Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Сабақ мақсаты: тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру. Оқу мақсаты оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, тапсырмаларды да түрлендіре білдім. Осы мақсатта оқушылардан күтілетін нәтиже анықталып, оқушының ілгерлі жылжуына мүмкіндік туғызылды.
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Абай заманындағы базар мен қазіргі заманды байланыстыра білді, Абай заманындағы базарды ауызша суреттеп, өз ойларын дәлелдеуді үйренді.
Оқушылардың жеке қабілеттерін ескеріп, әр түрлі деңгейлі тапсырмалар саралап ұйымдастырдым. Саралау кезеңі дұрыс жүргізілді. Сабақ барысында уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ жоспарынан ауытқулар болмады.