Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Кіріспе. Мақсаты



бет25/25
Дата08.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#6492
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Д.ж. экологиялық проблемалары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға д.ж. экологиялық проблемалары, пайда болу себептері, қорғалу іс-шаралары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Д.ж. экологиялық проблемаларымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс.



3. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Д.ж. елдерінің мемлекеттік құрылымы?

2. Басқарудың басқа да түрлері?

3. Елдердің саяси-әкімшілік құрылысы?

4. Монархиялы басқару?

5. Федерациялы елдер?

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы қоғам мен табиғат арақатынасының үш тобын бөліп көрсету.

Қоғам мен табиғат арақатынасы



Табиғатты ұтымсыз пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаның нашарлауы.

Литосфера, гидросфера, атмосфераның антропогендік әрекет әсерінен қатты, сұйық, газ түріндегі қалдықтармен ластануы.

Өндіріс процесі барысында жасалынатын химиялық заттармен қоршаған ортаның ластануы.


3. Топтастыру.

Топтастыру арқылы табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымдарды түсіндіру.


Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді











V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Д.ж. экологиялық проблемалары.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясын қалай түсінгендерін анықтау.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Материктер мен мұхиттар географиясын қайталаған тұлға.

Сабақтың типі: Пысықтау, жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: 1. Әңгіме-дәріс.

2. Тест.



Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Қорытындылау.

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.

ІV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Тест сұрақтары арқылы материктер мен мұхиттар географиясы пәні қайталанады.


1.Жер шарының жалпы ауданы қанша?

а) 510,2 млн км ²

2) 149,1 млн км ²

б) 361,1 млн км ²

в) 53,3 млн км ²

2.Материктерге таяу жағалаудағы қайрандар мен материктік беткейлерде не орналасқан?

а) Түбектер

ә) Аралдар

б) Шығанақтар

в) Бұғаздар

3.Географиядағы елтану бағытына негіз салған кім?

а) Ф.Магеллан

ә) Р.Амундсен

б) Страбон

в) Архимед

4.Ең көп қолданылатын проекция түрлері.

а) Цилиндрлік, конустық, азимуттық

ә) Геометриялық, үшбұрышты, пирамидалық

б) Домалақ, масштабты, астрономиялық

в) Қолданылмайды

5.Еуразия материгінің ауданы.

а) 53,3 млн. км.²

ә) 30,3 млн. км.²

б) 24,2 млн. км.²

в) 18,3 млн. км.²

6.Еуразия жағалауларын д.ж. мұхиттың қаншасы шайып жатыр?

а) 4

ә) 2

б) 1

в) 3

7.Сапфир, рубин сияқты асыл тастар Еуразияның қай аймағында өндіріледі?

а) Сахалин аралы

ә) Үндістан түбегі

б) Крит аралы

в) Камчатка түбегі

8.Еуразияның Атлант мұхиты алабына жататын өзендері?

а) Дунай, Рейн, Висла

ә) Амур, Хуанхэ, Янцзы

б) Үнді, Ганг, Тигр

в) Еділ, Жайық Әмудария

9.Арктикалық шөл зонасы қандай климаттық белдеуге жатады?

а) Қоңыржай

ә) Субарктикалық

б) Экваторлық

в) Арктикалық

10.Саванналар мен ауыспалы ылғалды ормандарда топырақтың қандай түрі тараған?

а) Қара, қара қоңыр

ә) Қоңыр, сұр қоңыр

б) Қызыл, қызыл қоңыр

в) Сары

11.Италия қай аймаққа кіреді?

а) Солтүстік Европа

ә) Оңтүстік Европа

б) Шығыс Европа

в) Батыс Европа

12.Солтүстік Америка материгінің ауданы:

а) 24,2 млн. км.²

ә) 53,3 млн. км.²

б) 18,3 млн. км.²

в) 30,3 млн. км.²

13.Солтүстік Американың оңтүстік–шығысындағы тау:

а) Кордильер

ә) Атлас

б) Апалачи

в) Анд

14.Материктің қай бөлігінде жауын–шашын көп түседі?

а) Солтүстік–батысы

ә) Оңтүстік-шығысы

б) Оңтүстік–батысы

в) Солтүстік–шығысы

15.Кордильераның батыс беткейінен басталатын қысқа ағынды өзендер қандай алапқа жатады?

а) Солтүстік мұзды мұхит

ә) Тынық мұхит

б) Атлант мұхит

в) Ішкі тұйық алап

16.Арктикалық шөл зонасында мұз басу дәуірінен қалған қандай өсімдік тіршілік етеді?

а) Қодас

ә) Тур

б) Қойөгіз

в) Піл

17.Орталық Америкадағы ең үлкен аралдық мемлекет?

а) Пуэрто–Рико

ә) Доминика

б) Мексика

в) Куба

18.Оңтүстік Американың ең биік нүктесі?

а) Мак–Кинли

ә) Аконкагуа

б) Джомолунгма

в) Климанджаро

19.Төмендегі ауа массаларының қайсысы материкке басым ықпал етеді?

а) Арктикалық

ә) Субэкваторлық

б) Субтропиктік

в) Қоңыржай

20.Оңтүстік Американың шөлейт зонасының топырағы?

а) Сұр және қоңыр

ә) Қызғылт–қара

б) Қызыл–қоңыр

в) Қызыл–сары

21.1855 жылы Виктория сарқырамасын ашқан зерттеуші?

а) В.Гамма

ә) Д.Ливингстон

б) Г.Стэнли

в) В.Юнкер

22.Африкадағы кеуіп қалған арналарды не деп атайды?

а) Сьерралар

ә) Пуналар

б) Прерийлер

в) Уәдтер

23.Африканың қазіргі халқы қанша?

а) 3,1 млрд.

ә) 320 млн.

б) 700 млн.

в) 470 млн.

24.Материктің шығысындағы тау.

а) Үлкен Суайрық жотасы

ә) Саян

б) Аконкагуа

в) Атлас

25.Аустралия өзендерінің 60 %-ы қандай алапқа жатады?

а) Тынық мұхит

ә) Ішкі тұйық

б) Солтүстік мұзды мұхит

в) Үнді мұхит

26.Аустралиядағы эндемик жануарды анықта.

а) Ақ аю

ә) Зебра

б) Ехидна

в) Қодас

27.Тынық мұхиттың ауданы:

а) 178,6 млн. км.²

ә) 53,3 млн. км.²

б) 30,3 млн. км.²

в) 14,1 млн. км.²

28.Қоңыржай белдеулерде жылдың салқын мезгілінде қандай желдердің ықпалы күшейеді?

а) Бриздер

ә) Муссондар

б) Батыс желдері

в) Ебі желі

29.Мұхит аралдарындағы құрлықта да, суда да тіршілік ететін жануарлары.

а) Танқы шаян

ә) Ехидна

б) Казуар

в) Какаду

30. Материктің ең төмен жатқан жері.

а) Бентли ойысы

ә) Винсон тауы

б) Шмидт жазығы



в) Эребус жанартауы


Қорытындылау.

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.

ІV. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Қайталау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет