алла тағаланікі, соның жаратқаны болып саналады, ал жеке дара меншік иелері болса, оның сенімді адамдары болып, тек қана Алла, көрсеткен заңмен ғана пайдалануға, қаржыландыруға және бір-біріне беруге міндетті.

Сонымен қатар шариат барлық байлықтың жеке адамдардың немесе белгілі бір топтың қолында болуына қарсы. Бұған негіз болатын Құранның 59/7 –да делінген: Алланың бергені тек қана байлардың арасында айналып жүруі керек” делінген.

Қазіргі таңда исламда талқылаушылар жеке меншікті – қоғамның экономикалық дамуының негізі деп есептеледі. Жәнеде осылай істей отырып, мемлекеттің шаруашылық қатынастарға шеттен тыс қамқорлық жасауына қарсы шығады.

Сол себептен мұсылман өз жеке меншігін қоғам мүддесіне пайдалану үшін оны сақтаулы және көбейтуі қажет. Міне осыдан келіп исламның ең қажетті принципі қалыптасады. Бұл принцип бойынша қуатты қуатты адамдар өз байлығының белгілі бір бөлігін қоғамның жартылай, экономикалық және әлеуметтік - мәдени дамуы мақсатында болуын міндеттейді.

Құранда жеке меншік жайлы төмендегі аяттарды келтіруге болады.


  • Әке – шеше және жақындардың қалдырған нәрселерін еркектерге де және әйелдерге де үлесі бар.

  • Әй, мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рухсат алмайынша әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер (24/27)

  • 4/3 Әке – шеше және жақындарының қалдырған нәрселерінің әрқайсысына мүрагер қылдық. Сондай-ақ сендер серт байлағандарға сыбағасын беріңбер.

Құранда айтылғандай әрбір мұсылман аш-жалаңаштар үшін мал – мүлкінен берілетін салықты зекет дейді.

Зекет беруші: ақыл есі бүтін, кәмелетке жеткен, азат және өз мал мүлкіне иелік ететін адам болуы тиіс. Зекетке берілетін мал адал еңбекппен табылған болуы тиіс. Зекет дінді бай есептелетін әр-әйел үшін парыз. Ол жылына бір рет малының бір бөлімін береді. Зекеті берілетін мал – мүлік 11-ай бойы өз меншігінде болуы тиіс Ол:

Астықтың – 1/10; түйеден: 5 түйе басы; қойдан –1/40; 30 өгізден 1-бұзау т.б. Зекетке берілетін мал мүлкі, семіз болуы тиіс.


Мұсылман құқық мектептері меншік институттарын негізгі институт деп таниды, бірақ ол туралы түсінік әр түрлі. Бұл әсіресе вакфті құқықтық реттеуде көрінеді.

Вакф – дегеніміз мүліктерді қайрымдылық және діни мақсаттарға пайдалану үшін айналымнан алу. Мұнда мүлік вакф меншігі болу үшін мүлік кімге аталған болса, соған іс жүзінде берілгенде болады.

Ханифиттік мектеп бойынша тек қана вакф болып қозғалмайтын мүлік жатады. Ал, шафиттік мектеп бойынша вакф меншігі болып, кез келген мүлік бола алады.

Мүлікті вакфқа заңмен рұқсат етілген мақсаттарға жұмсалса. Өз мүлкін вакфқа берген тұлға ол мүлікке меншік құқығын жоғалтады.

Немесе жазбаша берген сәттен бастап вакфтің құқықтық жағдайы реттеледі.

Вакфті беруші тұлға осы мүлікті жеке өз басына немесе отбасы мүшелеріне беруге тыйым салынады. Мұндай мүлік бөтен адамның пайдасына берілуі керек.

Шиттің және шафиттік мектептері валтқа кез келген мүлікті жатқызады. Вакфтан салық өндірілмейді. Көптеген мұсылман елдерінде вакф әлі күнге дейін сақталуды.
Әдебиеттер
1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай


  1. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

  2. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

  3. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  4. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.

  5. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  6. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  7. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

9. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

Тақырып: 10
Құқық бұзушылықтың түсінігі мен классификациясы
Жоспар:


  1. Ислам діні бойынша құқық бұзушылықтың түсінігі және сипаттамасы.

  2. Құқық бұзушылықтың классификациясы.

  3. “Хадд” құқық бұзушылықтар.

  4. “Кисас”, “Кавад” және “Дия” құқық бұзушылықтар

Адамзат тарихына көз салсақ, ықылым заманнан бері дінсіз өмір сүрмегенін байқаймыз. Адам және тұлға ретінде де, қоғамдық тұрғыдан да дінге мұқтаж. Өйткені дінге деген сенім оның табиғаты мен жаратылысында бар. Туа біткен қасиет. Дін – оның мына қалтарыс – бұлтарысы мың сан қабат ғұмырында арқа сүйер тірегі, сарқырап аққан өмір - өзендегі қайығының діттеген мақсатына апарар ескегі мен жөн көрсетер темірқазығы.

Жеті қабаттан тұратын ғаламат әлемге бір сәт көз салайықшы! Неткен ғажап жаратылған?! Қандай тіл жетпес жүйе құрылған?! Осы әлемде адамнан басқа әрбір жаратылыс өз қызметін қалтқысыз атқарып, тыныс тіршілігін жасауда. Алдын - ала келісіп қойғандай бірігіп, жұмыла кірісіп, әлемнің тепе-теңдігін сақтап, жағдай жасап, соған бағынуда. Ал адам баласы осынау жеті қабат әлем өзіне бағынса да, бақытты емес. Ол ұзақ уақыт бойы ойланып, бұл ғұмырға неге келгенін, қайда баратынын таба алмауда. Мына әлемнің өзіне не үшін бағынатынын, өзінің кім екенін ұға алмай жүр. Кейде ол өзінің дүниедегі жалғыз ақыл иесі екенін аңғарса да, жақсы ғұмыр сүре алмай жүр. Құс екеш құстың ұясы қараған жанды тамсандырса, адам баспанасын әзер салуда.

Адам - әлемде бірден-бір саналы жан. Бірақ зор тауқыметті де сол санадан көрді. Өйткені санасы өзін қашан да сұрақ қойып мазаласа да, бірақ жауап бере алмайтын.

Әлемдегі әркімнің өз қызметі мен мақсаты бар. Бәрінің мақсаты - адамға қызмет ету. Бірақ адам баласының мақсаты не болмақ? Әсіресе оның жанын қатты қинайтыны өлім. Өлімді ойлай бастағанда жүрегінің терең түкпіріндегі мәңгілік өмірге деген сезім, бейне бір жанартаудай атқылап, тұла бойын өртейді. Ол саналы бола тұрып, көбінесе жақсы мен жаманды айыра алмауда. Бүгін жақсы дегені ертең жаман, ал жаман дегені, жақсы болып шығуда. Жанын ең қатты қинағаны, ақыл иесі бола тұра, қауқарсыз, әлжуаздығы. Кейде жауыннан қашып, жапырақты тасалаған көгершінге көзі түсіп, бұл да ғұмырдың зардабынан қашып, құдіретті бір күшті паналап, бой жасырғысы келеді. Әлемнің жалғыз Жаратушысы бар екендігін тапса да, оны тани алмауда.

Адам баласының хал-күйі осылай. Сондықтан ол шеше алмаған жұмбақтың жауабын діннен ғана табады. Ол дін илаһи (құдайлық) болуы керек. Яғни, дін - өзі мен жалпы жаратылысты жоқтан жаратқан Ұлы Жаратушыдан келуі ләзім. Өйткені адамның бақытты өмір сүру жолдары Ұлы Жаратушыға ғана аян. Әркім өзінің жасағанын жақсы білмек. Сол секілді адам да өзін-өзі жасамағаны белгілі. Өзіне қызмет еткен табиғат- әлемде жасауы мүмкін емес. Ендеше оны жаратылыстан тыс біреу жаратқан. Ұлы Жаратушы. Олай болс, адамға не керек екенін, қайдан келгенін, қайда баратынын және бойындағы шексіз сезімдер мен қабілеттерді қалай пайдалану керектігін де бір Аллаһ Тағала ғана біледі. Өйткені Ол – Жаратушы. Аса қадірлі қонағына арнап жеті қабат сарай салып шақырған Сол. Жер – жүзін үлкен дастарқан етіп, оны жүз мыңнан астам тәтті тағамдармен толтырылып, қонағына дәм таттырған


Адам баласы қашанда дінге зәру. Осы иләһи хабардан қалып қойған әрбір адам жаратылысындағы қажеттілікті өзге жасанды діни-сенімдермен толтырады. Дінсіз бұл күнге дейін қоғам, яки жеке тұлға кездескен жоқ. Ұлы Жаратушыға сенбеген адам, әйтеуір бір нәрсені өзіне медет тұтады. Ол ағаш, тас, ай, күн тіпті өзінің нәпсісі болуы мүмкін. Бірақ ақиқат бір-ақ нәрсе. Ол – Ұлы Жаратушыға бас имеген жанның сансыз пұттарға бас июі. Атеистік те жалған дін. Құдайсыздар алдымен аталмыш идеяны жасандарға, содан кейін нәпсісіне табынады. Ібіліс те әуелде Ұлы Жаратушыға мойын ұсынып, содан бері өз нәпсісіне табынумен келеді.

Адам өмірі - күрес. Ол мұнда өмірдің жал-жал толқындарын бұзып- жарып, өзінің кім екендігін көрсету үшін келген. Бірақ ол кейде көксеген мұратына жету жолында қатты шаршап – шалдығып, алдағы үміт отын сөндіру қаупіне ұшырап, өзінің қауқарсыздығын аңғарады. Алдынан қамалап тосқауылдар шыққанда қашан да көмек көрсететін Ұлы Жаратушыға құл болып, иман еткен жан ғана үмітін жоғалтпай алға басып, көкірегін дауылға қарсы тосып, Ұлы Иесінің мұны бір сәтте тастамайтынына бек сенеді. Ол өзі көтере алатын ауыр сын арқылы жақын достығын анықтап жатқанын біледі.

Адамзат өмірге келген мақсаты екі нәрседен тұрады: Аллаһ Тағала иман етіп, берген мол берекесіне шүкірлік етіп, алғыс айту. Сосын Аллаһ Тағала қасиетті хадисте былай дейді: “ Мен бір құпия қазына едім. Танысын деп әлемді жараттым”. Әлем – Оның сипаттарының айнасы. Ал - адам дара айна. Сондықтан адамның мақсаты- Аллаһ Тағаланың күллі сипаттарын танып, оны әлемге паш ету.

Бұл екеуі ғибадатты құрайды.

Адам дінсіз өмір сүре алмайды. Сол діннің қайнар көзі илаһи болуы ләзім. Шынайы дін ғана адамды нұрға бөлейді. Жалған дін жүректі қараңғылықтың қара шәлісімен тұншықтырады. Сөз түйіні, нағыз дін – ақыл иелерін өз еріктерімен ізгілік пен туралыққа жеткізетін иләһи заңдар жиынтығы.

Әдебиеттер.
1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай


  1. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

  2. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

  3. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  4. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.

  5. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  6. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  7. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

  8. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

  9. “Ислам ғылымхалы” Мұхиддин Исаұлы, Қайрат Жолдыбайұлы Алматы 2003.



Тақырып: 11

Мұсылман қылмыс құқығы.
Жоспар:


  1. Мұсылман құқығының ХV-ғасырға дейінгі доктрикасы.

  2. Мұсылман құқығына ХІХ-ғасырдың 2-ші жартысында енгізілген өзгерістер.

  3. “Тазир” құқық бұзушылық

  4. Өлім жазасы.

Құқық бұзушылық, яғни қылмыс теориясының негізі мұсылмандар үшін Алланың әмірі болып есептеді. Себебі қылмыстық ой, қасаханалық немесе абайсызда болған іс-әрекет, жалпы осы қылмыс туралы туған пікірдің өзі Алланың ісі деп негізделеді. Сонымен бірге қылмыс туралы құрандағы, тағы басқа да қосымша жазылымдағы текстер өте кең көлеме түсіріледі. Сол себептен мұсылмандар өзін-өзі басқару, өз іс әрекетіне баға беру, өз тәлім тәрбиесін алып жүрудің варианттары бар. Осыған байланысты мұсылмандар көптеген іс-әрекеттері қылмыс болып табылғанда шариатқа қарсы болып табылады. Ал, мұның өзі исламның негізгі қажеттілігін қорғайды. Мысалы: Дінді мұсылман адамдардың өмірін, меншікті және т.б. Мұсылман заңгерлері адамдар жағынан қолданылатын жазадан басқа Алланың жазасы бар деп есептелді. Қылмыс тек мұсылман нормасын ғана бұзу емес, сонымен бірге ол діни күнә болып та есептеледі. Ал күнәхар адам Алланың қаһарына шалынады делінеді.

Ислам заңгерлері қылмысты екі критериге бөледі.


  1. Бұзылған құқықтың маңызы:

  2. Жазаның түрі және оның ауырлық дәрежесі. Осыған сүйене отырып барлқ қылмысты үш топқа бөлеміз: 1) Алланың құқығына қарсы қылынған қылмыстар. 2) Анық, тура жаза белгіленген қылмыстар: 3) Жазасы оның көрсетілмеген қылмыстар. 1-ші топтағы қылмыстар, бұл тек Алланың құқығына қарсы қаратылған қылмыс қана болмастан, бұл қылмыстар жалпы мұсылмандардың қоғамына қаратылған болып та есептеледі, бұл қылмысқа нақты жаза көрсетіледі.

Бұл “Хадд” – деп аталады. 2-топтағы қылмысқа жататын қылмыстарда қисас кавад немесе дия деп атаймызү

3-топтағы қылмыстарды ислам құқығы тазир деп деп атайды.

Бұл қылмыс үшін анық жаза белгіленбеген. Бірақ бұл аталған қылмысқа өте жеңіл жаза белгіленеді деген пікір емес. Бұл қылмыс ерекшелігі қылмыстар мұсылманның жеке мүддесіне бағытталған. Хадд деген термин арқылы біз бұл қылмыс Алла құқығына қарсы бағытталған қылмыс үшін анық жаза көрген.
Ислам спиртті ішімдіктерді ішуді үзілді, кесілді құп көрсейді сол себептен оны қатаң шектейді, себебі арақ-шарап ақыл-ойды тұмандандырып, ұлайтады. Ал, бұл Аллаға ислам нанымының туралығына күмән келтіреді. Құранды бұл қылыққа анық жаза көрсетілмесе де, суннда анық жаза жазылған. Пайғамбарымыз ішімдікке қарап бұл үшін адам тәніне дүре соғуды көрсеткен. Егер де мұсылман осы қылықты төрт рет қайталаса, оны өлім жазасына да кесу мүмкін. Кейінен халиф Омар ішімдік ішуді тоқтату мақсатында 80 рет дүре соғуды белгіледі. Дәлел, айғақ куәгерлердің көрсетпесі немесе қылмыскердің өзі мойндауы болып табылады Егер спиртті ішімдікті абайсызда ішсе немесе зорлап ішкізілсе, онда жауапкершілік туындамайды.

Некесіз жыныстық қатынаста болу.

Бұл қылмыс мұсылманның мораль адамгершілігіне қарсы бағытталған қылмыс болып табылады. Ол отбасының бұзылуына әкеледі. Құранда бұл қылмысқа арналған аяттар өте көп. Сол себептен бұл қылмыс үшін өте қатаң жаза қолданылады. Мұны дәлелдеу үшін 4 куәгер көрсетпе беру керек. Ал, егер ол жалған көрсетпе берсе, онда ол куәгердіәң өзі жазаланады.

Ұрлық үшін анық жаза көрсетілген. Құранда мұндай қылмыс үшін ұрының қолын кесу керек деп жазылған. Мұндай жазаның қолданылуы, меншік деген ұғымды. Қылмыскер әрекетке қабілетті деп танылғанда бұл жаза қолданылады. Бұдан басқа қолданылған, ұрланған мүлік ұрлықтан қауіпсіздендірілген болуы да қажет. Қылмыскердің қолын кесу үшін ұрланған мүлік бірнеше талаптарға жауап беруі керек. Яғни оның белгілі бір құны болуы шарт. Мұсылман ұғымы мен мұсылман түсінігіне сай базарда ол мүліктің өтімді құны болуы тиіс.

Ислам дінін сату, яғни өз дініне қиянат жасау бұл үшін өлім жазасы белгіленген. Егерде қылмыскер өз күнәсін мойындап, кешіруді сұраса өлім жазасы қолданылмауы да мүмкін.

Қарақшылық аса қауіпті қылмыс болып, бұл үшін өлім жазасы белгіленген.

Кісі өлтіру. Бұл қылмыс үшін де өлім жазасы көрсетілген. Себебі бұл қылмыс мұсылман қоғамына тікелей қарсы бағытталған болып есептеледі.

Егерде қылмыскер үкімет жағынан ұсталса және кінәсін мойындамаса ол кешірілуіде мүмкін. Өлтірілген адамның мұрагерлері қылмыскердің өлтіруін талап етуі мүмкін. Мұнда әлеуметтік және субь – тивті қасиеттеріде тура келуі керек. Яғни өлтірілген кісімен өлтірілген адам тең болуы керек: дүниетанымы, жынысы әлеуметтік танымы. Құранда бұл туралы еркін адам үшін ерікті адамды, құл үшін құлды, әйел үшін әйелді жазалау керек делінген.

Қылмыстық құқық нормаларына сай тазир дейміз құранмен суннада тазир бірнеше жағдайларда қолданылады. Мысалы; Зекат (төлемеуі) қарыз төлемегені үшін намаз оқымағаны үшін, ораза тұтпаған жағдайларда т.б.
Әдебиеттер.
1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай

2.Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.



  1. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

  2. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  3. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.

  4. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  5. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  6. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

  1. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

  2. “Ислам ғылымхалы” Мұхиддин Исаұлы, Қайрат Жолдыбайұлы Алматы 2003


Тақырып: 12
Мұсылман заңдарындағы дәлелдеу теориясы.

Жоспар:


  1. Мұсылман заңдарындағы кінәсіздік презумциясы мен заң алдындағы теңдік принципі.

  2. Судьялар шешімдері және оның басшылыққа алатын негіздері.

  3. Куәгерлерге қойылатын негізгі талаптар.

  4. Айыпкердің өзінің қылмыс жасағанын мойындауы.

Ислам заңдарында барлық адамдардың заң алдында теңдігі қағидасы қолданылады. Мысалы: Лаписен Конституциясының 5-бабында былай делінген:

“Барлық адамдар заң алдында тең және тең негізде заң мен қорғана алады”. Сондай-ақ ислам заңдарына сәйкес кез келген адам қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады.

Айыпталушының кінәсіздік презумпциясы мұсылман құқығының дәлелдеу жүйесінің негізгі принципі болып саналады. Және Контитуцияда бекітілген. Бұл қылмыс фактісін және оның нақты адаммен істелгенін дәлелдеу талап қылушыға (арызданушыға) жүктеледі. Осы ереже Құранның төмендегі аятына негізделеді: Егерде кім өзінің айыптауын дәлелдеу үшін төрт куәгерді келтірмесе, онда оған 80 рет дүре соғыңдар”

Мұхаммед пайғамбар былай деген: дәлелдеудің ауыртпалығы айыптаушыға түседі, ал айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуде ант берсе болғаны.

Судья шешім шығаруда дәлелдеудің қайсы түріне сүйену керектігі жайлы ислам заңгерлерінің арасында әр түрлі пікір бар.

1. Шафиттік, ханафиттік және ханболиттік заңгерлері куәгерлердің көрсетпелері дәлелдеуге жеткілікті болады деп есептелінеді. Бұған себеп Құранда көп жағдайда осындай куәлердің көрсетпелері негізгі дәлелдер болуы керек.

2. Ал, бірқатар басқа заңгерлер (Ибн Тайлимя, Ибн ал – Каиум және Иб ал –Тарс) дәлелдеу үшін куәгерлердің көрсетпелері шектелмеуі керек. Олардың пікірінше шындыққа жету үшін Аллах және пайғамбар “дәлелдеу” түсінігінде барлық құралдарды есепке алған деп санайды. Осыған байланысты айыптаушы өзінің айыбының дұрыстығын дәлелдеу үшін қажетті нәрсенің барлығын көрсету тиіс.

Жоғарыдағы бірінші көзқарастағы тараптары - “азаматтық істерде қосымша дәлелдеулерді пайдалануға болады, ал қылмыстық істтерде айыпкердің мойындауымен және куәгерлердің көрсетпелерімен шектеледі” дейді.
Азаматтық және жалпы құқық бойынша сот шешімі куәгерлердің көрсетпелері немесе құжаттарға негізделіп дәлелденеді. Бұл судьяның жеке білімімен және пайымдануына негізделіп шешім шығаруына жол берілмейді.

Бірқатар ислам заңгерлердің пікірінше судья шындықпен әділдікке жету үшін алдын ала алынған (кездейсоқ немесе әдейі) мәліметтерге сүйеніп шешім шығаруын қолдайды.

Осы мәселеге байланысты ислам заңгерлерінің көзқарастары үшке бөлінеді:


  1. Судьяға сот ісіне тиісті емес мәліметтерді пайдалануға тыйым салынады.

  2. Судьяға азаматтық немесе қылмыстық істерді қарағанда алдын ала алынған мәліметтерге сүйенуге (негізделуге) рұқсат ету.

  3. Судьяға Құранды көрсетілген арнайы қылмыстарға ғана алдын ала алынған мәліметтерге негізделіп шешім шығаруға тыйым салу;

Сонымен қатар жұбайлардың опасыздық (көзіне шөп салу) мәселесі бойынша да судьялардың жеке өздерінің пайымдауы бойынша шешім шығаруға тыйым салынады. Мұндайда айыптаушы тағылған күнәнің барлығына жоққа шығарса, судья оған айып таға алмайды.

Тағылған айыпқа негіз болу үшін “ дәлел” төмендегі шарттарға сай болуы қажет.


  1. Ақиқат және анық болуы қажет. Бұл шарт, егер айыпталушы айыпты мойындағанда да сәйкес болуы керек.

  2. Дәлелдердің сенімділігі сот үкімі шыққанға дейін күшін қозғалтпауы керек. Егер куәгер мойындаудан бас тартса немесе айыпталушы мойындаудан бас тартса, онда дәлелде, сот шешімі де сенімді болмайды.

  3. Дәлелдерді жеткізу - кейінге қалдырылған немесе кешіктірілген болмауы керек. Ондай болса ол күдікті болып қалады. Мұндай шарттың сақталмауы дәлелді жарамсыз деп тануға негіз болады.

Ислам заңгерлері дәлелдің кешіктірілуі заң деп есептеуде төмендегі көзқарастар бар:

1) 1-ай; 2) 6-ай; 3) 2-айға байланысты судьяның өзі шешім мерзімін белгілей алады.

Бұл мерзімдерді Құранда көрсетілген негізгі қылмыстардың барлығына қолданады. Бірақ маскүнемдіктен басқасын.

Ислам сот ісінде куәгердің сөзі (жауабы) “Куәлік етемін” деп бастап өзінің куәгер болғанын және өз көзімен көргенін айтуы шарт. Куәгерге, куәлік беру үшін зорлық көрсетуге болмайды, бірақ себепсіз куәлік беруден бастарту. Діни міндетті бұзу делінген.




Әдебиеттер.
1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай

2. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

3. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.


  1. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  2. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000

  3. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  4. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  5. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

9. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998


Тақырып: 13

Мұсылман елдеріндегі шарттар құқығы.
Жоспар:


  1. Мұсылман елдеріндегі шарттар құқығының халықаралық құқықпен ара қатынасы.

  2. Шарттардың сипаттамасы мен түрлері.

  3. Юфид және хилф келісім шарттары.

  4. Муссанадах және муаваддах шарттары.

Мұсылмандық құқығындағы жеке статус институттары отбасылық қатынастарды реттейді. Ислам діні отбасылық құқыққа қамқорлыққа алу, мұра иелену, мұра қалдыру және берілудің кейбір түрлері сияқты мәселелерді мәлімдейтін нормаларды жатқызады. Жеке статус құқығы ХІХ-ғасырдың аяғында мұсылмандық құқық нормаларын кодификациялау процесімен бірге дамыды. 1869-1876 жылдарда қабылданған, көптеген араб елдерінде күшке ие болған Маджалла заң шығару акті құқық қабілеті және оның шектеулері мәселелерін реттеді. Ұлы мысыр ғалымы және мемлекеттік қызметкері Мұхаммед Кадри Паше (1821-1888 жылдары) «Жеке статут бойынша шариат нормалары» атты мұсылмандық құқықтық ханифиттік түсініктемедегі реттемелер тізімін құрастырды. «Жеке статут» термині дәл осы еңбек арқылы айналымға енгізілді. Отбасылық құқықтағы бұрылыс пункті құқық саласында қарастыратын алғашқы кодификацияланған құжатқа айналған, 1917 жылы Осман империясында отбасылық заңның қабылдануы болды. 157 баптан тұратын заң неке және ажырасу мәселелерін толық түрде мәлімдеді. Оның бастамасы негізінде ханифиттік түсініктемедегі қорытындылар болды.

Некеге тұру институты отбасылық құқықтағы ең басты институт екендігі белгілі. Іс жүзінде барлық мұсылман елдеріндегі отбасылық заң шығару орындары некеге тұруды, нәтижесінде әйелдің белгілі ер кісінің заңды әйелі саналатын екі жақты келісім – шарт ретінде қарастырады. Сирия заңының – 1-бабы, Иордания заңының 2-бабы, некелесу келісім – шартының мақсаты отбасын құру және ұрпақ жалғастыру екендігін анықтайды. Ирак заңы, некелесу келісім шартының екі кәмелетке толған және ақыл есі бүтін адамдардың қатысуымен жүргізілуі тиістілігін бекітеді.

Араб елдерінің көпшілігі өз заңдарында, әдетте білікті мемлекеттік органдарда тіркелетін некелесу келісім – шартының жазбаша түрін бекітті. Егер неке осы органнан тыс жерде тіркелсе, онда ол осы орган арқылы белгілі мерзім аралығында тіркелуі тиіс.


Иордания заң шығару орнында жас айырмасы үлкен болған жағдайында некелескенде ерекше ережелер белгіленген. Иордания заңы бойынша, егер күйеу жігіт қалыңдығынан 20 жастан көбірек үлкен әрі, қалыңдық 18 жасқа толмаған жағдайда, сот мұндай келісім- шартты, әйелдің өзі тұрмыс құруға өз еркімен келіссе және мұндай некеден пайда пайда табатындығы сенімді болса, бекіте алады. Заң шығару орнында мұндай шектеулер болмаса да, сот, бір-біріне жас жағынан сәйкессіз және ұйғарылған некеде мағына болмаған жағдайда, некелесуге рұқсат бермеуіне болады.


Әдебиеттер.
1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай

2. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

3. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.


  1. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  2. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000

  3. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  4. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  5. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

9. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

Тақырып: 14

Ислам және дипломатия.

Жоспар:


  1. Құран дипломатиялық қатынастар жөнінде.

  2. “Дипломатиялық қатынастар туралы” Вена Конвенсиясымен (18.04.1961) мұсылман елдерінің ара қатынасы.

  3. Елшілердің артықша құқықтары мен иммуниттетері.

Мұсылман халықтары мен мемлекеттері ежелден өздерінің елшілік қатынастарын елшілердің тиіспеушілік, әдеп – ғұрып нормаларын қалыптастырған. Бұл елшілік ғұрыптар мұсылман құқығымен араласып, дамып, дүние жүзінің аймақтарында елшілік құқықтықтың қалыптасуына өз үлесін қосты.

Алдыңғы тақырыптарда талқылағанымыздай Құранның сүрелері мен аяқтарынан пайда болатын талаптар әрбір мұсылманға міндетті, сондай-ақ ол талаптар өз мемлекетінің атынан дипломатиялық жұмыстарда істейтіндергеде тиісті.

Мұсылман елдерінің елшілері өз қызметтерінде құран нормаларын басшылыққа алады. Олар өз жұмыстарында Алла рахымын алу үшін дұрыс, жұмыстар істеуге тырысады. Мұсылман елдерінде келешек дипломаттарды “ сыпайлылыққа”, “қарапайымдылыққа” жүретеді. Ол үшін Құранның 31 сүресінің 17 аятына басты назар аударады:

Расында Алла (көкіректікті) мақтаншақтықты жақсы көрмейді.

Мұсылман елшілерін әділдікке, шындыққа тәрбиелейді. Бұған Құранның келесі ережесі негіз болады (39 сүре 5 аят); Расында, егер кім өтірікші болса, онда Алла оны тура жолға бастамайды.

Мұсылман құқығы елшілердің жасырын кездесулерін жоққа шығармайды, бірақ мұндай кездесулер басқа мемлекетке қарсы сөз байласу болмауы керек. Мұндайда мұсылмандар төмендегі Құранның 58-сүресінің 9-аятын басшылыққа алады: “Әй мүміндер! Егер сыбырлассаңдар күнә, дұшпандық және Пайғамбарға қарсылық жайында сыбырласпаңдар.

Мұсылман дипломаттары өз қызметтерінде дауласушы тараптарды ымыраға келтіруге тиіс, сондай-ақ өзара дауласушы мұсылман мемлекеттерін де достыққа шақыруы керек. Мұндайда Құранның 49-сүресінің 9,10 аяттары негіз болады: “Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереу араларын жарастырыңдар. Егер екі жақтың бірі екіншісіне өктемдік жасаса, бас тартқан жақпен Алланың әміріне қайтқандарына дейін соғысыңдар. Егер қайтса араларын әділдікпен жарастырыңдар туралық істеңдер. Расында Алла туралық істеушілерді жақсы көреді. Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын қарастырыңдар”

Мұсылман елшілері өз қызметтерінде тек қана өздері емес, сондай-ақ серіктерінде (партнер) әділдік пен шындықты талап етеді. Бұл Құранның 33-сүресінің 1-аятынан келіп шығады “Аллаға ақуалық істе де көпірлер мен мұнафиқтарға бағынба.

Түзілген шарттарға сенімділік (әділдік) мұсылман дипломатияларының абыройының қатарына жатады. Құран ол туралы былай делінген: келісім шарттарыңды адал орындаңдар, себебі келісім шарттарыңды адал орындаңдар, себебі келісім шарттар жайлы сұралады” Бұл қазіргі таңда дүние жүзі дипломатиясы басшылыққа алатын ежелгі латын – принципіне салды.

Мұсылман мемлекеттерінің дипломаттары бөтен мемлекетте жүргенде, сондай- ақ мұсылман мемлекеттері өзіне оккредитацияланған мемлекеттердің дипломаттарын қабылдағанда мұсылман әлемі мен мұсылман емес аймақтар бір-бірін терең түсіну үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Бұған Құранның 49 сүресінің 13 аяты негіз болады: “Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерге ұлттар, рулар қылдық”.

Иран мұсылман мемлекеті мұсылман және мұсылман емес мемлекеттермен әрдайым дұрыс дипломатиялық қатынаста болуға ұмтылған. Иранның дипломатиялық тарихында Росияның Персиядағы дипломатиялық өкілдіктің басшысы А.С. Грибоедовтың өлімі мен байланысты қайғылы оқиға болған.

А.С. Грибоедов ондағы арменияның 3-азаматшасының өтініші бойынша оларды отанына жіберуге жәрдем көрсетпекші болған. Оларды өз миссияларына артына жасырмақ болған.

Иран мемлекеті Ресейге өтініш білдіріп, өздерінің шетел дипломатиялық өкілдерінің имунитет нормаларын дәлелдеу ретінде, Ресей үкіметіне Каджарлар диностасияның қазынасының үлкендігі жағынан 3-ші орын алатын әйгілі “шах” алмазын сыйға береді.

- Көптеген әдебиеттерде дипломатиялық құқықты коньсулдік құқықпен 1-тақырыпта біріктіріп қарастырады. Әрине олардың арасында ұқсастық бар: Елші мен консул әріптес болғандықтан бір ведомствада жұмыс істейді. Екеуіде жеңілдіктермен иммунитеттерді пайдаланады, сондай-ақ екеуі де мемлекеттің сыртқы қатынас органдарында жұмыс атқарады.

Олардың өзара айырмашылықтары төмендегілер:



      • - Елші саяси фигура. Ол оккредитациядан өткен мемлекеттің барлық жерінде өз мемлекетінің мүддесін қорғайды. Ки консуль берген мемлекеттің барлық масштабында жұмыс істемейді. Консул барған бір мемлекеттің бір бөлігінде (аймағында), Консульдік округ шегінде жұмыс атқарады.

      • Егер елші жалпы саяси мәселелерді шешсе, ал консул экономикалық және құқықтық қызмет көрсету функциясын орындайды.

Жалпы дипломатиялық құқықты түсіну үшін сыртқы саясаттың және дипломатияның түсінігін білу керек.

Сыртқы саясат - бұл халықаралық аренада мемлекеттердің өз мүддесін қорғайтын іс әрекеттері.

Дипломатия – бұл мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыратын сыртқы қатынастарды реттейтін органдардың жұмысы.

Дипломатиялық құқық – сыртқы байланыстар жасайтын мемлекеттік органдардың мәртебесі мен қызметтерін, яғни ресми мемлекетаралық қарым қатынастарды жүзеге асыруды реттейтін нормалар.

Халықаралық қатынаста екі жақты және көп жақты дипломатия болады. Оған себебі екі жақты және көп жақты шарттардың және конвенциялардың болуы.



Дипломатиялық өкілдік - бұл мемлекеттің шетелдегі елшісі басқаратын сыртқы қатынас органы.
Мұсылман мемлекеттерінің барлығы дерлік 18-сәуір 1961 жылдардағы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенсиясының мүшесі болып табылады. Мұсылман мемлекеттерінің көпшілігі осы конвенцияны дайындауға да атсалысқан.

Жоғарыдағы конвенцияда жазылғандай мұсылман мемлекеттері өздерінің дипломатиялық өкілдіктерін аккредитациялау үшін оккредитациялайтын мемлекеттен алдын ала келісімін сұрайды.. Қабылдаушы мемлекеттің шенеуніктерінде осы немесе басқа да дипломатиялық өкілді кері шақыру туралы өтініш беруге құқылы, сондай-ақ себептерін дәлелдеу немесе көрсетпеулеріне де болады.




Әдебиеттер.
1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай

  1. Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.

  2. “Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.

  3. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.

  4. Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.

  5. М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000

  6. “Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988

  7. “Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.

9. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998

Тақырып: 15

Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық ұйымдары.
Жоспар:

  1. Халықаралық ұйымдар, олардың классификациясы.

  2. Ислам конференция ұйымы.

  3. Ислам даму банкі, оның құрылу мақсаты.

  4. Үкіметтік емес ислам ұйымдары.

Түрлі мәліметтерге қарағанда жер бетінде түрлі бағытта 3000-нан 4000-ға дейін халықаралық ұйымдар жұмыс істейді. Олардың негізгі бөлігін жеке тұлғалармен кәсіптік, спорттық, діни және басқада сипаттағы үкіметтік мес ұйымдар құрайды. Үкіметтік емес ұйымдар жеке және ұжымдық мүшелікке ие бола алады, ал үкіметаралық ұйымдарға тек қана мемлекет мүше бола алады. Сол үшін халықаралық құқықтың субьектісі мемлекет қана болады.

Халықаралық құқықтың субьектісі –бұл халықаралық аренада мен міндеттерге ие, халықаралық қатнастарға қатысушы қазіргі құқықтың субьектілеріне: мемлекеттер, уаттар мен халықтар, үкіметаралық ұйымдар жатады. 1970 жылғы БҰҰ-ның жарғысына сәйкес халықаралық құқықтың қағидалары туралы Доплярациясында жалықаралық құқық субьектілерінің негізгі құқықтары бекітілген. Олар: мемлекет құрылысын өзі анықтауға, территориясына тиіспеушілік құқық, тәуелсіздік, егемендік теңдік, халықаралық (шарттарға) қатынастарға ие болуы.

Халықаралық құқық субьектілігіне тән қасиет ол-халықаралық құқықтық, қабілет (құқықтармен міндеттерге ие болу құқығы) және халықаралық әрекет қабілет (құқықтармен міндеттерді жүзеге асыру қабілетінің болуы).



  • Халықаралық ұйымдар XIX ғ. орта тұсынан бастап қалыптасып, қызмет ете бастады. Бұл ұйымдардың қажеттілігіне халықаралық қатнастардың нығаюына, ғылыммен техниканың дамуына, дүние жүзілік нарықтық дамуына байланысты. Тарихта бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең алғашқы халықаралық ұйым 1919 ж құрылған Ұлттар лигасы.

  • Қазіргі кездегі халықаралық ұйымдардың қатысушыларының санына, яғни құрамына қарай екіге бөлінеді:

  1. Елемдік (дүниежүзілік) халықтар, ұйымдар мыс:БҰҰ

  2. Аймақтық (топтық) халықтар, ұйымдар мыс: НАТО

Әлемдік халықаралық ұйымдарға дүние жүзілік мемлекеттердің барлығы қатысуға құқылы, ал аймақтық халықаралық ұйымдарға белгілі бір географиялық аймақтық мемлекеттер қатыса алады.

  • Халықаралық ұйымдар қатысушыларының түрлеріне байланысты екі топқа бөлінеді.

а) Халықаралық үкіметаралық ұйымда;

ә) Халықаралық бейүкіметтік ұйымдар;

Бейүкіметтік халықаралық ұйымдар әр қилы елдердің қоғамдық ұйымдарын, сондай-ақ жеке адамдарын біріктіреді. Олар халықаралық құқықтың субьектісі болып табылмайды.

Халықаралық ұйымдардың ішінде тек қана үкіметаралық ұйымдар ғана субьектісі бола алады (себебі олардың құрылтайшысы мемлекет болғаны үшін). Халықаралық үкіметаралық ұйымдар субьект ретінде: халықаралық үкіметаралық ұйымдар субьект ретінде: халықаралық құқықтар мен міндеттер иеленді, жауапкершілік арқалайды, келісім шарттар жасаса алады.

Осындай үкіметаралық ұйымдарға –ислам конференция ұйымы жатады. Бұл жалғыз үкіметаралық ұйым болып, қазіргі таңда тең құқықты халықаралық құқықтың субьектісі ретінде қызмет етеді.

Басқа ислам халықаралық ұйымдары-халықаралық бейүкімметтік ұйымдарға жатады.Сол үшін олар халықаралық құқықтың субьектісі бола алмайды. Бірақ, олар халықаралық құқықтың – қатынастың субьектісі бола алады, яғни халықаралық құқықпен реттелетін қатынасқа түсе алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет