Сабақ тақырыбы : Бензол, бензол гомологтары



бет3/5
Дата24.11.2022
өлшемі108,28 Kb.
#159713
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бензол, бензол гомологтары. 11 сынып (2)

Бензолды алу жолдары:

  1. Өндірісте: бензол және оның гомологтарын мұнайдан, кокс газынан, тас көмір шайырынан алады.

  2. лабораториялық әдіс

Бензойқышқылын декарбоксилисациялау:

Химиялық қасиеттері
1. Галогендермен :
C6H6 + Br2 -(FeBr3)-> C6H5Br + HBr
2. Азот қышқылымен:
C6H6 + HNO3 --> C6H5-NO2 + H2O
Сонымен, адамзат бензолға бензин, жарық беретін шамдар, су газы, спирт, автогендік балқытуға арналған заттары үшін алғыс айтса болатын сияқты. Автомобилдер – атмосфераға бензол қалдықтарын тастайтын негізгі заттар. Дегенмен, бензолға алғыс айтуға асығудың қажеті жоқ сияқты. Өйткені бұл заттың практикалық пайдасынан басқа адам организмі үшін үлкен, улы болғандықтан зияны да бар екенін білгеніміз жөн. Халықаралық рак ауруын зерттейтін агенттілік оның канцерогендік заттардың қатарына кіретінін арнайы айтты. Ал 1971 жылы Женевада тіпті «Бензол туралы конвенция» да қабылданды: сол уақыттан бастап әлем экологтары мен дәрігерлері адамдарды осы аса қауіпті улы канцерогенді қолдану мен өндіруді азайтуды талап етті. Бірақ бұл ескертулерге қарамастан өндірістік елдерде, соның ішінде Ресейде де бензолды өндіру көлемі жылдан жылға артуда. Бензол адам организміне улы бу түрінде тыныс алу органдары арқылы енеді, бірақ оның қауіптілігі сондай тіпті ашық жаралар, немесе тері арқылы да еніп кетуі мүмкін. Сондықтан бензол өндіретін өндірістерде жұмыс жасайтын адамдар үнемі улы бумен дем ала отырып, өз өмірлерін қатерге тігеді. Үнемі организмге аз мөлшерде бензол түссе, адамдар лейкемия (қан рагі) немесе анемия (қанда гемоглобиннің жетіспеушілігі), үнемі бас айналу, әлсіздік, ұйқының бұзылуы болуы мүмкін. Сол сияқты бензолмен үнемі уланса, бүйрекке, бауыр, сүйек, қан, нерв жүйелеріне зақым келеді. 
«Фишбоун» стратегиясы. «Фишбоун» тәсілі бойынша оқушылар мәтін көлемінде сұрақтар құрастырып, бірлесе жауап береді.
1-топ: Бензолдың құрамы мен құрылысы
2- топ : Бензолдың алыну жолдары мен қолданылу салалары.
3-топ : Бензолдың химиялық қасиеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет