Сабақ т ақырыптар о қу мақсаттары сағат саны 1-тоқсан І бөлім



Дата30.08.2023
өлшемі56 Kb.
#180015
түріСабақ
Байланысты:
«Тіл-мәдениеті»-таңдау-курсы.-7-сынып


ШҚО Тарбағатай ауданы « Тана мырза орта мектебі» КММ

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Енсебаева Жулдуз Шакоровна


«Тіл мәдениеті» курсы 7-сынып (апталық сағаты 1)

жоспардың
бөлімдері



сабақ

тақырыптар

оқу мақсаттары

сағат саны

1-тоқсан
І бөлім
«Ана тілім – айбыным!»

1-сабақ

Тіл мәдениеті туралы түсінік.
Тіл туралы толғамдар

Тыңдалым және айтылым 7.1;7.5

1

2-сабақ

Ауызша сөйлеу
мәдениеті

Әдеби тіл нормалары
7.4.3; 7.1; 7.2; 7.3; 7.5

1

3-сабақ

Жазба тіл, оның өзіндік
ерекшелігі

Оқылым 7.1; 7.3; 7.5; 7.7

1

4-сабақ

Лексиканың салалары
“Сүйемін туған тілім –
анам тілін...”шығарма

Оқылым 7.2; 7.5; 7.6
жазылым7.2;7.4;7.6

1


ІІ бөлім
«Табиғат-тал бесігім»

1-сабақ

Абай Құнанбаев поэзиясындағы пейзаж

Әдеби тіл нормасы 7.4.5; 7.1; 7.2; 7.3; 7.5

1





2-сабақ

Мәтін.Мәтіндегі ой бөліктері
Көркем шығармалардағы табиғат суреті

Тыңдалым және айтылым 7.3; 7.6

1


3-сабақ

Морфология.Қосымшалар-дың тіл мәдениетіндегі орны

Әдеби тіл нормалары
7.1; 7.2; 7.3; 7.5.

1


4-сабақ

«Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы» эссе

Жазылым
7.1; 7.3; 7.5

1


2-тоқсан
ІІІ бөлім
«Менің елім –Мәңгілік Ел»

1-сабақ


Әдеби тіл және оның нормалары





тыңдалым және
айтылым 7.2;7.3;7.5

1





2-сабақ

Сөз қолданудың негізгі принциптері

Тыңдалым және айтылым 7.3; 7.6

1


3-сабақ

Көпшілік алдында сөйленетін
сөздің құрылымы. Кіріспе Негізгі бөлім.қорытынды «Тәуелсіздік еркіндігім,елдігім»

Оқылым 7.2; 7.5;7.6 жазылым7.2;7.4; 7.6

1


ІV бөлім
« Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы»

1-сабақ

Синтаксис.Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасы

Түсіну және жауап беру 7.7.1.1; 7.7.2.2; 7.7.3.3;

1




2-сабақ

Ақындардың «Домбыра » өлеңдерінің көркемдік ерекшелігіне зерттеу жұмыстары І.Жансүгіров,М.Мақатаев,
Қ.МырзаӘлі шығармалары

Әдеби тіл нормалары
7.1; 7.2; 7.3; 7.5. жазылым7.2; 7.4;7.6

1

3-сабақ

Т.Ахтанов «Күй аңызы» көркемдік ерекшелігі (постер қорғау)

Түсіну және жауап беру 7.7.4.4;

1

V бөлім «Білім –асыл қазына»

1-сабақ


Тіл байлығы және сөздік қор



Тыңдалым және айтылым 7.1; 7.3;7.5

1




2-сабақ

«Сөз маржан» интеллектуалды сайыс

Тыңдалым және айтылым 7.1;7.5

1

3-сабақ


Қыстырма сөздердің тіл мәдениетіндегі қолданылатын орындары

Түсіну және жауап беру 7.7.4.4;

1


3-тоқсан


VI бөлім:
«Ұрпаққа ұран,
халқына мақтан»

1-сабақ

Синономдік, омонимдік антонимдік қолданыстағы сын есімдер қатары

Түсіну және жауап беру 7.7.1.1; 7.7.2.2; 7.7.3.3; 7.7.4.4

1


2-сабақ

Тарбағатай өңіріне мақтан батыр бабалар (реферат)

Жазылым 7.1; 7.3

1


3-сабақ

Ы.Алтынсарин шығармаларындағы ұлттық құндылықтар

Анализ және интерпретация
7.7.1.1; 7.7.2.2;

1




VII бөлім
«Көркем сөздің қуаты»



1-сабақ

Қазақ әдеби тілінің стилдері

Тыңдалым және айтылым 7.1;7.5

1

2-сабақ

Сөз тіркесінің өзіне тән белгілері
Ақын-жыраулардың сөз қолданысы (зерттеу)

Жазылым 7.1; 7.3
Анализ және интерпретация
7.7.1.1; 7.7.2.2; 7.7.3.3;

1

3-сабақ

М.Әуезов шығармаларындағы сөз тіркестерінің қолданылуы (зерттеу)

Бағалау және салыстыру7.7.2.2; 7.7.3.3; 7.7.4.4;

1


4-сабақ

«Менің мектебім» тақырыбына жай және құрма-лас сөйлемдерді қолданып, эссе жазу

Әдеби тіл нормасы 7.4.5; 7.1;7.2; 7.3;

1



VIII бөлім
«Сөз маржаны»

1-сабақ

Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі«Менің елім-Қазақстан» ойтолғау жазу

Тыңдалым және айтылым 7.1;7.5
жазылым7.2;7.4;7.6

1


2-сабақ

М.Мақатаев поэзиясындағы есімдіктердің көркем сөздің қуатын танытудағы ерекшелігі

Бағалау және салыстыру7.7.2.2; 7.7.3.3; 7.7.4.4;

1

3-сабақ

Ассонанс пен аллитерация
Ардақтаймын салтымды (ұлттық дәстүр туралы ой)

Бағалау және салыстыру7.7.2.2; 7.7.3.3; 7.7.4.4;

1



IХ бөлім
«Мен және әдебиет әлемі»

1-сабақ

Тілдің суреттеме құралдары.
Менің өлкем-қандай көркем (шығармашылық жұмыс)

Тыңдалым және айтылым 7.1;7.57.4.4; 7.1; 7.2; 7.3; 7.5.

1

2-сабақ

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіне сыни талдау

Анализ және интерпретация
7.7.1.1; 7.7.2.2;

1

3-сабақ

М.Әуезовтің табиғатты суреттеу шеберлігі
( «Көксерек»т.б шығарма-лары бойынша салыстыру)

жазылым7.2;7.4;7.6 Тыңдалым және айтылым 7.1;7.5

1



Х бөлім


« Ұлы ерлікке тағзым!»

1-сабақ

Қанатты сөздер.Б.Момышұлының қанатты сөздері

Тыңдалым және айтылым 7.1;7.5
жазылым7.2; 7.4;7.6

1

2-сабақ

«Ұлы жеңіс жыр болып жатталады...» өлең арнау

Әдеби тіл нормалары
7.4.3;7.1; 7.2; 7.3;

1

3-сабақ

Ж.Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» поэмасында ұлттық
құндылықтар,отаншылдық рух ( сыни талдау)

жазылым7.2;7.4;7.6 Тыңдалым және айтылым 7.1;7.5

1

4-сабақ

Нәтиже сабақ
«Тіл Көшбасшысы» сайысы

Тыңдалым және айтылым 7.1;7.5

1



Түсінік хат
«Тіл мәдениеті» таңдау курсында қазақ тіл білімінің салалары бойынша білімдерін дамыту,әдеби тілдің нормаларын меңгерту,шығармашылыққа баулу,тілдің коммуникативтік қызметін меңгертуге арналған оқу жоспары жасалды. Курс бағдарламасы оқу материалдары дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді. Грамматиканы жақсы меңгеру үшін оқушылардың жазу, оқу, сөйлеу сауаттылығын, яғни функционалдық сауаттылығын жетілдіру, өзіндік көзқарасты мен дүниетанымын дамытуға жол аша отырып оқытуды басшылыққа алынды.
«Тіл мәдениеті» курсында жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, тілдік қабілеттерін арттыру көзделеді. Бүгінгі заман талабының қажеттілігі: іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге тәрбиелейді. Оқушыны зерттей оқуға және тіл мәдениетін дамытуға бағытталады. Нәтижесінде оқушының қазақ тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етілді.
«Тіл мәдениеті» курсын оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, тілдің қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру. Қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін сабақтастықты көрсететін бағдарлама 10 бөлімнен тұрады.Бөлімдерде оқушылардың ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне негіз бола алатын шығармашылық жұмыстар жоспарланды:
І бөлім «Ана тілім – айбыным!» ,ІІ бөлім «Табиғат-тал бесігім» ІІІ бөлім «Менің елім–Мәңгілік Ел»,ІV бөлім « Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы», V бөлім «Білім –асыл қазына», VI бөлім:«Ұрпаққа ұран,халқына мақтан», VII бөлім «Көркем сөздің қуаты», VIII бөлім «Сөз маржаны», IХ бөлім «Мен және әдебиет әлемі», Х бөлім « Ұлы ерлікке тағзым!»
Бағдарламада көркем сөздің қуатын танытуда әдеби теориялық білім негіздерін енгіздім.Оқу бағдарламасындағы қазақ тілі пәнін оқытуға негізделген оқу мақсаттарын алдым.Оқу мақсаттарына жетуде «тіл мәдениеті» курсы бағдарламасындағы оқу жоспары А.Байтұрсынов айтқан «асыл сөздің» терең иірімдерін таныта алады .
1) тыңдалым және айтылым дағдылары бойынша мәтін негізінде оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды; көркем әдеби шығармалардан үзінді арқылы автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдайды; факті мен көзқарасты ажыратады; дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды; дәлелді жауап береді, салыстырады, талқылайды; коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білуді үйренеді;
2) оқылым дағдысы бойынша мәтіндік және графиктік ақпаратты интерпретациялайды; тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін таниды. Жанрлық ерекшеліктерін ажыратады; мәтіннің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды; мәтін негізінде проблемалық сұрақтар құрастырады; комментарий жасауды, іріктеп оқу, зерттеп оқу; сілтеме жасауды үйренеді.
3) жазылым дағдысы бойынша күрделі жоспар құруды; шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазуды; графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазуды; дискуссивті эссе жазуды; жинақы мәтін жазуды; мәтін негізінде лексикалық түзетулер енгізуді, редакциялауды үйренеді.
4) әдеби тіл нормалары дағдысы бойынша :
1) орфографиялық норма бойынша жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады;
2) орфоэпиялық норма бойынша сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады;
3) лексикалық норма бойынша фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады;
4) грамматикалық норма бойынша есімше; көсемше; тұйық етістік; шақ, рай түрлерін; еліктеу сөздер; шылау түрлерін; одағай; оқшау сөздер туралы білімдерін кеңейтеді;
5) пунктуациялық норма бойынша сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдануды үйренеді.


Күтілетін нәтиже:
1.Қазақ тіл білімінің тараулары бойынша білімдерін дамыту;
2.Тіл мәдениетін меңгерген, коммуникативтік қатынасты игерген,интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға тәрбиелеу;
3. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жалпыұлттық құндылықтарын құрметтейтін,шешендік сөз,ата-баба мұрасын қадірлейтін оқушының білім деңгейін арттыру; 
Білім – білік дағдылары
1. Тіл мәдениетін меңгереді,көпшілік алдында пікірталастарға қатысады;
2.Жалпы халыққа бірдей жиі қолданылатын сөздері айтады,жазады;
3. Қосымшаларды таңдап, талғай жалғай біледі;
4. Сөйлем мүшелерін орнымен қолдана алады;
5. Сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін зерттейді;
6. Сөздердің байланысу тәсілдерін біледі;
7. Сөздердің байланысу түрлерінің (қиысу, матасу, меңгеру қабысу, жанасу) бір-бірінен ерекшелігін біледі;
8. Қазақ тілінің лексикалық қорының пирамидасын жасайды;
9. Жаңа сөздердің жасалуын түсінеді,сөздік қолданысына енгізеді;
10. Сөздердің жазу және айтылу техникасын меңгере алады;
11. Тыңдалым және айтылым дағдылары бойынша мәтін негізінде жұмыс жасайды
12. Оқылым дағдысында мәтіндік және графиктік ақпаратты интерпретациялайды
13. Жазылым дағдысы бойынша шығармашылықпен ойын жеткізе алады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет