Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Күні,айы:9.01.18ж
Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
5.5.1.4 санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың есептермен қатесіз жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыта білді
Оқушылардың басым бөлігі:Тақырып жайлы түсіктерін қалыптасыра отырып тақырыптың өзекті түйінді жерлерін практикада қолданады
Кейбір оқушылар:Топпен жұмыс істеуге үйренеді
Бағалау критерийлері
Оқушы білімді меңгерді, егер:
Берілген санның бөлігінің формулаларын біледі;
Формулаларды мәтіндік есептер шығаруға қолдана алады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табуға арналған мәтіндік есептерді талдайды және реттеп жазады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология: санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Берілген санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу үшін:...
Құндылықтарды дарыту
Оқып білу дағдысы, ақпаратты өздігінен табу, жағдайды сараптау, жаңа жағдайларға қалыптасу, мәселе қойып және шешім қабылдай білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған жұмыс негізінде жасалынады.
Пәнаралық байланыстар
санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табуға байланысты білім, білік және дағдылары химия, экономика пәндерін оқу барысында қажетті, өмірде қолдануда практикалық маңызды болып табылады
АКТ қолдану дағдылары
Интербелсенді тақтаны презентация таныстыру үшін қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану.
Бастапқы білім
санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу ұғымдарын біледі.