I. Әлеуметтік міндеттері
Бұл – баланы қорғау, көмек көрсету, отбасымен бірігіп, баланың дамуына, оның даралық
қасиеттерін қалыптастыруына жағдай жасау үшін байланыс орнату.
ІІ. Диагностикалық-әдептік міндеттері
Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын,
олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білуі керек.
III. Жеке–дара практикалық міндеттері
Оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алуды, өз
жұмысын жоспарлауды, талдап түзетуді және педагогикалық рефлексі жатады.
1. Оқушының жеке дамуын бақылау, оның өрісін дамып, қабілеттерінің ашылуына жағдай
жасау.
2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
3. Оқушыларды қоғамдық қатынастарға жеке дара, топтық әрекетін ұйымдастыру.
4. Оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.
5. Оқушылардың тұрмыс жағдайын зерттеу.
6. Оқушылардың дамуындағы жеке мінез құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды
психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету.
7. Өмірде кездесетін күрделі проблемаларды шешуде көмек көрсету.
8. Оқушылардың әлеуметтік және заңды құқықтарын қорғау.
9. Өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас
орнату.
10. Үнемі практикада педагогика, психология мәселелеріне байланысты өзінің білімін
жетілдіру.
29-билет
Қазіргі мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдары. Оқушылар ұжымын қалыптастыру
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б.
Үшінші кезең - белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау. Осыған орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою бала-ларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.
А.С.Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардық жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.
Достарыңызбен бөлісу: |