Сабақ тақырыбы : Н.Ә. Назарбаев тарихи тұлға ретінде Тапсырма №1



бет1/3
Дата24.02.2022
өлшемі20,39 Kb.
#133185
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
16-пс,Қатарбаева Ажар 104-а
лекция 5 3, ӘСМ Ғарифолла 103А, Арыстан Ақгүл ӘСМ 3,4 ПС, 4 к ОЗ Вед уч-отч док каз, Anatomy, гендік аурулар Назерке, чикчик, скр, пробный тест 18 февраля 2021, гисто рк

Пән: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
Тақырып: №16
Практикалық сабақ тақырыбы: Н.Ә.Назарбаев – тарихи тұлға ретінде
Тапсырма №1. Төмендегі сұраққа жауап беріңіз:

  1. ҚР тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласы және оның мазмұны.

Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру мақаласы 2017ж 12сәуірде жарияланған болатын.
Бұл мақаланың тарихи мәні саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бағдарламасын қазақстандық қоғамды және әр қазақстандықты рухани жаңғырту арқылы жалғастырады. Тек жоғары білімді және рухани бай халық қана сырты әсерлерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере алады. Сондықтанда мақала қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық жобалар ретінде бірқатар шаралардан тұратыны өте маңызды.
Рухани жаңғырудың алты бағыты бар:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы.
Алғашқы бұл бәсекеге қабілеттілік бағыты.Әрине Қазақстанның алдына қойған басты мақсаты дамыған 30 елдің қатарына кіру.Ол үшін бәсекеге қабілетті болу керек.Жаһандық тұрғыдан дамып жатқан елдермен терезені теңестіру үшін сауда,экономика,білім саласынан болсын бәсекелестік болу керек.Бәсекелестік болған жерде дамуды болатыны сөзсіз.Бәсекеге қабілеттіліктік ішінара 3 бағдарламасы бар.Олар:
1)Цифрлы Қазақстан бағдарламасы.
2)Үш тілде білім беру бағдарламасы
3)Мәдени және конфессияаралық келісім.
Екінші бағыт прагматизм.Прагматизм-қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт.Бұл бағытта еліміз тиімді нәрсемен айналысу керек деген мәселе жатыр.Яғни,абстрактылы ойлаудан нақты тәжірибеге көшу деген сөз.
Үшінші ұлттық бірегейлікті сақтау.Мұның астарында әрбір ұлт өзінің ұлттық кодын қалыптастыру сақтау оны дәріптеу жатыр.Қазақстанның ұлттық кодына дәстүріміз,тіліміз мен музыкамыз,әдебиетімізбен жоралғыларымызды жатқызуымызға болады.
Төртінші бағыт білімнің салтанат құруы.Әрине кез келген ел,мемлекет дамуы үшін білім керек.Қазіргі қоғамның өзі білімді болу арқылы ғана жетістіктерге жетуге болатындығын дәлелдеп отыр.
Бесіншісі Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.Бұл тұрғыдан менің ойым Қазақстан Кеңестік кезеңде революциялық жоспармен жұмыс жасады.Хрущев революциясы сындылар көптеп орын алды.Әрине бұлардың пайдасы да болды.Бірақ қазіргі қоғамда революциялық дамуға қарағанда эволюциялық,яғни түбегейлі төңкеріс жасайтын жаңалықтар мен даму стратегиялары арқылы даму керек деп есептеймін.
Соңғысы бұл сананың ашықтығы.Елбасымыз айтқандай саналы ұрпақ болашақ кепілі.Осы тұрғыдан сананың ашық болуы маңызды роль атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет