Сабақ: Сауат ашу Сабақтың тақырыбы: «Д дыбысы мен әрпі»



Дата13.02.2017
өлшемі70,28 Kb.
#9100
түріСабақ
Сабақ: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: «Д дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: д дыбысымен, әрпімен танысу. оның баспа түрінің жазылуын көрсету.
Дамытушылық: балаларға ойын түріндегі тапсырмалар беру арқылы олардың пәнге деген қызығушылығын, ойында сөздер, сөйлем құрату арқылы олардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін, «Миға шабуыл» стратегиясын қолдана отырып, балалардың неге деген сұраққа толық жауап бере білуін одан ары дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ойын ойнату арқылы шапшаң, жылдам, ұқыпты болуға тәрбиелеу. Өз денсаулығына көңіл бөлуге, денсаулығын күте білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, ойын сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім, білік - дағдыны қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ойын.
Оқыту технологиясы: Миға шабуыл стратегиясы, дамыта оқыту технологиясы элементтері, АКТ - сөйлейтін әліппе.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, математика

Сабақ жоспары:
Кіріспе бөлім:
1/Ұйымдастыру
2/Мотивациялық қозғаушы кезең - «Миға шабуыл» стратегиясын қолдану
3/ Сабақтың мақсаты - міндеттерімен таныстыру

1/ Ұйымдастыру:
Тәрбиеші: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Қане балалар кабинетімізге айнала көз жүгіртіп қарайықшы. Бүгін барлығы ерекше - кабинетіміз әдемі безендірілген, бізге бүгінгі ашық сабағымызға арнайы қонақтар келіп отыр.
- Балалар, қазақ халқы өте қонақжай халық. Біз қонақ келсе төрімізге отырғызып күтетін халықпыз, солай емес пе балалар? Онда барлығымыз орнымыздан тұрып қонақжайлылығымызды, достығымызды білдіріп шаттық шеңберін шеңберге тұрып жасайық:

Шаттық шеңбері:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
2/ Мотивациялық - қозғаушы -«Миға шабуыл стратегиясы»
- Балалар қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Қараша айын тағы қалай деп атайды?
- Неге?
- Бүгінгі ауа - райы қандай, балалар?
- Далаға қарасақ, балалар, қазір күз болса да қыс мезгіліне ұқсайды. Неге?
- Бүгін аптаның қай күні?
3/ Сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру: - Балалар, қазір бізде сауат ашу сабағы. Бүгін біз «сауат ашудың сиқырлы әлемінде» боламыз. Осы сабақта біз жаңа дыбыспен, әріппен, оның жазылуымен танысамыз. Бүгінгі сабақ ойын түрінде өтеді. Әртүрлі ойындар ойнап, жұмбақтар шешеміз, сергіту сәтін жасаймыз. Және де сендерді бүгінгі сабақта ойыннан басқа да қызықтыр күтіп тұр.

Тәрбиеші: - Қане онда сабағымызды тезірек бастаймыз ба?
2. Негізгі бөлім.
1/ Жаңа сабақ
2/ Демонстрациялық материалмен жұмыс
3/ Сергіту сәті
4/ Дәптермен жұмыс
5/Дыбыстық талдау
1/Жаңа сабақ:- Балалар, біздің бүгінгі өтетін әрпімізді, бүгінгі сабақ керек заттардың бәрі жоғалып кетіпті\тәрбиеші шынымен сол заттарды іздегендей кейіп танытады\
- Балалар, енді не істедік? \сол кезде сырттан бір дыбыс естіледі\
- Ой, бұл не дыбыс?
Осы кезде кабинетке сиқыршы кіріп келеді.
Сиқыршы: - Мені таныдыңдар ма, балалар?- Иә, мен кіммін?
- Менің ертегілер елінде ішім қатты пысып кетіп тәрбиешілеріңнің барлық заттарын мен ұрлап алдым.
Тәрбиеші:- Ой солай істеуге болады ма? Бізге бүгін қаншама қонақ келіп отыр, ал балалар болса жаңа дыбыспен, әріппен танысулары керек. Балалар, сиқыршының бұл қылығы дұрыс па? Неге?

Сиқыршы:- Балалар, мені кешіріңдерші?- Мен енді бұлай жасамаймын.
Тәрбиеші:- Балалар, біз сиқыршыны кешіреміз бе? Не деп ақыл айтамыз. Дұрыс.
Сиқыршы:- Балалар мен бүгін сендермен бірге сабаққа қатысып, ойындар ойнауыма бола ма? Мен сендерге жай келген жоқпын, мен өзіммен бірге сендерге жұмбақтар, ойындар алып келдім. Ал сабақтың соңында сабаққа жақсы қатысып, өзінің үлгілі тәртіптерімен көзге түсе білген балаларға арналған сыйлығым да бар.
Балалар:- Жарайды.
Сиқыршы:- Олай болса жаңа сабағымызды бастайық. Менің сиқырлы дорбашамда не бар деп ойлайсыңдар.- Жоқ оны сендер білмейсіңдер. Онда не барын білгілерің келсе менің жұмбағымның шешуін тез табыңдар:
Жұмбақ: 1/Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (доп)
2/Тиіп кетсе ән салған,
Дауысына ел тамсанған. (домбыра)
Тәрбиеші:- Сиқыршы, айтшы менің балаларым қандай ақылды, көп ойланбастан жұмбақтарыңның шешімін тауып берді.
Тәрбиеші:- Балалар, доп, домбыра сөздерінің бірінші дыбыстарын айтайықшы

Балалар:- Д
Тәрбиеші:- Балалар, сонымен біз бүгін Д дыбысымен және әрпімен танысамыз. – Жаңа дыбыспен таныспас бұрын өткен сабақтарды қайталап өтейік.
Дыбыстарды Сөйлейтін әліппе арқылы айтып шығу.
2/ Демонстрациялық материалмен жұмыс.
Тәрбиеші:- бәріміз бірге д деп айтайықшы. Балалар бұл дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па? Неге ол дауыссыз? Сиқыршы сен қалай ойлайсың балалар дұрыс айтты ма?

- Балалар мына суреттерге назар аударайықшы. Суреттерден не көріп тұрмыз?
1/ Бидай сөзінде д дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан: Сөздің басында ма, ортасында ма, соңында ма?
2/ Велосипед сөзінде қайда орналасқан?
3/Ал домбыра сөзінде ше?
- Сонымен д дыбыс сөздің басында да, ортасында да, аяғында да кездесе береді солай ма?
Сиқыршы:- Балалар, сергіту сәтін жасап алуға қалай қарайсыңдар.
Сергіту сәті:
Даңғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты.
Дүрсілдетіп даланы,
Поезд кетіп барады:
Ду, ду, ду, ду, ду, ду.(2 ға д қайталау)
Тәрбиеші:- Балаларға д дыбысының баспа түрі қалай жазылатынын тақтада жазып көрсетейін, сосын оны ауада жазып үйренгеннен кейін дәптерімізге жазамыз.

Балалармен бірге тақтада жазғанда әріптің неше элементтен тұратынын санау.
Аяғын шығармай тұрып оның жоғары жағы қандай геометриялық пішіннен құралғанын сұрау (тіктөртбұрыш)
Әріпті ауада жазып көрсету.
4/ Дәптермен жұмыс.
Тәрбиеші: - Балалар енді дәптерімізден д дыбысы бар бетті тауып алып түзу, денемізді тік ұстап отырып Д әрпін жазамыз.
- Балалар неге біз әріптердің үлкен және кішкентай түрлерін жазамыз? Неге біз үлкен әріппен немесе кішкене әріптермен жаза бермейміз?(балалар өздері жауап береді немесе сиқыршы балаларға көмектеседі)
5\ДОП сөзін жазу және оған дыбыстық талдау жасау.
3. Бекіту.
1 - ойын -«Шарларға әріптерді орналастыр»
Шарты:
Тәрбиеші:- Балалар, мына шарлар неге тұр деп ойлайсыңдар? Олардың түстері қандай? Ал біз сауат ашу сабағында қызыл және көк түстермен нелерді белгілейміз? Әрине -*дыбыстарды, олай болса шарларға дауыссыз дыбыстарды - көк шарға, дауысты дыбыстарды - қызыл шарларға орналастырайық.
Көрнекілігі: өткен әріптер санына байланысты және дауысты, дауыссызына байланысты шарлар мен кеспе әріптер.

2 - ойын - «Сиқырлы кілемше»
Мақсаты: берілген дыбысқа сөз ойлау. ол дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па соны ажырата білуге үйрету. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы сөздік қорларын молайту. Ойын арқылы балалардың тапқырлыққа баулу.
Көрнекі құралдар: әріптер жазылған ватман - ол жерге орналасқан, кубик.
Ойын барысы: балалар бір - бірлеп келіп кубикті әріптер жазылған кілемшеге лақтырады, кубиктің қай дыбысқа түскенін айтып сол дыбысы бар сөздерді айтады. Мысалы: и А - ат, ай арба, т. б. Д болса - доп, дәрігер, дәу, т. б.
3 - ойын «Дәрігер қабылдауында»- сюжеттік - ролдік ойынын ойнау.
Топқа д дыбысының көк шарын ұстаған Дәрігер келеді. Балалар Дәрігермен амандасады.
Дәрігер:- Балалар мен кіммін? Дұрыс айтасыңдар мен - дәрігермін. Балалар, денсаулық, дәрігер, дәрі, дәріхана, дәрумен, дені сау деген денсаулыққа байланысты сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталып тұр? Дұрыс айтасыңдар Д дыбысынан.
Дәрігер барлық балаларды тыңдап, қолдың тазалығын, шаштарын тексереді.
Соңында өз кеңестерін айтып шығып кетеді.

Дәрігер кеңестері:
1/Балалар сендер әрқашан беті - қолдарыңды жуып, 2 уақыт тістеріңді жуып жүрулерің керек.
2/Тамақты уақытылы ішіп отыруларың керек.
3/Түс кезінде 1 - 2 сағат тынығып ұйықтап алған абзал.
4/Әрдайым таза, ұқыпты болып жүру жөн.
5/теледидарды көп көре беруге болмайды, көздерің ауыратын, одан қала берді көрмейтін болады.
6/ осы айтқан кеңестерімді орындасаңдар дендерің сау, әдемі, тап - таза, ақылды болып өсесіңдер! Қазақта мынадай мақалдар бар: «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың жаны сау».
Дәрігер:- Балалар, менің сендерге тілерім дендерің сау болсын, ешқашан ауырмай сабақтан тек қана 5 - тік баға алып ата - аналарыңды, тәрбиешілеріңді қуантып жүре беріңдер! Сау болыңдар!
Балалар: - Сау болыңыз, дәрігер!

4. Қорытынды:- Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды. Бүгін біз сендермен сауат ашу сабағында қандай дыбыспен таныстық? Ол дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па? Неге ол дауыссыз дыбыс? Бүгінгі ашық сабағымызға кімдер келді? Бүгінгі сабақ несімен ұнады? Сабақта біз тағы не істедік? Достарыңның ішінен бүгінгі сабақта кімнің берген жауабы ұнады?
Сиқыршы:- Балалардың бәрі сабақта белсенділік танытып, сұрақтардың бәріне дұрыс жауап беріп, ойындарды да тамаша ойнады, сондықтан мен олардың бәріне арнап сыйлықтар беремін. (сиқыршы сиқырлы дорбашасынан сыйлықтарын таратып береді)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет