Сабақ тақырыбы : Саяхат дене тәрбиесі системасында. Сабақ мақсаттары: • білімдік: қауіпсіздік ережесін алдына алу



бет3/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,75 Mb.
#31306
түріСабақ
1   2   3


Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген "Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған "Сақ патшайымы” археол туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.

"Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі"

Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.

Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар. "Айша бибі кесенесі"



"Шымбұлақ тауы"

Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданыннда – Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында – Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында – Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында – Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткіштері, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына: Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейісова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар жатады.

Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы "Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай көлі жағасындағы "Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды "Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы "Алтай мүйісі”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы "Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам жазығындағы "Оңтүстік”, Көкшетау таулы аймағындағы "Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгілі туристік маңызы бар зоологиялық, ботаникалық қорықтар да жеткілікті. Оларға Алматы қорығы (кешенді), Іле атырауы (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), Жалтыркөл (зоологиялық), Ұлытау (зоологиялық), Бетпақдала (зоологиялық), Қарақия-Қаракөл (зоологиялық), Зеренді (зоологиялық) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты – палеонтолық) және Шарын өзеніндегі "Шетен тоғайы” (ботаникалық), Күміс қылқанды орман (ботаникалық), Жаманшық тауы (геморфологиялық), Айғайқұм, Әншіқұм (геоморфологиялық), Жаңғақ тоғайы (ботаникалық), Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрологи
3. Қорытынды бөлім

Қорытынды жасау.



Үйге тапсырма беру.

Сабақ аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет