Қайырбеков Талғат Қойкенұлы Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылы Қызылтау орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі .
Сабақ тақырыбы : $4 Абылайдың хандығы. Сабақ мақсаты : Білімдік : Оқушыларға Абылай ханның қазақтың ұлы хандарының бірі екенін , аса көрнекті мемлекет қайраткері , қолбасшы , дипломат екенін түсіндіру . ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ елінің саяси жағдайына шолу жасау .
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында жаңа сабақ мазмұнын дамыта отырып , тарихи оқиғаларды , фактілерді салыстырып , талдауға үйрету , білім алуға құштарлығын дамыту .
Абылай ханның өзіндік дербес ерекшіліктерін қосымша деректер арқылы талдап , таным қабілеттерін дамыту .
Тәрбиелік : Оқушыларды өз елінің тарихына құрметпен қарауға , Абылай ханның жақсы істерін үлгі етуге тәрбиелеу . Оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп , толерантылыққа бейімдеу . Туған жерге , отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ түрі : Жаңа білімді меңгеру , танымдық .
Сабақ әдісі :Ауызша баяндау , сұрақ – жауап әдісі , тестпен жұмыс , диаграмалармен,кестелермен , тірек -сызбалармен жұмыс.