Сабақ: Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала» Мектеп: «№1 Ақшаулі жалпы орта білім беретін мектеп»



Дата23.08.2017
өлшемі78,27 Kb.
#24817
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»

Мектеп: «№1 Ақшаулі жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Смаилова С.Т.

Сынып: 5«А»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ мақсаты

Ақын өмірі, шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің мамұнын меңгерту

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

  • Сәкен Сейфуллин өмірі туралы мағлұмат алады, өлең мазмұнын меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Өлеңді талдай алады, салыстырады.

Кейбір оқушылар:

● Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлейді, өз ойларын ортаға салады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Алған білімдерін қолданады;



Өз ойларын дәлелді түрде жеткізе алады;

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Ақсақ киік, киік зары, Бетпақдала

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:




Сіз неліктен ...... екенін айта аласыз ба?




Жазылым бойынша ұсыныстар:




Алдыңғы оқу

М.Жұмабаев «Сағындым»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 минут



  1. Ұйымдастыру.

  2. Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.

  1. Сынып оқушыларын топқа бөлу: киік аттары бойынша

  2. «Жезкиік», «Құралай», «Ақбөкен» тобы деп бөлінеді.

  3. Үй тапсырмасын сұрау. «Сағындым» өлеңі.

  4. Тест алу.

  5. 1. М.Жұмабаев қайда оқыды?

  6. А) Ғалия медресесінде В) Ахмет-Риза медресесінде С) Приходская школада

  7. 2. Ақынның өмір сүрген жылдары.

  8. А) 1893-1920 В) 1893-1938 С) 1893-1937

3. Қандай тілдерді меңгерді?

А) араб, парсы, түрік, орыс В) араб, парсы

С) орыс, ағылшын, араб

4. Қай қалада оқыды?

А) Қазан В) Уфа С) Семей

5. Мағжанның әкесі.

А) Шоқпыт В) Жұмабай С) Бекен

6. Мағжанның өлеңін көрсет.

А) Қыс В) Қысқы жолда С) Батыр Баян

7. Өлең жолын аяқта.

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.

«Қарашығым, құлыным!» - деп зарлаған

....................................................................



Үлестірмелер

Интертақта, қағаз ұшақтар



Ортасы

Білу


5 минут

Түсіну


5 минут

Қолдану

10 минут

Талдау 10 минут



Ой қозғау

Балалар, жаңа тақырыпқа көшпес бұрын, топтарға берілген атауларға зер салыңдаршы. Ненің аты берілген? Киік. Ендеше киік қандай аң екендігін биология пәні мұғалімдерің айтып өтсе.

Бейнеролик көрсетіледі.

Ақбөкен, киік – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайтын мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне атаған. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.

Ғылыми атауы - Saiga tatarisa
Төлі - Құралай.
Мүйізінен «Пантокрин» дәрісі жасалады.
Еті - деликатес саналады.
Терісінен - аса бағалы былғары жасалады.
Жауы – қасқыр, түлкі, шибөрілер, бүркіт, қыран.
Адамдар еті, мүйізі үшін аяусыз атады.
Қазақтар - ақбөкен, бөкен, киік, ақ киік,
Өзбектер - сайгақ.
Түркімендер - кейик,
Түріктер - ақ құйрық,
Қалмақтар - бухин,
Моңғолдар – бухен.

Жаңа сабақ. Осындай киелі аң жайлы өлең жазған ақынның өміріне назар аударайық.

Өлімге жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сыя алмайтын.
«Қазақты көргің келсе, міне, осы»- деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.
                                           Сырбай Мәуленов

Сәкен Сейфуллин(1894-1938) Қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында, Нілді станциясында туған.  Қазақтың аса көрнекті ақыны, жазушысы, белгілі қоғам қайраткері, ағартушы, зерттеуші, композитор. Халқына қалтқысыз қызмет еткен. Сәкеннің шығармашылық еңбектері: «Тар жол тайғақ кешу»романы, бірнеше поэмалар «Көкшетау», «Аққудың айырылуы», «Қызыл ат», өлеңдер «Тау ішінде», «Ақсақ киік»жазған.



Шөл – суға тапшы аймақ.

Бетпақдала – Арқаның шөл даласы

Киік,бөкен-аша тұяқты,жүйрік аң

Бетеге- дала өсімдігі

Қос- далалықта паналайтын баспана

Сегіз көштік-сегіз көшіп, әрең өткен

Таңы – жануардың сұлу мүсіні

Киік – аталық жануар

Бөкен – аналық жануар

Арқа-кең дала,жазық дала.

Ел жоқ, күн жоқ-шөл далада басқа тіршілік, жан жоқ деген.

Топтық жұмыс. Оқулықпен жұмыс жасау. 
Өлеңді топтарға бөліп беремін. 
І топ 1-5 шумақты оқып, қара сөзбен түсіндіреді.
ІІ топ 6-10-шумақты оқып,қара сөзбен түсіндіреді.
ІІІ топ 11-16-шумақты оқып, қара сөзбен, түсіндіреді.
Оқушылар іштей өлеңді бір рет оқиды,әр топтан бір оқушы дауыстап оқиды. Топта бір-біріне өлеңді түсіндіреді, талқылайды, тұжырым жасайды.

І топ. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
ІІ топ. Киікті суреттеген шумақты өлең құрылысына талдау Қап-қара //екі көзі//мөлдіреген,11а

Әдемі//екі танау//желбіреген.11а

Елеңдеп//жас балаша//жалтаңдайды,11б

Жел түрткен//жусаннан да//селдіреген,11а



ІІІ топ. Эпитет, теңеулерді табу.

Жарнама 
“Табиғатты қорғау – болашақты ойлау “ 
Оқушылар топпен сурет салып, суретті қорғайды. 
Оқушылар сурет салып жатқанда Құрманғазының «Ақсақ киік» күйі ойналып тұрады. 

Сергіту сәті. «Әлқисса» күйіне билеу.

Ғаламтор жүйесі

5 сынып оқулығы

АКТ құралдары( интербелсенді тақта, компьютер, слайд,)


Жинақтау

7 минут


Аяқталуы

Үйге тапсырма

2 минут



Бағалау 3 минут

Шығармашылық жұмыс. «РАФТ» стратегиясы, хат жазу 
І. Ақынға 
ІІ . Киікке 
ІІІ. Аңшыға 

Балалар, сабағымызды қорыта келе, киік киелі аң дегенмен келісесіңдер ме?

Үй тапсырмасын беру.
Өлеңді мәнерлеп оқу. «Киік – киелі жануар» тақырыбына ойтолғау.

ҮІІ. Бағалау.

бағалау парағы



Қосымша ақпарат электрондық оқулық. Түйін жасады. Салыстырады. Дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет