Жаратылыстану 5 сынып. Күнделік сабақ жоспарлары (барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)
/География /Жаратылыстану 5 сынып. Күнделік сабақ жоспарлары (барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: §1.Жаратылыстану- табиғат жайлы ғылымдардың жиынтығы ретінде.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жаратылыстану пәнінің зерттейтін құбылыстары, жаратылыстану пәндері жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.
Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап.
Қайталау сұрақтары
ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру.
«Дүниетану» ұғымы қандай мағына береді?
Дүниетану дегеніміз не?
Дүниетану пәнінің мақсаты.
Дүниетану пәнінің маңызы.
Дүниетану нені оқытады
Жаңа сабаққа дайындық.
Табиғатқа бақылау жасағанда орманда немесе далада қандай құбылыстар жүріп жатқанын байқадыңдар ма?
Жаңа сабақ.
Әңгіме-дәріс.
«Жаратылыстану» сөзі екі ұғымнан тұрады: «Жаратылыс- табиғат және оны тану». Жаратылыстану ғылымының бірнеше саласы бар. Мәселен, астрономия ғылымы- аспан денелерін, физика-табиғат құбылыстарын зерттейді. Химия-бір заттың екінші затқа айналуы туралы ғылым. География – біздің ғаламшарымыз туралы, биология –тірі табиғатты , экология-тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен , сондай-ақ адам мен табиғаттың қарым-қатынасы арқылы қоршаан ортаны сақтаудың ғылыми негізі.
Біз өсімдіктерді , жануарларды, жәндіктерді, құстарды көре аламыз.
Макро— грек тілінен аударғанда «ұзын, үлкен»деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз күрделі ғылыми терминнің бір бөлігі ретінде жиі қолданылады.табиғаттағы үлкен құбылыс пен үдерістерді, сондай-ақ адамдарды да макродүниеге жатқызамыз.
Микро- «өте ұсақ, майда» деген мағынаны білдіреді. Микродүние –макродүниенің негізі. Оны үйге немесе құрылыс ғимаратына ұқсатуға болады. Ғимарат тек бір заттан тұрмайды.оны қалау үшін цемент ерітіндісі мен кірпіш, т.б нәрселер қолданылады. Микродүниені микроскоп көмегімен көре аламыз. Қазіргі уақытта ғылымдар микродүниеден де ұсақ денелердің бар екеніне көз жеткізді. Мұндай «микромикродүниеге» жаңадан «нанодүние» деген атау берді.
Мега— грек тілінен аударғанда «үлкен» деген ұғымды білдіреді. Оған Жер шары, Ғарыштық кеңістік жатады. «Макро», «мега» т.б. тәрізді ғылымда өзіндік атауы бар сөздер термин ретінде қабылданған.
Термин— (лат. –шек, шеті, шекарасы ) деген мағынада айтылады.
2. Топтастыру.
Топтастыру арқылы оқушыларға жаратылыстану ғылымдары түсіндіріледі.
Кестемен жұмыс.
Оқушыларға Жаратылыстану пәні зерттейтін табиғат құбылыстарын түсіндіру.
Астрономия
|
Аспан әлемі.
|
География
|
Жер
|
Биология
|
Тіршілік
|
Химия
|
бір заттың екінші затқа айналуы
|
Физика
|
табиғат құбылыстары
|
Жаңа сабақты бекіту.
«Жаратылыстану » ғылымы нені оқытады? Оның қандай салалары бар?
Адамдар не үшін жаратылыстануды оқып білуі қажет?
Жаратылыстану қандай ғылымдардың негізі?
Біз қоршаған ортаны қай белгілеріне қарап, қандай салалрға бөлеміз?
VІІ.Қорытындылау.
Дәптермен жұмыс.
Терминдер
|
Түсініктер
|
Макродүние
|
«ұзын, үлкен»
|
Микродүние
|
«өте ұсақ, майда»
|
Мегадүние
|
«үлкен»
|
VІІІ. Үйге тапсырма беру
1 оқу. Жаратылыстанушы ғалымдар туралы деректер жинау.
Көпірдің жасалу жобасы.
Бағалау.
Күні:
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы:§2.Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларғатабиғатты оқып үйрету туралы және тәсілдері мен табиғат танушылардың қағидаларын білу. Әр түрлі білім көздерімен оқушылардың білімдерін тереңдету.
Дамытушылық:Оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту, табиғатты бақылау әрі тамашалауға зейінін бұру;
Тәрбиелік: Оқушылардыңлогикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру, даралық қабілетін сезіндіру, руханилыққа тәрбиелеу, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: барометр — анероид, анемометр, монокуляр.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:Дамыта оқыту, сұрақ — жауап, ойын элементтері, шығармашылық әдіс, талдау.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру:
Үй тапсырмасын сұрау:
Өткен сабақты пысықтап, оқушыларға өткен сабақ бойынша сұрақтар қою
III. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
Сұрақ – жауап арқылы сұрау.
Жаратылыстанупәніненіүйретеді?
Ғарыштықденелердегеніміз не?
Ғарыштықденелертуралығылымқалайаталады?
Органикалықзаттарға не жатады?
Бейорганикалықзаттардегеніміз не?
Табиғатқұбылыстарыдегеніміз не?
Жаңа сабақ:
Оқушыларға Қазақстан табиғатының көріністерін бейнелейтін суреттерді көрсету арқылы, табиғаттың көркемдігін, таңғажайыптылығын айту. Олардыкүнделіктіөмірдебайқамай, тек саяхатқашыққандағанатамашалайтындығымызөкініштіекендігінайту. Ал ежелгіадамдартабиғаттыңбелгілібірмаусымдарғабайланыстыөзгеретіндігінбайқаған. Алғашқыадамдараңаулауғашығып, олардыңтіршілікететінаймағынжәнежүріс — тұрысынүйренгендігінтүсіндіру.
2.Табиғаттыоқыпүйренудіңбірнешеәдістері бар. Оныңбіріншісі – бақылау.Алғашұшыпкелетінқұс – Наурызек, алғашөсіпшығатынгүл – Бәйшешеккөктемхабаршыларыболса, құстардыңқайтуы – күнніңсуып, қыстыңкелетініңбілдіреді. Күнніңқызарабатуыертеңгікүнніңжылыболатындығын, тауықбиіктеқонақтасажауынжауады, қоқиқазбылтырғыұясынжөндемейжұмыртқаласа, жаздақұрғақшылықболады, егеркерісіншежөндепбиіктететінболсажазжаңбырлыболадыдепболжағаната — бабаларымыз. Олкөпжылдықбақылаудыңжемісіекендігінтүсіндіру.
Күнделікті ауа райын теледидар, радио арқылы тыңдаудың өзі бақылаудың нәтижесіне жатады.Оларарнайыаспап — құралдарарқылыіскеасады.
Монокуляр құралынкөрсету. Құрылысыментаныстыру.Монокуляр арқылыкүндібақылайды.
Бақылау өлі табиғатты бақылау, жануарларды бақылау, өсімдіктерді бақылау, адамдардың еңбек етуін бақылау сияқты жекелей қарастыруға болатындығын баяндау.
3.Екіншіәдісінетәжірибе (эксперимент)жасаужатады. Оләдісзертханадажасалынатындығынтүсіндіру. Мысалретінде: қыздыру, суытудысипаттау.
4.Келесіәдіске – өлшеужатады. Өлшеуарқылыадамдаркөптегенденелердіңкөлемін, ауданын, арақашықтығынанықтайды. Бұләдісарнайықұрал — жабдықтардықажетететіндігінтүсіндіру.
АтмосфералыққысымдыБарометр – анероиддепаталатынқұралдыңкөмегіменөлшейді.
Барометр — анероид құралын көрсету, құрылысын түсіндіру.
Корпус; 2. Гофрирленгенқорапша; 3. Шынықақпақ; 4. Көрсеткіш шкала; 5. Металл пластина.
Желбағар – желдіңбағытынкөрсетеді. Желбағардыңсуреттерінкөрсету, құрылысынтүсіндіру.
Анемометрменжелдіңкүшінанықтайды. Анемометр суреттерінкөрсет, құрылысынтүсіндіру, заманауиүлгілеріментаныстыру.
5.Табиғаттанушыларға (натуралистер) арналғансегізқағиданытүсіндіру. Олар: 1. Шыдамдылық, 2. қырағылық, 3. нақтылық, 4. топтасып жұмыс жасау, 5. қолжазба, 6. коллекция жинау, 7. бақылау дағдысы, 8. қорыту, 9. саралау, 10. сұрақ қою.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1 — тапсырма. Оқулықтағы сурет бойынша оқушылардың білімін пысықтау. Сұраққою. Жауапалу. Оқулықпенжұмысістеу.
2 — тапсырма.Ребусты шешу.
[бақшаның суреті]Ш = Ы
[балықаулайтынаудыңсуреті] А = Л
[тәждіңсуреті] және [ірімшіктіңсуреті],,,,, [иненіңсуреті],, + БЕ
Қорытынды:
Оқушыларға түсіндірілген сабақ бойынша сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
Табиғатты оқып үйренудің неше әдісі бар? Оларды ата?
Бақылау әдісін қалай түсінеміз?
Тәжірибе әдісі қалай жүзеге асырылады?
Өлшеу әдісін қалай түсінеміз?
Барометр — анероид құралымен нені өлшейді?
Анемометменненіөлшейді?
Монокулярменненіөлшейді?
Табиғаттанушылардыңқандайқағидалары бар?
Үйге тапсырма:
2.Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістерін оқу.
Тақырып соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру.
VII. Бағалау:
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы.(саяхат- сабағы)
Сабақтың мақсаты:
Өтілген тақырыпты қайталап, бекіту;
Ø Оқушыларға аймақтық компонентті қолдана отырып, туған өлкеміз Бесқарағайдың тарихымен таныстыру;
Ø Өлкетану тарихын пайдалана отырып оқушылардың бойында өз өлкесіне деген сүйіспеншілігін дамытып, патриоттық сезімге, елін, халқын сүюге тәрбиелеу.
Ø Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылықтарын ояту
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ ( Бесқарағай жеріне саяхат)
Көрнекіліктері: «Менің Отаным-Қазақстан», «Астана»,«Бесқарағай тарихы» тақырыптарына слайдтық фильмдер, интерактивті тақта, фишкалар, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды, келген қонақтарды психологиялық икемге келтіру
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше. Сабағымызға облысымыздың түкпір-түкпірінен қонақтар келіп отыр. Олар, сендердің күш-жігерлеріңді, білімдерінді, еңбекқорлықтарынды бағаламақшы. Ендеше, бір-бірімізге бүгінгі сабағымыздың сәтті өтуіне тілек білдіріп, көңіл-күйімізді көтерейікші. Ол үшін, жанымызда отырғанның қолынан ұстап, жыл бойы тойланып келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, сәттілік тілейікші. РАХМЕТ!
Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру. № 1-2 слайд
Сабағымыздың эпиграфы: «Туған жерің-тұғырың»
Балалар, менің білуімше ізденпаз балаларсыңдар. Сондықтан, бүгін біз сендермен Отанымыз Қазақстан Республикасына саяхат жасаймыз. Саяхатты бастамас бұрын, атымыздың басын тірейтін аялдамаларымызды анықтап алайық. Ендеше, экранға назар аударыңдар:
№ 4 слайд.
Оқушыларға сұрақ:
-Балалар, сендер өткен сабақта Отанымыз — Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихымен таныс болдыңдар. Енді, өзіміздің туып-өскен жеріміз Бесқарағайдың тарихымыен танысқыларың келе ме?
Ол үшін сендер, бүгінгі саяхат-сабағымызда, әр аялдамадан сүрінбей өтулерін керек, сонда ғана, біз сендермен өзіміздің Бесқарағайға жетіп, ауданымыздың тарихымен таныса аламыз. Түсінікті ме, балалар?
Ендеше, жол болсын!
Бірінші аялдама – «Қазақстан» деп аталады. Назар салыңдар, әр аялдамада сендерді сыйақы күтіп тұр. Ол сыйақыны алу үшін, сендер белгілі бір сұрақтарға жауап берулерің керек. Дұрыс жауап берген балаларға Бесқарағай ауданының Елтаңбасы бейнеленген фишка беріп отырамын. Сендер, ең соңында өзіміздің ауданымызға жету үшін, Қазақстан Республикасын Тәуелсізідігінің 20 жылдық мерейтойына орай 20 фишка жинауларын керек.
Іске сәт!
Бірінші аялдамамыздың тапсырмасы: Алдарында аялдамаға байланысты «Қазақстан» деген сөз тұр. Сендер қазір осы сөзге байланысты, қатысты деп ойлайтын сөздерді жазуларың керек. Қане, кім жазады? (оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс жасайды)
Өте жақсы, балалар! Сендер алғашқы аялдамадан сәтті өттіңдер, Ендеше сендерді сыйақы күтіп тұр. Ол үшін экранға назар аударайық.
«Қазақстан Республикасы» атты тақырыптық слайдтық фильм.
Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Келесі аялдамамыз «Астана» деп аталады. Бұл өткелден сәтті өту үшін сендер сөзжұмбақты шешулерің керек. Сөзжұмбақты дұрыс шешетін болсаңдар, белгіленген жерден ауданымыздың, ауылымыздың аты шығады. Ендеше сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының рәмізі? (Елтаңба)
2. Біздің Отанымыз солтүстігінді қай мемлекетпен шектеседі? (Ресей)
3. Қазақстанның жүрегі? (Астана)
4. Астана қаласы қай облыста орналасқан? (Ақмола)
5. Бейбітшілік пен келісім сарайы? (Пирамида)
6. Қазақстан республикасының жоғарғы басшысы? (Президент)
7. Мемлекеттік Әнұранның музыкасын жазған? (Қалдаяқов)
8. Біз сендермен Қазақстанның қай өңірінде тұрамыз? (Шығыс)
9. Қазақстанның оңтүстік астанасы болып есептелетін қала? (Алматы)
10. Астананың жүрегі? (Бәйтерек)
(Оқушылар сөзжұмбақты тақтаға орындайды, жауаптардың суреттері слайд арқылы көрсетіліп отырады)
Сөзжұмбақты тамаша шешкендерін үшін сендерге сыйақы беріледі. Ендеше, экранға назар аударайық.
«Астана» атты тақырыптық слайдтық фильм.
Міне балалар,барлығы 20 фишканы жинап, өзіміздің ауданымызға, үйімізге де келіп жеттік.Соңғы аялдайтын жеріміз-Бесқарағай. № 21 слайд. Бүгінгі біздің саяхатымыздың басты мақсаты, сендерді туған жеріміз, кіші отанымыз Бесқарағайдың тарихымен таңыстыру. Мұқият тыңдап алайық.
№ 22-27 слайдтарды көрсете отырып, аудан тарихын әңгімелеу.
Жалпы, тарихи құжаттарға үңіле отырып, Бесқарағай ауданы 1928 жылы құрылғанына көз жеткіземіз. Ауданның атауы жердің түріне байланысты аталған. Ауданның жері қарағайлы орманмен қоршалған. Барлығы бес қарағайлы орман белдеулері бар. «Бесқарағай» сөзінің шығуы осыған байланысты. Ауданымыз көрші Павлодар облысының құрамында құрылған. 1959 жылы Семей облысына берілді. 1997 жылы Семей облысының таратылуына байланысты Бесқарағай ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірді. Орталығы – Бесқарағай ауылы. Аудан әкімі Байғонусов Қалихан Байғозыұлы. Ауылымыз халық арасында «Борас» деп аталады. Оның айтылуы тарихтың терең қойнауында жатыр. Ертеректе, нақты айтатын болсақ, ХVІІ ғасырда осы жерде Бораш деген бай өмір сүріпті. Соған байланысты «Борас» деп аталуы осыдан. Кейіннен, ауылымыз Үлкен Владимировка деп аталды. Оның аталу себебі, 1867-68 жылдардағы Ресейдегі жер реформасынан кейін, орыс ұлт өкілдері көрші мемлекет, Қазақстанға коңыс аудара бастаған. Сол кезде осы жерге ағайынды шонжарлар Владимирлер көшіп келеді. Үлкен ағасы біздің ауылымыздың жерінде, кіші інісі Владимир қазіргі Кіші Владимировка ауылына қоңыстанады. Ауылдардың бүгінгі күнге дейін аталуы да осыдан. 2008 жылдан бастап ауылымыз «Бесқарағай» деп өзгертілді. Ауданымыздың басты байлығы – оның халқы болып табылады. Бүгінгі күнде 24 мыңннан астам халқы бар ауданымызда 25 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ауданымыздан Ұлы Отан соғысының батырлары: Иван Корнев, Сергей Елистратов, Махмет Қайырбаев, Александар Белоусов, сонымен қатар, аты аңызға айналған Нұрлыбек Баймұратов, ауған соғысының ардагері, жауынгер-батыр Калел Калтаев т.б. көптеген атақты адамдар шыққан. Бұл адамдар туралы күнтібелік жоспарға сәйкес келесі сабақтарымызда кеңінен тоқталамыз. Бүгінгі күнде ауданымыз 10 ауылдық округке бөлінген.
— Балалар, біз сендермен қай округте тұрамыз?
— Ал, ауданымыздың ірі ауылдарын білесіңдер ме? Қане, атап беріңдерші. (Дәптерлерімізге жазып алайықшы)
Өте жақсы! Бүгінгі сабағымыздың эпиграфын «Туған жерің-тұғырың» деп бекер алған жоқпын. Осы ауданымыздың, мемлекетіміздің тарихын жалғастыру, мелекетімізді одан әрі дамыту, Сендердің қолдарыңда. Сол үшін сендер білім алып, еліміздің көркейуіне өз үлестеріңді қосуларын керек. Еліміздің, туған өлкеміздің нағыз патриот азаматы, «Туған жерлеріңнің тұғыры» болуларын қажет. Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өтіп отырғандықтан, өткен сабақта сендерге шығармашылық тапсырмалар, яғни, «Отан», «Қазақстан» тақырыптарына 4 жолдық өлең құрастыру және осы тақырыптарға суреттер салу берілген болатын. — Қане, кім жауап береді?
(Оқушылар өздерінің тақпақтарын, суреттерін таңыстырады)
Өте жақсы, балалар!
— Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Бүгінгі біз сендермен алдымызға қойған сабақтың мақсатына жеттік деп ойлаймын. Сабаққа белсенділікпен қатысқандарға зор алғысымды білдіремін. Келесі сабаққа «Менің туған ауылым» деген тақырыпқа қысқаша эссе шығарма жазып келіңдер. Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!
Сабақ жоспары
Сынып: 5
Пән: Жаратылыстану
Тақырыбы: Астрономия – ғылым ретінде, жұлдызды аспан
Сабақтың мақсаты :Оқушыларға аспан денелері туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік: Жұлдызды аспан және жұлдыздар жүйесі туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жинақтаған білімдерін ары қарай дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды өзара түсіністікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақ типі:Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, түсіндіру
Көрнекіліктер: суреттер, үлестірме қағаздар
Пән аралық байланыс:физика
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру сәті(2 мин)
2.Пысықтау сұрақтары(8 мин )
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру (25мин)
4.Жаңа тақырыпты бекіту (5мин)
5.Бағалау (3мин)
6.Үйге тапсырма беру(1мин)
1.Ұйымдастыру
— сәлемдесу
-оқушыларды түгендеу
— сабаққа назар аударту
2.Үй тапсырмасын сұрау:
1.Оймаржан
1.Жаратылыстану қандай ғылым ?
2.Табиғатты оқып үйренудің әдістерін атаңдар?
3.Табиғаттанушыларға арналған неше қағида бар ?
4.Астрономия қандай ғылым ?
5.Жаратылыстанушы ғалымдар туралы айтындар?
2.Ұлы есімдер
Ш.Уәлиханов
Н.Коперник
К.Линней
Әбу-Райхан-әл-Бируни
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қандай жұлдыздардың аттарын білесіңдер ?
Ашық бұлтсыз түнде құрал – жабдықты пайдаланбай аспан әлемінде сансыз жарқырап тұрған жұлдыздарды көруге болады.Адамды тек жұлдыздың әдемілігі ғана емес оның аттарыда соншалықты қызықтырған. Мысалға, Антарес,Альдебаран,Таңшолпан,Жетіқарақшы,Үркер және т.б.
Сонымен , жұлдызды аспан кеңістік дегеніміз не ?
Бұл әр түрлі пішіндегі, бір – біріне ұқсамайтын аспан денелері.Олардың негізін жұлдыздар тобы құрайды. Жұлдыз дегеніміз — бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі.Күннің бізге үлкен болып көрінуі себебі, ол Жерге басқа жұлдыздардан гөрі көп жақын.Ал әрбір жұлдыз бізден өте алыста тұрған Күн деп есептеуге болады.Біздер үшін барлық жұлдыздар әлемі бірыңғай айналып жүреді де Темірқазық жұлдызы орнынан жылжымайтын сияқты көрінеді. Шындығында жұлдыздар емес ,біздің Жер ғаламшарымыз айналады.Ал Темірқазық жұлдызы әрдайым солтүстік бағытты көрсетеді.Жұлдыздарды зерттеуде ғылымға үлкен еңбек сіңірген Ұлықбек болды.Оны қызықтырған аспан әлемі мен табиғаттың құпиялары.Обсерваторияда көптеген аспан денелерінің құпиялары ашылып 1018 жұлдыздан тұратын жұлдыздаркатологы жасалынды. Жұмысының нәтижесі « Жаңа астрономиялық кесте » атты белгілі еңбегінде көрсетілді.Жұлдызды аспан – аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы.Түнде жай көзбен аспан сферасының жартысынан , ауа райы жақсы жағдайда, бір мезгілде 2,5 мыңдай жұлдызды көруге болады.
Жұлдыздардың көбі қайда орналасқан ? Галактикалық жыл деген не ? Жерге ең жақын жұлдызды қайсы деп ойлайсындар ?
Ашық айлы түнде сансыз жұлдыздар жарқырап көрініп тұрады. Олардың көрінетінін, көрінбейтінін жинақтап адамдар ғарыштық кеңістік деп атайды.Ғарыштық кеңістіктің үлкендігі сондай,оны біздің қолданып жүрген өлшем бірлігімен есептеп , шекарасын анықтау мүмкін емес.Бұндай шексіз ара қашықтықты жарық жылмен есептейді. Жарық жыл – жарықтың 1 жылда өтетін қашықтығы немесе бір жылда 946 млн шақырымға жетеді.Жеке жұлдыздардың тобын Галактика деп атайды. Соның бірі біздің Галактикамыз — Құсжолы .Күн де басқа жұлдыздар сияқты галактиканың орталық нүктесінен шамамен 250 миллион жылда айналып өтеді.Бұл уақытты Галактикалық жыл деп атайды.
Ғарыштық кеңістік дегеніміз – әр түрлі пішіндегі қалыптасып , жер атмосферасының тысқары жатқан өзіндік жұлдыздары, ғаламшарлары, астероидтары, кометалары мен шаң- тозаңды газдары бар ғаламшар, жұлдыз , галактика аралық бос кеңістік.
4.Жаңа тақырып бекіту:
Қорытынды:
Жұлдыз дегеніміз — бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі.
Жұлдызды аспан – аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы.
Жарық жыл – жарықтың 1 жылда өтетін қашықтығы немесе бір жылда 946 млн шақырымға жетеді
Жеке жұлдыздардың тобын Галактика деп атайды
Ғарыштық кеңістік дегеніміз – әр түрлі пішіндегі қалыптасып , жер атмосферасының тысқары жатқан өзіндік жұлдыздары, ғаламшарлары, астероидтары, аралық бос кеңістік.
Оқушыларды бағалау
6.Үйге тапсырма:§ 4. Астрономия – ғылым ретінде, жұлдызды аспан.
Қорытынды сөз.
Сабақ:
Мерзімі:
Тақырыбы: Күн және күн жүйесі. Ғарыштық кеңістіктің заттық табиғаты.
Мақсаты:
Білімділік:Күн жүйесімен танысу.
Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, ой орісін дамыту, жалпы табиғат туралы көзкарастарын кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту,табиғат туралы ойларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрену. Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қабілетін қалыптастыру, Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктері:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, Оқушыны түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Жұлдыз дегеніміз не?
Шоқжұлдыз дегеніміз не?
Жұлдыздарды зерттеуде өз үлесін қосқан кім?
Қандай жұлдыздардың аттарын білесің?
Қандай жұлдыздар адамдарға бағыт-бағдар бере алады.?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұлдыздардың көрінетінін, көрінбейтінін жинақтап адамдар ғарыштық кеңістік деп атайды. Жорамал бойынша біздің Галактикамыз сутегінен тұратын газды бұлттардан пайда болды дейді. Газды заттардың бір-бірімен соқтығысуы олардың жылдамдығын тежеп жылу қуатының пайда болуына әсер еткен деп есептейді. Ғарыштықкеңістік дегеніміз — әр түрлі пішінде қалыптасып, жер атмосферасынан тысқары жатқан өзіндік жұлдыздары,ғаламшарлары, астероидтары, кометалары мен шаң-тозаңды газдары бар ғаламшар, жұлдыз, галактика бос кеңістік.
Күн — жер бетіндегі жарықтың және энергияның көзі. Сондықтан да адамдар және оны қоршаған дүниенің барлығы күннің жарығынәтижесінде өмір сүруде. ЕгерКүн болмаса жер бетінде жарық болмас еді, себебі Жердің жарық бөліп шығару қабілеті жоқ. Күн сәулесінің қуаты болмаса жануарлар мен өсімдіктер өмір сүре алмаған болар еді. Күн — табиғаттағы ерекше жаратылған сансыз көп жұлдыздардың бірі, жерге ең жақын орналасқан жұлдыз. Күн дегеніміз — балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар. Күн мен Жердің орташа ара қашықтығы 150 млн шақырым. Күннің бетіндегі температура — өте жоғары. Оның бетіндегі қою дақтарда температура біршама төмендеу.
Кү жарқырап шуағын шашқанымен бірге жылу да береді. Өсімдіктер күзде және қыста дамуын уақытша тоқтатып, көктемде күн жылынғанда қайтадан өсе бастайды.Жылу өсімдіктерден басқа жануарларға да қажет. Олардыңда көбеюіжәне жер бетінетаралуы жылуға байланысты. Аспандап ғаламшарларжарқырап көрінеді. Барлық ғаламшарлар Күнді айнала өзінің орбитасымен қозғалады.
Орбита дегеніміз — Күнді айналақозғалатын ғаламшарлардың жолы.
Меркурий — Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар. Оның диаметрі Жерден 2,5 есе кіші. Күнді 88 тәулікте айналып өтеді. Жарты шардың Күнге қарғана жағының температурасы өте жоғары, ал қарама-қарсы жағында өте суық.
Шолпан (Венера). Ауданы жағынан Жерден сәл кіші. Күнді 225 тәулікте айналып өтеді. Беткі температурасы шамамен 500ºС болатын ең жарық ғаламшар.
Марс. Оның диамерті жерден екі есе кіші. Күнді687 тәулікте айналып өтеді. Марстың екі серігі бар — Фобос және Деймос. Серіктер Марсты айнала қозғалуымен қатар Күндіде Марспен бірге айналып өтеді.Күн жүйесіндегі бесіншіең үлкен ғаламшар — Юпитер . Шолпаннан кейінгі екінші жарық ғаламшарлардың бірі.
Юпитердің 16 серігі бар.
Сатурн. Ғаламшардың ерекшелігі сансыз көп тастардың кесектерінен, мұзданжәне шаң-тозаңнан тұратын жалпақ жарқыраған сақина тәрізді болып келуі. Диаметрі Жерден 9,5 есе үлкен Күнді 29,5 жылда айналып өтеді. Айналасында 17 серігі бар.
Уран. ХVІІІ ғасырда ашылған. Нақты айтсақ 1781 жылы неміс астрономы Вильгелм Гершель ашты. Оның Күннен алыстығы соншалықты, Күннен бөлініп шыққан жылуды Жерге қарағанда 400 есе кем алады.
Нептун. ХІХ ғасырда, яғни 1846 жылы ғылымға белгілі болды. Оны француз Урбен Леверье және ағылшын Джон адамсашты. Құрылымы Уранға ұқсас.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің қандай маңызы бар?
Күн дегеніміз не?
Күннің жылуын қандай байлық көзіне жатқызуға болады?
Бағалау.
VІ. Үй тапсырмасы.
Күн және күн жүйесі. Ғарыштық кеңістіктің заттық табиғаты.
мазмұндау.
Достарыңызбен бөлісу: |