Сабақ тақырыбы : Әдеби тілдің нормалары мен қалыптасу жолдары Жоспары



бет2/3
Дата04.12.2023
өлшемі23,91 Kb.
#194999
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
5100637316648 К2Б 04.05.2020

Әдеби тіл нормалары бір күнде, тіпті бір ғасырда қалыптаспайды, нормалану – сандаған ғасырлардағы тілдік күрделі үдерістің жемісі, кезеңдік сипаты бар бар тарихи категория. Оның дамуы, қалыптасуы, тілде орнығуы бір қалыпты жүрмейді. Тілді әдеби етіп тұратын нормалар әр түрлі. Лексикалыц норма — сөзді мағыналарына сәйкес қолдану, грамматикалыц норма -грамматикалық түлғалардың орынды жүмсалуы, фонетикальщ норма — дыбыстардың дұрыс қолданылуы.
Ә.т. нормалары үнемі дамып, жетіліп отырады. Бұған мысал қазақтың қазіргі әдеби тіліне дейін өзіндік нормалары бар ауызша әдеби тілі, жазба ә.т.-дің ертедегі нұсқалары (кітаби тіл) болғанын айтса да жеткілікті. Ә.т.-ді дамытудағы жаңалықтар ең алдымен тіл дамуының ішкі заңына сай болуы керек, сонда ғана олар жалпыхалықтық сипат ала алады. Мысалы,әдеби,мәдени, саяси сөздерінің үлгісімен туған аспани (әлем), сыни (еңбек), адами (ақ жүрек) сөздері ә.т.-де қалыптаса алмады. Береермен, аларман үлгісімен туған сөздерден көрермен, оқырман әдеби тілге қабылданды да, сынарман, жазарман, жүрермен т.б. кіріге алмады. Әдеби тілдің нормалары әрдайым сол түр-тұрпатын сақтап қатып қалмайды. Олар да өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ондайды нормадан ауытқу дейміз. Әдеби тілді жұмсаушылар тәжірибесінде нормадан ауытқу екі түрлі болады:
1. Жөнімен ауытқу; 2. Жөнсіз ауытқу.
Әдеби норманы белгілі мақсатпен, стильдік өңі болғандықтан өзгертіп қолдану – жөнімен ауытқу болады. Әдеби норманы жөн-жосықсыз бұзып, естіген-білгенін қалай болса солай талғамай қолдану жөнсіз ауытқу делінеді.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын шарттар: сөз дәлдігі , тіл тазалығы , сөз талғамы , сөз байлығы , сөз әсерлігі , сөз әдебі .
2 Әдеби тіл тарихын зерттеушілер тарапынан да XV-XVIII ғасыр ақын-жыраулар шығармаларының тілін қазақ әдеби тілінің алғашқы үлгілері ретінде тану бағыты үстемдік алды. Қазіргі, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы XV ғасырдан басталады деген нақты пікір қалыптасты. Ол кезде (XV ғасыр) қазақ ру-тайпаларының халық болып біріге бастауы, бір орталыққа бағынған қазақ хандығының құрылуы қазақ әдеби тілінің қалыптасуына тарихи қолайлы жағдай туғызды. Қазақ әдеби тілінің әуелде бастау алған негізгі қайнар көздері жалпыхалықтық тіл мен аса бай фольклор тілі болды. Әдеби тілдің жаппы халық тілі негізінде дамуында поэзия тіл үлгілерінің рөлі ерекше. Сол кездегі көркем поэзияның көрнекті өкілдері жыраулар мен ақындар халық тіліндегі тілдік жүйелерді, сөз асылдарын өз шығармапарына таңдап, талғап енгізу арқылы ауыз әдеби тіл нормаларын қалыптастыра түсті. XV-XVIII ғасырда ауыз әдеби тілінің құрылымдық жүйесінде тағы бір тармақтың публицистикалық стильдің ауызша түрі қызмет өткендігі байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі, қоғамдық мәні бар мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз толғауларында мақал-мәтел, қанатты сөз орамдары мен фразеологиялық тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп, әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады. Әдеби тіл кезеңдерін анықтауда белгілі бір көркем сөз шеберлерінің шығармаларындағы тілдік материалдар, яғни олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншлықты дәрежеде игеруі, оларды жаңа сапада жұмсауы, бөгде тіл элементтерін әдеби тіл мүддесіне жарату тәрізді жайттар тірек болады. XV-XVII ғасырдың aрaсын қамтиды. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалгез, Доспамбет, Жиембет т. б. жыраулардың толғаулары, ел арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөз немесе билер сөзі осы кезеңдегі әдеби тілдің үлгілері деп танылады. Бұлар өз дәуіріне тән лексика-грамматикалық ерекшеліктерді біршама сақтап қалған. Мәселен, Шәлгездегі "сындырау арқа""сырт соқпақ""түнде жүріп түлкі өтер" сияқты сөз тіркестері мен сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап" тәрізді реалистік суреттер, Қазтуғандағы "Буыршынның бұта шайнар ауызы, бидайдықтың кел жайқаған жалғызы" сынды теңеу образдар уақыт өзгерісіне төтеп беріп, бізге дейін жеткен. XV-XVII ғасырдағы ауызша әдеби тілдің лексикалық құрамы негізінен жалпыхалықтық тілдің есебінен толығып, молайып отырды. Дегенмен, әдеби тіл айналымында діни тақырыпқа қатысты халил, қағба, шаһид, ғазрейіл, бәйтолла тәрізді араб тілі сөздерінің болғандығын байқаймыз, бірақ олардың саны әдеби тілдің кейінгі кезеңдерімен салыстырғанда тым аз. Сол тұстағы грамматика норманың мысалы ретінде шығыс септігінің дың/дің түрінде келуін ("Бұл Бұзылдін қайтпассың") ілік септігінің ьш/ім тұлғасында (бізім, менім), етістіктің өткен шақ мағынасы ғай-гей формасында ("қалға қабылан жау тигей ме?") берілуін, екінші жақ буйрық райдың ғыл түрінде ұшырауын келтіруге болады. Сол кездегі мақалдар мен мәтелдер ("Өнер алды — қызыл тіл", "Өнершінің колы — алтын, өлеңшінің сөзі — алтын") сөз өнерін халықтың аса қадірлегенін көрсетеді.
3 Әдеби тілдің қалыптасу кезеңдері. С.Аманжолов пікірі жағынан көптеген дәуірді бастан өткізді. Әдеби тіл әбден зерттеліп, тексеріліп, ғылыми жағынан айқындалып жете қойды деп айтуға болмайды. Әдеби тіл – бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасы. Әдеби тілді жасауға бүкіл қазақ халқы, оның алдыңғы қатарлы мәдениет қайраткерлері көптен бері ат салысты. Өйткені әдеби тіл бүкіл қазақ халқын біріктіруші, ұйымдастырушы, іске, еңбекке, ерлікке жұмылдырушы, ілгері бастаушы ең өткір құралдың бірі. Олай дейтін себебіміз – әдеби тіл қазақ мәдениеті өсіп, өнуіне жетекші болған, өнерге ұмтылуына қажет болған құралдың бірі. «Әдеби тіл дегеніміз – белгілі тарихи жағдайларға байланысты, кезеңдерге байланысты жасалған жасанды нәрсе. Нақтылы әдеби тіл дегеніміз – көркем әдебиеттің тілі ғана емес, ол ғылымның барлық саласын қамтиды, халыққа өнер – білім беретін, тәлім – тәрбие үйрететін баспасөздің тілі. Көркем әдебиеттің тілі – сол кең мағынадағы әдеби тілдің саласы ғана. Ал, әдеби тілдің негізі, қоры болатын нәрсе – халық тілі – фольклор тілі екенін ескере отырып – Сәрсен Аманжолов марксизм ғылымы бойынша әрбір тіл әдеби тіл сатысына жету үшін төмендегі үш даму жолымен қалыпқа келетінін айтады:
1. Роман герман тілдеріндегі сияқты даяр материалдардан, тілдің тарихи дамуы арқасында, бір тілдің өзі – ақ ұлттық тілдің дәрежесіне жетуі бар.
2. Ағылшынның тіліндегі сияқты ұлттардың будандасуы, араласу арқылы жетуі бар.
3. Диалектілердің концентрациялануы (ұштасуы) арқылы бір ұлт тіліне айналуы бар.
Әдеби тілдің даму тарихи кезеңдерге бөлуде қазіргі кезде бірізділік жоқ екені белгілі. Солардың кейбіреулеріне тоқталатын болсақ. 1.Сыздықованың әдеби тілді кезеңдерге бөлу жайлы мәліметтеріне жүгінсек. Р.Сыздықова қазақ халқының әдеби тілінің тарихын оның әдебиет тарихымен байланысты екендігін айта отырып, қазақ әдеби тілін XV ғасырдан басталатын ақын-жыраулар творчествосымен байланыстыра қарап, мынадай классификация ұсынады.
І кезең – XV -XVIII ғасырлар
ІІ кезең – XVIII ғасырлардан XIX ғасыр ІІ-жартысына дейінгі
ІІІ кезең – ХІХ ғасырдың ІІ-жартысынан Октябрь революциясына дейін;
ІV кезең-советтік дәуір
Ғалым қазақтың ауызша төл әдеби тілінің тарихын XV-XVI ғасырлардан басталатынына мынадай мотивтерді келтіреді. «Бұл кезең – қазақ хандығын құраған ру-тайпалардың өз алдына дербес халық болып топтана бастаған, яғни қазақ деген этнонимнің тарих саласынан орын ала бастаған тұсы. Сондықтан қазақтың төл әдеби тілі дегенді осы кезеңмен шендестіре атадық» - деді. Сонымен бірге, түркі халықтарының ең көне ескерткіштері –орхон-енесей жазбалардан болсын, орта ғасырлардағы жазба туындылар болсын, тіпті XV-XIХ ғасырлардағы өзге түркі тілдерінің мұрасы деп танлып жүрген үлгілер болсын барлығы да қазақ әдебиетіне қатысы бар, оның тарихын баяндауға қажет материал бірақ қазақтың төл әдебиеті мен әдеби тілінің дәл өзін танытатын нұсқалар емес деп қараған жөн. Сондықтан қазақ деген нақты атрибутпен келген тұста әдебиет болсын, тіл болсын қазақ халқының этникалық-территориялық единицалық ретінде тарих жүзіне келген кезеңінен бастап болғаны орынды – деп түйеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет