Сабақтың ортасы
|
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді (қобыз, күйші, үн)
суреттер, сөйлемдер мен сұрақ-жауап арқылы меңгерту.
|
|
Қобыз
|
Күйші
Қобыздың үні
|
Домбыра, қобыз тарту қандай өнерге жатады?
Домбыра, қобыз тартатын адамды қалай атайды?
|
(Ұ) Тыңдалым.
Тыңдалымалды тапсырма.
Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қойылады:
Мұражайға бардың ба?
Мұражайда не көрдің?
(Ө) Тыңдалым мәтіні
Әлібек пен Аня мұражайға барды. Мұражай кең және жарық. Олар екінші қабатқа көтерілді. Онда қобыз, сырнай, асатаяқты көрді. Әлиханға қобыз ұнады. Содан ол қобыз үйірмесіне қатысты.
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:
Олар қайда барады?
Мұражайда қандай аспаптар бар?
Әлібекке қандай аспап ұнады?
“Өзіндік бағалау” әдісі: Оқушылар берілген сұрақтарға өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім “беске” дайын? Кім “төртке” дайын? Кім “үшке” дайын? Кім мүлде дайын емес?
Содан кейін мәтін бойынша төрт сұрақты жеке қағаздарға жазып, қоржынға немесе сандықшаға салу. Төрт оқушы қоржыннан сұрақ алып, сол сұраққа жауап береді. Қалған оқушылар дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
(Ж) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Айтылым.
Тірек сөздерді пайдаланып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімелейді.
Тірек сөздер: қобыз, үн, мұражай.
Оқушылар жұпқа бөлінеді. Бірінші жұп екінші жұпқа, екінші жұп бірінші жұпқа әңгімелейді. Үшінші жұп төртінші жұпқа, төртінші жұп үшінші жұпқа әңгімелейді.
Жұптар дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.
Дескриптор:
тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтуы;
тірек сөздерді дұрыс қолдануы;
сөйлем құрылымын сақтауы.
Кері байланыс
Грамматикалық қоржын
-
Жай сөйлем
|
Әлихан күйді жақсы көреді.
|
Құрмалас сөйлем
|
Әлихан күйді жақсы көреді, сондықтан қобыз үйірмесіне қатысады.
|
Сергіту сәті: «Айна“. Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір-біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар өзара рөлдерін ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Осылайша жұптар кезекпен ауысады, топ алдына барлық қатысушылар шығып жаттығады.
(Т) Оқылым. Топта бірлесіп оқиды. Оқып болған соң, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Топтар барынша бір-біріне көбірек сұрақтар қоюлары керек.
«Жаңбыр сұрақтар» әдісі бойынша әр сұрақты жеке-жеке кішкентай қағазға жазып, екінші топқа лақтырады. Қарсы топ өз сұрақтарын лақтырады. Топтар бір-бірлерінің сұрақтарына жауап береді.
Оқылым мәтіні
Менің ағам бар. Ол он бес жаста. Ағамның аты – Әлихан. Ол музыка мектебінде оқиды. Ағам қобыз тартады. Әлихан қобызда әртүрлі күй ойнайды. Ол – күйші.
Мәтін бойынша сқрақтарға жауап береді:
Сенің ағаң бар ма?
Ол неше жаста?
Оның аты кім?
Әлихан қай мектепте оқиды?
Ол қандай аспапта ойнайды?
Топтар жауаптарын комментарий айту арқылы бағалайды («өте тамаша», «толық жауап берді», «барлық сұрақтарға жауап берді», «нақты жауап бермеді», «тек жартысына жауап берді»)
(Ж) Жазылым. Тапсырма «Суреттер сөйлейді» ойыны арқылы орындалады. Оқушылар тиісті суретті тауып, сөйлем құрап жазады.
Менің _________________ бар.
Ол _________ жаста.
Әлихан _________мектебінде оқиды.
(Т) Айтылым. Оқушылар үш топқа бөлініп, «Сиқырлы қобдиша» ойыны ойналады. Үш топқа жеке-жеке сөздер таратылады. Әр топ өздеріне тиесілі сөздерден сөйлем құрайды.
1. Менің, музыка, ағам, оқиды, қобыздың, үлкен, мектебінде, бар, ағам, қобызда, жақсы, ойнайды, ол, үні, күй, ұнайды, Әлихан, қобызды, маған, тартады.
2. Оқушылар сөйлем құрап болған соң, топтарға келесі сөйлемдерді жалғастырып айтқызады.
|