Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1-сабақ



бет12/18
Дата23.05.2017
өлшемі5,41 Mb.
#16587
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
75-11-сабақ

Тақырыбы: Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

1-тапсырма. Берілген тірек сызбаны толықтырып, әңгіме құрау.

Қазақстан балалар жазушылары

Жазушының аты – жөні

Туған жылы

Туған жері

Оқыған оқу орны

Қызмет істеген жері

Шығармалары

Мұқан Иманжанов
















Шығармалары




















Шығармалар тақырыптары:

    • Адамгершілік тәрбие беру;

    • Адамдардың соғыс кезіндегі ерліктері мен еңбектері;

    • Ауылдық жердегі мектеп өмірі;

    • Адамдар арасындағы қарым – қатынас;

    • Балалардың бойындағы жаман – жақсы қасиеттер;

    • Еңбексүйгіштік;

    • Білімге құмарлық, т.б.


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1. Зат есім деген не?

2. Жалқы есім деген не? Мысал келтіріңдер.

3. Тұйық етістік деген не?

4. Тұйық етістіктің емлесі қандай? Жасалу жолдары қандай? Мысал келтіріңдер.
IV. Бекіту.

4-тапсырма. «Қазақстан балалар жазушыларының шығармалары» деген тақырып бойынша диалог құрау.
V. Сабақты қорытындылау.

5-тапсырма. Кітап, білім туралы ұлағатты сөздерді түсініп, мағынасын анықтау. Тұйық етістіктерді тауып, астын сызу.

1. Кітап – асып-таспайтын адал досымыз. (В.Гюго)

2. Кітап оқу – міне, үйренудің ең жақсы түрі. (А.Пушкин)

3. Кітап өміріңнің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады, ешқашан өкіндірмейді.

(А.Дадэ)

4. Кітаптар ... – тәрбиенің маңызды жақтарының бірі ретінде, тәрбие жоспарына енуге тиіс. (В.Белинский)

5. Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. (Серке Қожамқұлов)

6. Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал. (А.Команский)

7. ... Егер кітапты оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің ойын көңілге тоқи біл. (Сенека)

VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. «М. Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығы» деген тақырыпқа шағын шығарма жазу.


Тақырыбы: Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

1. Тест сұрақтарына жауап беру.

1.1. Жансүгіров қай жерде дүниеге келді?

A) Маңғыстау облысы

B) Алматы облысы

C) Қарағанды облысы

D) Талдықорған облысы

2. Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері қай басылымға шыға бастады?

A) «Қазақ» газетіне

B) «Серке» газетіне

C) «Ақ жол» газетіне

D) «Дала уәлаяты» газетіне

3. Мұқан Иманжанов кім?

A) ақын B) жазушы С)сатирик D)драматург

4. Мұзафар Әлімбаевтың алғашқы кітабы қалай аталады?

A) «Жарық жұлдыз» B) «Маржан сөз»

С) «Қарағанды жырлары» D) «Көңіл күнделігі»

5. Балаларға танымал «Менің атым - Қожа» повесінің авторы кім?

A) I. Жансүгіров B) Ө. Тұрманжанов

C) М. Әлімбаев D) Б. Соқпақбаев

6. 1927 жылы башқұрт елінде өмірге келген жазушыны табыңдар.

A) I. Жансүгіров B) М. Гумеров

C) М. Әлімбаев D) Б. Соқпақбаев

7. М. Гумеровтың Домбай атты кейіпкері қай шығармасында сомдалған?

A) «Ұя» B) «Ерегес» C) «Аңсау» D) «Құпия дөптер»

8. М. Иманжановтың балаларға арнап жазған шығармалары қай уақыттан бастау алды?

A) оқып жүрген кезінде

B) қызмет жасай бастағанда

C) Ұлы Отан соғысы кезінде

D) Алматыда оқып жүргенінде

9. М. Гумеровтың Домбай атты кейіпкері қандай пәндерден қиналатынын табыңдар.

A) тарих, әдебиет B) табиғаттану, тарих

C) ана тілі, математика D) математика, тарих
II. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

1. І.Жансүгіровтің балаларға арнап жазған шығармаларын атап, жалқы есімдерге назар аударыңдар.

2. Жалқы зат есімдерді қолданып, балаларға арналған шығармаларды атаңдар.

3. Тұйық етістіктерді қолданып, жазушылардың бір шығармасына жоспар құрыңдар.

4. М.Иманжановтың шығармаларының ерекшеліктерін атаңдар.

5. Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығы мен өмірбаянын әңгімелеңдер.

6. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» шығармасындағы Қожа бейнесіне сипаттама беріңдер. Көрген кинофильмнен үзінді айтып беріңдер.

7. М.Гумеровтың «Ерегес» повесінен үзінді айтып беріңдер.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.



76-12-сабақ

8-сынып Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы

Диктант «Кеме»

Жалпы мақсаттар

Сөйлем мүшелері, сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.

Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.

Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.


Оқыту нәтижелері

Топта белсенділік көрсетуге тырысады;

Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады;

пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.


Негізгі идеялар

Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.


Дереккөздер,сілтемелер

Қазақ тілі «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы».

М. С. Атабаева. 2002 ж .




Ынтымақтастық атмосфера тудыру

Мұғалім жазбалары

Еркін әңгімелесу.

Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар?

Ауа- райы қалай?

Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?



Тұсаукесер

  • Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.

  • Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.

  • Жыл мезгілдері туралы айту.

Мағынаны тану

Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.
Кеме

Кеме тарихы көне заманнан басталады. Адамдар әуелі бөренемен, салмен, сонан кейін ойып жасалған қайықтармен жүзді. Осыдан шамамен 3 мың жылдай бұрын Жерорта теңізінде ескегімен қоса желкенді кемелер пайда болды. Мұнымен теңіздерде жүк тасыды, әскери жорықтарға аттанды. Олар галералар деп аталды.

Бірте – бірте кемелерді жүргізуге жел күші көбірек қолданыла бастады. Кемеде желкендер саны көбейді, кеменің аумағы ұлғайып, жүк көтеруі мен жылдамдығы арта түсті. Сол кездегі шапшаң жүзетін кеме – шай таситын клиперлер болды.

(83 сөз)








Жазу кезеңі

«Қайық» сөзіне морфологиялық талдау жасау.



Зат есімдерді табу.

Қосымша тапсырмалар

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

Ой толғаныс

Қазір кемелердің орнын қандай қайықтар басты?

Үйге тапсырма:

Ережелерді қайталау.


Бағалау

Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету.

X МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Қазіргі кезең балалар әдебиеті

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. «Қадыр Мырзалиев - ақын» мәтінімен жұмыс Жаттығуларды орындау Нақыл сөздермен жұмыс

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

«Сабақ» жинағы туралы

мәтінмен жұмыс

Қ. Мырзалиевтің «Септеу»

өлеңін жаттау

Қ. Мырзалиевтің

жұмбақтарын шешу,

жаңылтпаштарды жаттау

45 минут

3-сабақ

«Қастек Баянбаев - балалар әдебиетінің ақыны» мәтінімен жұмыс

Қ. Баянбаевтың «Баламен сырласу» өлеңі Жұмбақтарды шешу Диалогпен жұмыс

45 минут




4-сабақ

Ескен Елубаевтың шығармашылығымен танысу Деңгейлік тапсырмалар

45 минут




5-сабақ

Диалогпен жұмыс

Е. Елубаевтың «Туады,

шығады, түседі, келеді» өлеңі

Жаттығулармен жұмыс

Тақырып бойынша шығарма

жазу

45 минут




6-сабақ

Сұлтан Қалиев шығармашылығы

45 минут




7-сабақ

Бердібек Соқпақбаев туралы мәтінмен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут




8-сабақ

«Менің атым - Қожа» повесі Жаттығуларды орындау Шығарма жазу

45 минут




9-сабақ

Машқар Гумеров туралы мәтінмен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут




10-сабақ

М. Гумеровтың шығармаларымен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар

45 минут




11-сабақ

Тіл дамыту

Жаттығуларды орындау

45 минут




Қорытынды

12-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут

77-1-сабақ Кіріспе бөлімі

Тақырыбы: Қадыр Мырзалиев — ақын

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

V. Сөздік жұмысы.

басылу - издаваться

жинақ - сборник

жарық көрген - появилась на свет, были изданы

жекелеген өлеңдер - избранные стихотворения

жыр табағы - пластинка

жауапты хатшы - ответственный секретарь

орынбасар - заместитель

мәнері - манера

1-тапсырма. Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиевтің өмірімен танысып, сұрақтар құрау.
2-тапсырма. Төмендегі анықтаманы жоғарыда берілген мәтін бойынша толықтырып жазу.

Жауап үлгісі:

1935 жылы 5 қаңтарда Қадыр Мырзалиев Орал облысының Қаратөбе ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген.

1952 жылы Қ. Мырзалиевтің түңғыш өлеңі аудандық «Қызыл ту» газетінде жарияланды.

1953 жылы екінші өлеңі облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде жарық көрді.

1959 жылы «Көктем» деп аталатын кітабы жарияланды.

1966 жылы Қ. Мырзалиев республика комсомолы сыйлығына ие болды.



1980 жылы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
3-тапсырма. «Әдебиет» сөзінің шығу тарихымен танысып, есте сақтау.

Әдебиет. Жалпы жазба және көркем шығармалар жиыны. «Әдебиет» сөзі бізге араб, парсы тілдерінен кірген. Оның араб тіліндегі тұлғасы «адабун» болса, алғашқы мағыналарының бірі – «тәрбие беру». Ал парсы тілінде «әдиб» сөзі қазақ тіліндегі «жазушы», кейде «ұстаз», «тәрбиелеуші» деген ұғымдарда қолданылады. Осы сөздер негізінде тіліміздегі «әдебиет» сөзі қалыптасқан.
VI. Сабақты қорытындылау.

Жазушының аты – жөні

Туған жылы

Туған жері

Оқыған оқу орны

Қызмет істеген жері

Шығармалары

Қадыр Мырзалиев

















VII. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Ұлағатты сөздерді түсініп оқып, кітап оқудың пайдасы туралы шағын шығарма жазу.

78-2-сабақ

Тақырыбы: «Сабақ» жинағы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндама жазу.

2-тапсырма. «Сабақ» жинағының әр сабағына сипаттама беру.

Бірінші сабақ табиғаттану туралы

Бұған жылдың төрт мезгілі мен табиғат құбылыстарын суреттейтін өлеңдері енгізілген. Жаңа жылдан бастап келесі жаңа жылға дейінгі жылдың төрт мезгіліне тән ерекшеліктерімен таныстырады. Яғни табиғатпен таныстыру сабағы ретінде алынған.

Екінші сабақ хайуанаттар жайында

Әрине, бұл «төрт түлік» дегеннен гөрі кең ұғым. Жер шарының басқа бір қырқасында тіршілік ететін, атын естігенімен көз көрмеген хайуанаттардың – кенгуру, зебра, түйеқұс – балалар түгіл үлкендер біле бермейтін қасиеттерімен таныстырды. Қасиеттерімен бірге, олардың сырт тұлғасын да суреттеу арқылы таныстырады.

Үшінші сабақ – тіл сабағы

«Ана тілі» деген өлеңімен басталады. Балаға ана тілінің қасиетін және әр адамның өз туған тілі болу керектігін, оған құрметтеп қарауды насихаттайды.

Төртінші сабақ – еңбек

Төртінші сабақ – еңбек. Бұған әр алуан мамандық иелері туралы «Жылқышы», «Қайрақшы», «Үй қараушы», «Наубай», «Шаштараз», т.б. өлеңдер топтастырылған. Сабақтың көздеген мақсаты – адамды адам еткен еңбек екенін айту.
3-тапсырма. Қ. Мырзалиевтің «Септеу» өлеңін жаттау. «Марат» сөзін септеу.

Атау:

Барлығыңа үлгі болар, қарақтар,

Байсалды да, ақылды да Марат бар.

Ілік:

Жеке басым ең алдымен, Мараттың,

Жасы үлкенді сыйлағанды жараттым.

Барыс:

Сенбейсің бе, күнделікті парақта,

Батыл емессің дей алмайсың Маратқа.

Табыс:

Сол үйретті ауылдағы бар атты,

Батыл емес дей алмайсың Маратты.

Жатыс:

Алғыссыз күн болған емес Маратта,

Жетеді онда ынта, жігер, талап та.

Шығыс:

Қай өнер де табылады Мараттан,

Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.

Көмектес:

Міне, осындай жақсы бала Маратпен,

Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең! (Қ.Мырзалиев)
V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Қ. Мырзалиевтің балаларға арналған жұмбақтарын түсініп оқып, шешу.

5-тапсырма. Жаңылтпаштарды тез және қатесіз айтуға жаттығу.

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?!

VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Жаттау.

79-3-сабақ

Тақырыбы: Қастек Баянбаев — балалар әдебиетінің ақыны

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Қ. Баянбаевтың өмірбаяны мен шығармаларын әңгімелеу.

Кестемен жұмыс:

Жазушының аты – жөні

Туған жылы

Туған жері

Оқыған оқу орны

Қызмет істеген жері

Шығармалары

Қастек Баянбаевв

















2-тапсырма. Қ. Баянбаевтың «Баламен сырласу» өлеңін түсініп оқып, жаттау.

Бәйек болып Сонда арзан күлкіден

Мәңгілік Өзің аулақ боларсың.

Жүрмес анаң жаныңда, Азамат боп алғасын

Ал ұйқыңды қандырып, Қысыларсың ойнауға.

Қамсыз жүрген шағыңда. Ғұмырыңды арнарсың

Кейін ақыл кілтімен Халық қамын ойлауға.

Алуан сырды ашарсың.
4-тапсырма. Сөйлемдердегі тұйық етістіктерді теріп жазу.

1. Жаңылпаштың негізгі қызметі – тіл сындыру, дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.

2. Жаңылтпаштың мақсаты – жаңылдыру, тілді тұсау, күрмеу емес, қайта балаға ой салу көкірегіне сәуле түсіру.

3. Қ.Баянбаевтың жаңылтпаштары:

Оқуға салақтар, Қаштым қатты-ақ,

Тек кітап парақтар. Ұшты қалпақ.

Сабақта алақтар, Балақ сатпақ,

Далада далақтар. Аяқ батпақ.
V. Сабақты қорытындылау.
3-тапсырма. Жұмбақтарды шешу.

1. Оны кір жейді, кірді бұл жейді. (Сабын)

2. Ұшында бір тамшы, уы бар сұр тамшы. (Жылан)

3. Бөлменің көзі, көрмейді өзі. (Терезе)

4. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (Телескоп)

VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара әңгімелеу.


80-4-сабақ

Тақырыбы: Ескен Елубаевтың өмірі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

  1. Бекіту.


Кестемен жұмыс:

Жазушының аты – жөні

Туған жылы

Туған жері

Оқыған оқу орны

Қызмет істеген жері

Шығармалары

Ескен Елубаев

















1-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Ескен Елубаев кім?

2) Ол қайда туған?

3) Ақын қандай оқу орындарында туған?

4) Қандай қызмет атқарған?

5) Ақынның алғашқы өлеңдері қайда жарияланған?

2. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазып, емлесі туралы айтып беріңдер.

ІІ деңгей

1. Мәтін бойынша жоспар құрып, әңгімелеңдер.

2. Ақынның өмірбаянына анықтама дайындаңдар.

І деңгей

Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, Е.Елубаевтың балаларға арналған жинақтарына сипаттама беріңдер.
Кластер жасау:

Оқушыларға берген қағаздарына Е.Елубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бар білгендерін қағаз бетіне түсіріп жазу тапсырмасы беріледі. Жазып болған соң әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.
Берілген сөздерді септе:

Балалар, өлең, ақын.
V. Сабақты қорытындылау.
«Өрмекші торы» әдісі:

Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрады. Содан соң бір оқушы қолына орама жіп алып, сабаққа байланысты бір сөз айтып екінші оқушыға береді. Оқушылар бір – біріне жіп лақтырып, оны ұстап осылайша өрмекші торын құрады.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

81-5-сабақ

Тақырыбы: Ақынның шығармалары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтық мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.
1-тапсырма. Әр сөйлемге сұрақтар құрап, диалог дайындау.

1) Е.Елубаев шығармаларының негізгі тақырыбы – балалар өмірі.

2) Ақын өлеңдерінің көбі диалог түрінде құрылған.

3) Е.Елубаев шығармаларында балаларды еңбекті сүюге, бостан – босқа көше кезіп жүруден аулақ болуға үйретеді.

4) «Туады, шығады, түседі, келеді» деген өлеңінде табиғаттағы жыл мезгілдерінің ауысуын суреттеген.
2-тапсырма. Е. Елубаевтың өлеңін мәнерлеп оқуға жаттығу.

Оқушылар кезекпен өлеңді мәнерлеп оқып шығады. Өлеңде не туралы айтылғаны жайлы айтып беру.
Кластер жасау:

Кластер жасау:

Оқушыларға берген қағаздарына Е.Елубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бар білгендерін қағаз бетіне түсіріп жазу тапсырмасы беріледі. Жазып болған соң әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, не туралы айтылғанын анықтау.

«Кезбе журналист» әдісі:

Оқушылардың біреуі журналист, біреуі оператор болып шағын көрініс дайындайды. Е.Елубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, ізденіп, тапқанын оқушыларға көрсетеді.
V. Сабақты қорытындылау.

«Топтастыру» әдісі:






Е.Елубаев

VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. «Е. Елубаевтың шығармаларының ерекшеліктері» деген тақырыпқа шығарма жазу.
82-6-сабақ

Тақырыбы: Сұлтан Қалиев

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, С. Қалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді төмендегі берілген кестеге салып, жинақтау.
Жауап үлгісі:

Ақынның аты-жөні

Туған жылы, жері

Оқыған оқу орны

Ақынның шығармалары

Сұлтан Қалиев

1943 жылы

1 мамырда Жамбыл облысының Жамбыл ауданында «Пионер» ауылында дүниеге келген.



1957 жылы Абай атындағы педагогикалық училищеде оқыған. 1961 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ университетінің филология факультетіне сырттай оқуға түседі.

«Қомағай бақа» алғашқы мысал өлеңі, «Қуандырам» өлеңі, «Сәлем, саған мектебім» кітабы. Аудармалары: «Ақымақ тышқан туралы ертегі», «Степа ағай», «Менің атам», «Пілдің баласы». «Мен әлі сәбимін» повесі, «Сен тұрғанда» романы.


2-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп оқып, жалқы есімдердің астын сызу.

1. С.Қалиевтің балаларға арналған жинақтары: «Өлеңдер», «Дүрбі», «Қасиетті тақия», «Сәлем, саған мектебім», «Кішкентай астрономдар», «Бақыт деген не?», «Мен мектепке барамын».

2. С.Қалиевтің «Қасиетті тақияның» оқиғасы сәбидің әжесінен естіген әңгімесі ретінде баяндалады.
Кластер жасау:

Оқушыларға С.Қалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бар білгендерін қағаз бетіне түсіріп жазу тапсырмасы беріледі. Жазып болған соң әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1) С. Қалиев қандай жанр саласында еңбек етеді?

2) Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

3) Аудармалары туралы не айта аласыңдар?
V. Сабақты қорытындылау. «Топтастыру» әдісі:



Сұлтан

Қалиев

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

7-сабақ Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Жазушы Б. Әділовтің мысалын түсініп, талдау жасау.

«Кезбе журналист» әдісі:

Оқушылардың біреуі журналист, біреуі оператор болып шағын көрініс дайындайды. Е.Елубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, ізденіп, тапқанын оқушыларға көрсетеді.
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әр сөйлемге сұрақ құрау.

Балтабай Әділов Қарақалпақстан қазақ орта мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. Ол көптен бері балаларға арнап әңгіме - ертегілер жазып жүр. Оның «Алданыш», «Атамның жұлдызы» атты кітаптары жарық көрді. «Қырық жеті мысал» 1990 жылы бәйгенің үшінші жүлдесін жеңіп алды.

(«Бастау» кітабынан)

Жауап үлгісі:

1. Б.Әділов қай жерде мұғалімдік қызмет атқарады?

2. Балаларға арнап не істеді?

3. Қандай кітаптары жарық көрді?

4. Қай кітабы жүлде жеңіп алды?
3-тапсырма. Б. Әділовтің «Қырық жеті мысал» жинағынан «Асқақтаған кірпіштер» атты мысалын түсініп, рөлге бөліп оқу. Кірпіштердің дауын қалай түсінгендері туралы пікірлесу. Өз пікірлерін ортаға салу. Көрініс дайындау.


  1. Сабақты қорытындылау.

Кестемен жұмыс:


Ақынның аты-жөні

Туған жылы, жері

Оқыған оқу орны

Ақынның шығармалары

Балтабай Әділов












VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.


83-8-сабақ

Тақырыбы: Нұрдәулет Ақышев

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтіндегі берілген мәліметтермен танысу.

Нұрдәулет Ақышевтың «Жұмбақ іздер» кітабы 1980 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген. Оның шығармаларының тақырыбы, негізінен, балалар мен жастар өміріне арналған. «Үндемейтін ұл», «Сынық домбыраның сазы», «Таң алдындағы дабыл», «Қиырдан келген көгершін», «Жатақхана қыздары» атты кітаптардың авторы. Ол «Жалын» баспасының бәйгесінде бірнеше рет жүлдегер болған.
2-тапсырма. Ертегіден үзіндіні түсініп оқып, төменде берілген үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сөздік:

Мақұрым – безвестный

Жұпыны – простой, скромный

Есіл-дерті – в полную силу, со всей душой
ІІІ деңгей

1. Үзіндінің мазмұнын ашатын сұрақтар құраңдар.

2. Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп алып, талдаңдар.

ІІ деңгей

Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

І деңгей

Бұл ертегінің ерекшелігі қандай деп ойлайсыңдар?
3-тапсырма. «Балалар елін бағындыру» ертегісінің бұл үзіндісін жазбаша мазмұндау.

Оқудың Кітап деген атасы бар екен. Өзі бір көзәйнек таққан қайырымды қарт көрінеді. Тыным таппай елді аралап жүрген оны балалардың көпшілігі ұнатып қалады. Кітаптың арқасында өмір тіпті қызықты бола түседі.

Бұл бір Балалар елінің кемеліне келіп, гүлденген дәуірі екен. Өйткені Ойын, Еңбек, Оқу, Өнер, Спорт, Кітап - алтауы балаларды кезек-кезек қағып әкетіп, тек жақсылыққа қарай жетелейді де отырады. Бұл алтауы елдің ең сүйікті адамдарына айналады. Олар да балаларды керемет жақсы көреді екен.
V. Сабақты қорытындылау. «Синквейн» әдісі:

Ертегі

Қызықтырады, таң қалдырады.

Қызық, таңғажайып, шыншыл.

Қызықты ертегілерді ұнатамын.

Аңыз.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау. Өз ойынан ертегі жазып келу.

9-сабақ Талас

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, рөлге бөліп оқу.

«Кезбе журналист» әдісі:

Оқушылардың біреуі журналист, біреуі оператор болып шағын көрініс дайындайды. Е.Елубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, ізденіп, тапқанын оқушыларға көрсетеді.
2-тапсырма. Кітап туралы ғұламалардың айтқан сөздерін түсініп, жазып алу. Аударма сөздігін пайдалана отырып, мағыналарын анықтау.

1. Жазушының жазған кітабын қабылдайтын да, қабылдамайтын да халық. Ендеше, кітапты жазушы жазып шығарғанмен, шын тағдырын шешетін төреші де сол халық. (В.Гюго)

2. Болашаққа үндейтін кітап қана өміршең болмақ. (О.Бальзак)

3. Білімнің қайнар бұлағы, сенің рухани қазынаңның қайнар бұлағы – кітап. өз кітапханаңды құра біл. Кітапты бір оқып қанағат тұтпа, қайтадан оқы.

(В.А.Сухомлинский)
3-тапсырма. «Талас» мәтіні бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Мәтінде қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. Сол сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.

2. Тазалықтың пайдасы мен маңызы қандай? Қалай ойлайсыңдар?
ІІ деңгей

Мәтінде берілген мына сөйлемді қалай түсінесіңдер? Пікірлесіңдер.

Өзінің киімін өзі реттеп киінуге тиіс.
І деңгей

Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
Ү. Сабақты қорытындылау.

«Синквейн» әдісі:

«Талас» сөзіне бес жолды өлең жазу.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.


10-сабақ Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны

Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.

I тур

Оқушылар, әдеттегідей, партада қатармен отырады. Барлығы 6 қатар.

1 қатар

2 қатар

3 қатар

4 қатар

5 қатар

6 қатар


Мұғалім әр жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.

II тур

2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырды, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.

1-қатар + 3-қатар 4-қатар + 6-қатар 2-қатар + 5-қатар

Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтарды қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша).

Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.

Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.

ІІІ тур

II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.

Енді кездесетіндер:

1-қатар + 6-қатар 2-қатар + 3-қатар 4-қатар + 5-қатар

(қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.

1. Қазіргі кезең балалар әдебиетінің ақын-жазушылары кімдер?

2. Қадыр Мырзалиев туралы не білесіңдер?

3. Қ. Мырзалиевтің қандай шығармаларын білесіңдер?

4. Қ. Мырзалиевтің «Сабақ» жинағында не туралы айтылған?

5. Қастек Баянбаев деген кім?

6. Оның шығармалары қандай?

7. Е. Елубаевтың «Туады, шығады, түседі, келеді» өлеңі қандай тақырыпқа жазылған?

8. Б. Әділовтің қандай мысалдарын білесіңдер?

9. «Асқақтаған кірпіштер» мысалы не туралы?

10. Кітап туралы қандай ұлағатты сөздерді білесіңдер?

2-тапсырма. «Қазіргі кезең балалар әдебиетінің ақын-жазушылары» деген тақырыпқа диалог құрып, өзара сөйлесу.

3-тапсырма. «Жақсы кітап - ақылды адамның әңгімесімен бірдей» деген тақырыпқа шығарма жазу.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

11-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Қадыр Мырзалиев 1935 жылы қай жерде дүниеге келген?

A) Алматыда облысында B) Маңғыстау облысында

C) Орал облысында D) Қарағанды облысында

2. «Әдебиет» сөзі қай тілден енген?

A) араб B) латын C) орыс D)грек

3. Қ. Мырзалиевтің «Сабақ» жинағындағы үшінші сабақ атауын табыңдар.

A) табиғаттану сабағы B) тіл сабағы C) еңбек сабағы D) тарих сабағы

4. «Баламен сырласу» өлеңінің авторын табыңдар.

A) Қ. Мырзалиев B) Қ. Баянбаев

C) Е. Елубаев D) С. Қалиев

5. Е. Елубаевтың балаларға арналған қай шығармасы республикалық қуыршақ театрында қойылды?

A) «Тастың аты тас» B) «Болатбек»

C) «Туады, шығады, түседі, келеді» D) «Кім қайда тұрады?»

6. С. Қалиевтің «Балдырған» журналында басылған алғашқы өлеңін атаңдар.

A) «Дүрбі» B) «Қуандырам»

C) «Мен мектепке барамын» D) «Қасиетті тақия»

7. Б. Әділовтің қай шығармасы 1990 жылы бәйгеде үшінші жүлде жеңіп алды?

A) «Мейірім» B) «Қырық жеті мысал»

C) «Асқақтаған кірпіштер» D) «Ерегес»

8. Н. Ақышевтың алғашқы прозалық кітабын атаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет