Қызылорда облысы , Арал ауданының
№262 мектеп- гимназияның «География » пәні
мұғалімі Арзиева Гүлзат Жетписбайқызы
Сабақ тақырыбы: §35. Канада. Орталық Америка елдері.
Пән мұғалімі: Арзиева Гүлзат.
Мақсаты:
Білімділігі: Канада және Орталық Америка елдерімен білімін одан әрі кеңейте түсу.
Дамытушылығы: Оқушылардың атлас, кескін картамен жұмыс жүргізу біліктіліктерін, баспасөз материалдарымен жұмыс жүргізе білу, іскерлік дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың дүниеге кең көз қарастарын қалыптастыра отырып патриоттық адемгершілік тәрбиесін беру.
Әдісі: СТО (сыни тұрғыдан ойлау) түсіндіру, көрнекіліктер жүйесімен жұмыс, ауызша сұрақ жауап әдісі, карточкамен жұмыс.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси экономикалдық картасы, Канада жалауы, дүние жүзінің физикалық картасы, схемалар, кескін картасы, диапроектор, компьютер, карточка, слайдтар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. (2)
А) Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу.
В) Мұғалім оқушылардың сабақ дайындығын және класс жабдықтарын тексереді.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
А) карточкамен
В) кескін картасын тексеру
С) картадан берілген объектілерді көрсету
Д) Америка Құрама Штаттарының ерекшеліктерін айту
Карточкамен жұмыс.
Америка құрама штатын қандай мұхит сулары шайып жатыр? Жауабы: Атлант, Тынық, Солтүстік мұзды мұхиты.
Америкадағы Нью-Йорк қандай ұйымның штаб пәтері орналасқан? Жауабы: Біріккен Ұлттар Ұйымы.
Американың келімсек халықтары қалай аталады? Жауабы: француздықтар, ағылшындар, негрлер.
Америка құрама штатында орналасқан Иллоустон Ұлттық паркі қандай жағдайларымен ерекшеленеді? Жауабы тасқа айналған ағаш түрлерімен және де гайзерлерімен ерекшеленеді.
Еуропа басқыншылары үндістердің босаған жерлеріне жұмыс жасай бастады. Ол қандай жер? Жауабы: плонтациялар. XVIIғасыр.
Жалаушылар және жүк тасымалы жөнінен 1-орын алатын Америка құрама штатындағы қала қалай аталады? Жауабы: Чикаго қаласы.
Американың байырғы халықтарын ата. Жауабы: Үндістер мен эскимостар.
Америка құрама штаты қай материктің құрамына кіреді? Жауабы: Солтүстік Америка материгі.
Америка құрама штаты жер көлемі жөнінен нешінші орынды иленеді? Жауабы: 4-орын.
III.Жаңа сабаққа даярлық.
Жаңа сабақтың тақырыбы күн тәртібімен бірге тақтада жазылып тұрды. Сабақтың жоспарымен оқушыларды таныстыру. Оқушылардың есте сақтау мақсатында интерактивті тақта қолдандым. Мұндағы слайд беттері 15 беттен құралған.
1-бетте. Канада мемлекетінің астанасы-Оттава қаласы орналасқан. Жоғарғы жағында Канада мемлекетінің туы және жер көлемі 9,9 млн км² екені жазылды.
А) Мақсатым. Білімділігі: Канада және Орталық Америка елдерімен білімін одан әрі кеңейте түсу.
Дамытушылығы: Оқушылардың атлас, кескін картамен жұмыс жүргізу біліктіліктерін, баспасөз материалдарымен жұмыс жүргізе білу, іскерлік дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың дүниеге кең көз қарастарын қалыптастыра отырып патриоттық адемгершілік тәрбиесін беру.
2-бетте. Канада мемлекетінің саяси экономикалық картасы. Бұл картадан біз Канада мемлекеті Атлант, Тынық, Солтүстік мұзды мұхит сулары шайып жатқандығын көруімізге болады.
3-бетте. Канада атауының шығу тарихы үндіс тілінен аударғанда «қоныс», «қауымдастық» деген мағынаны білдіреді.
4-бетте.Канада табиғатының әсем, көрікті жерлері бейнеленген.
5-бетте. Канада мемлекетінің саяси жағдайы жер көлемі 9,9 млн км², халқы 32 млн адам.
6-бетте. 3 климаттық белдеу көрсетілген
Артикалық
Субартикалық
Қоңыржай
7-бетте. Канада өзендері бейнеленген Макензи, Миссисипи, Әулие Лаврентия өзені көлдері. Виннипег, Ұлы көлдер бейнеленген. 8-бетте. Солтүстік Америка материгіндегі ең ірі сарқыраманың бірі – Ниагара сарқырамасы бейнеленген. «Ниагара» сөзі үндістер тілінде «гүрілдеген су» деген мағынаны білдіреді. 9-бетте. Канаданың табиғат зоналары бейнеленген. Табиғаты ормандар дүниесіне өте бай екендігі және американдық шырша, үйеңкі ағаштары, қарағайсуреттері бейнеленген. 10-бетте.Канаданың жануарлар дүниесі Карибу бұғысы, бағалы аңдар бұлғын, күзен, ақкіс, қара аю түрлері бейнеленген. 11-бетте. Канада мемлекетінің пайдалы қазбалары. Ұлы көлдерде мұнай мен газ. Сонымен қатар морганец, уран никель т.б. пайдалы қазбалардың кен орындары көрсететілген. 12-бетте. Канада халқы француз-канадалықтар және ағылшын канадалықтары көрсетілген. Сонымен қатар роман, словекия, герман, россия т.б. ұлт өкілдері қоныстанған. 13-бетте. Ежелгі халқы үндістер мен эскимостардан тұрады. 14-бетте. Ірі қалалары: Таранто. Монреаль, Оттава, Кьебек т.б. қалалары бейнеленген. 15-бетте. Балық шаруашылығы өндірісі бейнеленген. Канаданың байырғы халқы үндістер мен эскимостардан қалған шаруашылық түрлері болып табылады.
IV.Жаңа білімді бекіту.
Тест түрінде.
1.«Канада»сөзі үндістер тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А)Тайпалар тобы Б)Қоныс,қауымдастық В)Қайың ағашы
С)Америка орталығы Д)Балта,балға
2.Канада астанасы қалай аталады?
А)Вашингтон Б)Астана В)Ташкент С)Оттава Д)Париж
3.Канада жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орынды иеленеді? А)1-орын Б)2-орын В)3-орын С)4-орын Д)5-орын
4.Канада жер көлемі қанша?
А)5мил 895мың Б)5мил 25мың В)8мил 123мың С)6мил 452мың Д)9мил 970мың
5.Канадада жылына қанша мил.тонна бидай өнімі жиналады? А)40 Б)20 В)30 С)60 Д)12
6.Канаданың бастығы байлығын ата.
А)Көртышқандар Б )Қасқырлар тобы В)Маймылдар
С)Көгілдер көлдер мен қалың ормандар Д )Маймақ аюлар
7.Канаданы қанша мұхит сулары шайып жатыр? А)2 Б)3 В)4 С)5 Д)1
8.Канада халқының санын көрсет. А)32мил Б)46мил В)56мил С)12мил Д)56мил
9.Канада ормандарында өмір сүретін терісі бағалы аңдарды көрсет.
А)Көр тышқан Б)Ала құйрық В)Бұлғын,күзен,ақкіс С)Қайың,шырша Д)Долана,ақ қайың
10.Канадада табиғатты қорғауға алу мақсатында қанша ұлттық парк жұмыс жасайды?
А)55 Б)66 В)35 С)31 Д)21
11.Канада жерінің батысында Кордильера тау жүйесіне жататын тау жоталарын көрсет.
А)Макензи,Жағалық жоталар,Канаданың Сеңгір таулары
Б)Гималай,Тянь-Шань В)Алтай,Памир,Канадның Сеңгір таулары
С)Веннипег,Валерия,Үлкен Аюлы Д)Кетпен,Қорғалжын,Марқакөл
12.Канада мемлекеттік туында қандай ағаштың жапырағы бейнеленген?
А)Канада шыршасы Б)Үйеңкі ағашы В)Қарағай ағашы С)Долана ағашы Д)Қайың ағашы
13.Канадада өмір сүретін солтүстік бұғысы қалай аталады? А)Горилла Б)Карибу В)Киік С)жолбарыс Д)Қасқыр
14.Канадада өмір сүретін жыртқыштарды ата.
А)Қара аю-барибал,сілеусін,қойот
Б)Бұлғын,күзен,ақкіс В)Киік,тышқан,жолбарыс С)Көртышқан,піл Д)Шаяндар,мысықтар
15.Канаданың байырғы халықтары үндістер мен эскимостардың кәсібі қандай болды?
А)Кен өндіру Б)талдарды отырғызу В)Бұғы шаруашылығы,балық аулау,теңіз жануарларын аулау
С)Тауларды кесу Д)Гүлдерді жинау
2.Сөзжұмбақ шешу.
Солтүстік Америка материгінің байырғы халықтарын ата.
Канада мемлекетінің астанасын ?
«Канада» сөзі үндістердің тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
Канада жануарлар дүниесіне өте бай. Оңтүстік аймақта өмір сүретін бұғының түрін ата.
Канаданың қара топырағында өсетін , жылына 40 млн тоннадан астам өнім алынатын өнім түрі қалай аталды?
Канада мемлекеттік 3 климаттық белдеу қлыптасқан: 1)субартикалық 2) артикалық 3) ?
Жауаптары:
Эскимостар
Оттава
Қоныс
Карибу
Бидай
Қоңыржай
V . Үй тапсырмасы.
§35 Канада. Орталық Америка елдері.
Достарыңызбен бөлісу: |