Сабақ тақырыбы: §61. Атом энергиясының физикалық негіздері. Сындық масса. Ядролық реактор. Сабақ мақсаты



Дата27.07.2017
өлшемі122,19 Kb.
#22189
түріСабақ
9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §61. Атом энергиясының физикалық негіздері. Сындық масса. Ядролық реактор.

Сабақ мақсаты:

  1. Сындық масса, ядролық реактор, оның жұмыс істеу принципі туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Ядролардың ыдырауы деп қандай физикалық процесті айтады?

  2. Жартылай ыдырау периоды деген қандай уақыт?

  3. Радиактивті ыдырау заңы қалай өрнектелген?

  4. Ядролардың бөлінуі деп нені айтамыз? Ядро бөлінгенде қандай бөлшектре шығады?

  5. Тежегіштер деген не?

  6. Тізбекті бөліну реакциясы деп қандай реакцияны айтады?

  7. Уран ядросы бөлінгенде қанша энергия босап шығады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ауыр ядродағы энергия тек оны бөлгенде ғана босайды.

Жеңіл ядролардағы энергия тек оларды бір ядроға біріктіргенде ғана босайды.

Атомдардың ядроларын бөлетін немесе біріктіретін реакциялар арнайы қондырғыларда орындалады. Ондай қондырғылар атомдық реакторлар немесе атомдық бомбалар деп аталады.

Ең бірінші қолдан басқарылатын ядролық реактор АҚШ-тың Чикаго қаласының іргесінде Э.Фермидің басшылығымен 1942 ж. 2 желтоқсанында іске қосылды.

Екінші реактор, 3 жыл өткен соң Серпухов қаласында И.В. Курчатовтың басшылығымен салынды.



Тізбекті бөліну реакциясына қажетті ядролық материалдың ең аз массасын сындық масса деп атайды.

Ядролық реактордың негізгі бөлігін бесенді аумақ (активті зона) құрайды. Белсенді аумақ жылу шығарғыш элементтер деп аталатын ядролық отынмен толтырылған таяқшалардан (5), оларды айнала қоршап тұрған графит тежегіштерден (3) тұрады. ЖШЭ-лерді төңіректей жылу тасығыш (6) сұйықтар ағып өтетеін түтіктер орналасқан. Жылу тасығыш қызметін су немесе сұйық металл, м-лы, натрий атқарады.

Нейтрондардың сыртқы ортаға ұшып шығуын азайту үшін белсенді аумақты нейтрон қайтарғышпен (2) қаптайды. Сыртқы ортаны аса қауіпті сәулелерден қорғау үшін нейтрон қайтарғыштың сыртын қалың болат сауытпен және биологиялық бетон қорғанмен (4) қоршайды.

Тізбекті реакцияны қопарылысқа жеткізбей басқарып отыру үшін белсенді аумаққа дер кезінде енгізуге болатын басқарушы және апаттық таяқшалар (1) да реактордың негізгі құрамдас бөлігі болады.



IV. Пысықтау.

1. Неліктен ауыр ядролар энергиясын оларды бөлу арқылы ғана босатуға болады? Оның шамасын қандай өрнек арқылы анықтаймыз?

2. Неліктен жеңіл ядроларды бір ядроға біріктіру арқылы олардың энергиясын босатуға болады? Ол энергиясының шамасын қандай өрнек арқылы анықтауға болады?

3. Сындық масса деп қандай массаны айтады?

4. Ядролық реактордың негізгі бөліктері қандай? Олардың қызметтері қандай?

5. Ядролық реакцияларда энергияның сақталу және айналу заңы орындала ма?



6. Ядролық энергия энергияның басқа түрлеріне қандай ретпен түрленеді?

V. Есептер шығару. № № №

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §60. 49-ж.

VІІІ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет