Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев "Сабырсыз,арсыз,еріншек"



Дата19.02.2017
өлшемі79,83 Kb.
#10675
түріСабақ


Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев ”Сабырсыз,арсыз,еріншек”

Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын А.Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып,өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету

Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу

Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру,оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Әдіс тәсілдері:талдау,әңгімелеу,сұрақ жауап,қорытындылау

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа психологиялық дайындық тренинг «Бойтұмар».

Балалар,біздің бүгінгі сабағымызға тақта,кітап,қалам,дәптер,қалам және білімді өздігінен меңгере алатын оқушылар және әрине ,көтеріңкі көңіл күй керек.Осы аталғандардың барлығы бүгін бізде бар ма?

Тренинг «Бойтұмар» :

Балалар,бізге сабақ өтуге мүмкіндік бар екен.Ендеше сабағымызды бастамас бұрын ойымызды жинақтап алайық.

Мен сендерге қағаздан қиылған адам бейнесін таратамын,сендер адам сұлбасына бүгінгі сабағымыздың қалай өткенің қалайсыңдар ,сол тілектеріңді жазыңдар.

Осындай тілектерің бүгіңгі сабақта көрініс тапсын деп сабағымызды бастаймыз.Ал,өздерің жаңағы фигураны бойтұмар ретінде парталарыңа қойып қойыңдар.

2.Оқу- танымдық әрекетіне дайындық.

Абай ауылына саяхат

1. Абайдың өлеңдері

2. Абайдың қарасөздері

3. Абайдың аудармалары

4. Абайдың әндері

-Абай туралы не білесіңдер? Оқушылар (плакатқа) карточкаларда жазып айтып отырады.



композитор,сазгер,ақын

Сызбамен жұмыс жүргізу.

Қосымша деректер:өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар.Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жанатаевтың атымен жарияланған.

Алматыда Абай ескерткіші,Абай көшесі,Абай атындағы университет,Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар.

Абайдың өлеңдері:

...Талап,еңбек ,терең ой,



Қанағат ,рақым,ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз”

-Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?



Абайдың қандай өлеңдерің білесіңдер? “Ғылым таппай мақтанба”, “Күз” ,“Қыс” ,“Жазғытұрым”,“Құлақтан кіріп бойды алар...” ,“Әсемпаз болма әрнеге”

-Бұл өлеңдерді кімдер жатқа біледі? (Оқушылар жатқа өлеңдерді айтады.)

-Абайдың тағы қандай шығармалары бар?

Мұғалім:бүгінгі сабақта біз Абайдың «Сабырсыз,арсыз,еріншек» өлеңімен танысамыз.Кітапта осы өлеңнен үзінді берілген,соны тындаңдар:Өлеңді мұғалім оқиды.

Оқушылардың өздік оқуы.

Сөздік сөздермен жұмыс жүргізу,сөздерді түсіндіру :

Алауыз- береке бірлігі жоқ,ынтымақсыз.

Күндейді –қызғанады.

Мертігеді- бір жері сынады,шығады.

Міндейді- мін тағады,жамандайды.

Оқушылардың мәнерлеп оқуы (бір -екі оқушы)

-Ақын бұл өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарын сынайды?

-«Ғылым таппай мақтанба» және «Сабырсыз,арсыз,еріншек» өлеңдерін салыстырып адамның жақсы,жаман қылықтарын топтап жазып көрелік.

Бірінші қатардағы оқушылар жақсы қылықтарды топтап жазады

Жақсыдан үйрен:





Екінші қатардағы оқушылар жаман қылықтарды топтап жазады

Жаманнан жирен:



-Абай атамыз өлеңнен басқа не жазды?

Абайдың қарасөздері:

“Әдептілік,ар ұят адамдықтың белгісі.Тұрпайы мінез тағы жат надандықтың белгісі” дегендей Абайдың отыз сегізінші қара сөзінен үзіндіні Тоғжан оқып береді



Оқушының оқуы.

Талдау:

Сөздік сөздермен жұмыс жүргізу:

Надандық – ғылым - білімнің жоқтығы

Залымдық-адам баласының дүшпаны

Білімсіздік-хайуандық

Қара сөзде адам баласын қор қылатын не делінген?



  • Қара сөздегі нақыл сөздерді тауып дәптерге жазу



Еріншектік туралы мақал -мәтелдер

  • Еріншектің ертеңі таусылмайды

  • Еріншектің ісі –екі

  • Еріншекке жол сылтау

  • Жалқаулық аздырады,еңбек лздырады

  • Жалқаудың жауы- жұмыс

  • Жалқау өзіне- жау

Надандық пен залымдық туралы мақал мәтелдер :

  • Жаман жүрген жеріне өрт салады

  • Жаманның әлі жапалаққа жетеді

  • Жаман кісі кекшіл

Білімді,білімсіз адам туралы мақал мәтелдер :

Білімді мыңды жығады,білекті бірді жығады.



  • Оқыған озады,оқымаған тозады.

  • Оқусыз -білім жоқ .

  • Білімсіз- күнің жоқ.

Абайдың аудармалары:

Лермонтов және Пушкиннің шығармаларын аударды, «Шегіртке мен құмырсқа» мысалымен танысқанбыз.



Сахналау.

Абайдың әндері:

Балалар ,біз бүгін Абай атамызға сипаттама берген кезде айтып кеттік,яғни Абай атамыз композитор болған.

Абай атамыздың қандай әндерін блесіңдер?

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» өлеңдеріне ән жазылып ,ел осы әндерді сүйсіне тындайды және орындайды.



Айбол бір әнді орындайды.

Сабақты қорытындылау:

  • Адам болуға кері әсер ететін қасиеттерді ата.

  • Адам болу үшін қандай қасиеттерді бойға сіңіру керек?

Балалар,сабақтың басында жасаған бойтұмарларыңды қолдарына алыңдар.Бойтұмарда не деп жазылған екен?

Осы тілектердің барлығы бүгінгі сабақта орындалды ма?

Ендеше,болашақтағы өмірлерің бүгінгі сабақ секілді белсенді,қызықты,пайдалы әрі мағыналы болсын деп,

...Ойшылдана өнердің кемеңгері

Кім бар жақын қазаққа сенен гөрі?

Жан болмаса жұртымда дәл өзіндей

Әлемнің алыптары келер ме еді?

Дүниеде өнер атты от боп жандың



Мәңгілік қызуы бар шоқ боп қалдың, деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Үйге тапсырма беру.

Бағалау.





Жаманнан жирен:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет