Аннотация
Берілген электронды ортаға мұғалімнің деңгейлік курс өту барысында мектепте жүргізген іс-тәжірибе сабақтары мен коучинг жоспарлары енген. Бұл материалдар сабақтарын жаңа форматта өткізем деген мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Қысқа мерзімді жоспар
Құрастырушы: Ахметова Жанна –қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пәні:
Қазақ әдебиеті
|
Класс: 6
|
Мерзімі:
|
№1 сабақ
|
Сабақ тақырыбы
|
Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
|
Ресурстар
|
Оқулық, Электронды оқулық, интерактивті тақта, А3 форматтағы қағаздар, фломастерлер, стикерлер
|
Негізгі мақсат
|
Абай өлеңінің мағынасын ұғыну, бәйге атының сыны мен бағасының берілуін түсіндіру
|
Оқу нәтижелері
|
Өлеңді түсініп талдай алады, бәйге атына сипаттама бере алады.
|
Сабаққа қатысты құнды пікірлер
|
Абай шығармаларындағы өмірлік құндылықтарды тану, жүйрікті баптау, оны бәйгеге қазақ баласы үшін үлкен өнер болғанын білу
|
Этаптар
|
Уақыт
|
Тапсырмалардың түрі және сабаққа қатысушылардың әрекеті
|
Бағалау процесі
|
1. Ұйымдастыру сәті-оқушылармен көңіл-күй жаттығуы. Топтарға бөлу.
|
1 мин
2 мин
|
1.Тренинг «Кімнің қандай екенін тап» жаттығуы
2.Суреттер арқылы топқа бөлу. Топтардағы рөлдерді бөлу
|
|
2.Шақыру
|
2 мин
3 мин
2 мин
2 мин
|
1.Электронды оқулықтан Абай өлеңін тыңдату.
2. -Абай туралы кім қандай мәліметтер біледі?
«Білемін, білгім келеді, үйрендім» таблицасының «білемін» бөлігіне Абай туралы білетіндерін жазады.
3.Оқушылар айтқан мәлімет толықтырылады.
4.Тақтадан жылқы суретін көрсету арқылы сұрақтар беру.
-Бұл қандай жануар?
-Қазақ халқы үшін маңызы неде?
-Қалай пайдаланған?
|
Бағалау «Аукцион ойыны» арқылы жүргізіледі. Жауап бергендерге фишка беріледі.
|
3.Ойлану
|
3 мин
5 мин
15 мин
|
1.Білу.
-Өлең не туралы?
-Аттың түр тұлғасы, жүріс-тұрысы, шабыс-желісі қалай суреттелген?
2.Түсіну.Сөздікпен жұмыс.
-Өлеңнен жылқының дене мүшелерін теріп жаз.
-Аттың сыны қандай сөздермен айшықталған?
Әр топқа бөлек-бөлек тапсырмалар беріледі
3.Қолдану
-1-топ:Абайдың жылқы малын бұлай суреттеуі немен байланысты?
4.Талдау.
-2-топ:Өлеңнің құрылымы қандай?
Бөліктерге бөліңіз, салыстырыңыз, өлең құрылысына талдаңыз.
5.Жинақтау
3-топ: «Ат-ер қанаты» деген сөздің шығуы неліктен, зерттеңіз
6.Бағалау
4-топ: Абай суреттеуіндегі аттың сыны сөз өнері болғанда, суреттегі ат бейнесі қандай өнерге жатады? Суретін салыңыз. Өнердің басқа түрлері туралы не білесіңдер?
Барлық топ постер қорғайды.
Сергіту «Көңілді күн» биі
|
Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.
Бағалау критерийі топ мүшелерімен ақылдаса отырып жасалады.
|
4.Рефлексия
|
7 мин
|
1. «Білемін, білгім келеді, үйрендім» таблицасының «үйрендім» бөлігін толтырады.
2.Эссе жазу «Батыр серігі-жүйрік тұлпар». Автор орындығы әдісімен қорғау
2.Үй тапсырмасын беру
|
Эссе жазып, қорғаған оқушыға жұлдызшалар беріледі.
Мұғалім қорытынды суматив бағасын шығарады.
|
Кері байланыс
|
3 мин
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады
|
Практиканы талдау және бағалау
|
|
|
Сабақ жоспарына өзгеріс енгізу
|
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
Құрастырушы: Ахметова Жанна –қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пәні:
Қазақ әдебиеті
|
Класс: 6
|
Мерзімі:
|
№2 сабақ
|
Сабақ тақырыбы
|
Абай Құнанбаев «Құлақтан кіріп бойды алар»
|
Ресурстар
|
Оқулық, Электронды оқулық, интерактивті тақта, А3 форматтағы қағаздар, фломастерлер, стикерлер
|
Негізгі мақсат
|
Абай өлеңінің мағынасын ұғыну, әнге деген көңіл құлшынысы мен талғамын түсіну
|
Оқу нәтижелері
|
Өлеңді түсініп талдай алады, Абай әндерінің ерекшелігін біліп, өмірде қолдана алады.
|
Сабаққа қатысты құнды пікірлер
|
Абай шығармаларындағы өмірлік құндылықтарды тану, әннің тыңдаушы көңіл күйіне түрлі әсер ететінің ұғыну
|
Этаптар
|
Уақыт
|
Тапсырмалардың түрі және сабаққа қатысушылардың әрекеті
|
Бағалау процесі
|
1. Ұйымдастыру сәті-оқушылармен көңіл-күй жаттығуы. Топтарға бөлу.
|
1 мин
2 мин
|
1.Тренинг «Қимылдарды қайталау» жаттығуы
2.Әндер арқылы топқа бөлу
|
|
2.Шақыру
|
5 мин
2 мин
2 мин
|
1.Үй тапсырмасы Ротация әдісі арқылы тексеріледі.
2.Электронды оқулықтан Абай әнін тыңдату.
3. –Құлақтан кіріп, бойды алатұғын не нәрсе?
-Әннің адам өміріндегі маңызы неде?
-Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
|
|
3.Ойлану
|
3 мин
5 мин
мин
|
1.«Алты қалпақ» әдісі арқылы өлең талданады.
1-топ:Ақ қалпақ: Өлең не туралы? Өз сөздерімен айту
2-топ:Сары қалпақ:Әннің адам қуанышын берудегі маңызы неде?
3-топ:Қара қалпақ:Қайғылы сәттердегі саздың маңызы
4-топ:Көк қалпақ: «Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй» жолдарын қалай түсінесіңдер?
5-топ:Жасыл қалпақ: шығармашылық тапсырма:эссе жазу
6-топ: Қызыл қалпақ:Абайдың жақсы әнге көңіл тұшынысы мен талғамын өздеріңнің сүйікті әндерің мен күйлеріңді тыңдап отырып байқап көріңдер, қандай ой түйдіңдер?
Сергіту «Қызыл өрік» биі
|
Табыс критерийі арқылы бағалау.
|
4.Рефлексия
|
7 мин
|
1. «Синквин» әдісі арқылы ой қорытады.
2.Үй тапсырмасын беру
|
Мұғалім қорытынды суматив бағасын шығарады.
|
Кері байланыс
|
3 мин
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады
|
Практиканы талдау және бағалау
|
|
|
Сабақ жоспарына өзгеріс енгізу
|
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
Құрастырушы: Ахметова Жанна –қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пәні:
Қазақ әдебиеті
|
Класс: 6
|
Мерзімі:
|
№3 сабақ
|
Сабақ тақырыбы
|
Абай Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»
|
Ресурстар
|
Оқулық, Электронды оқулық, интерактивті тақта, А3 форматтағы қағаздар, фломастерлер, стикерлер
|
Негізгі мақсат
|
Абай өлеңінің мағынасын ұғыну, өзіндік табиғатын саралау.
|
Оқу нәтижелері
|
Өлеңді түсініп талдай алады, сабақ барысында алған мәліметтерді өзгелермен бөлісуді үйренеді.
|
Этаптар
|
Уақыт
|
Тапсырмалардың түрі және сабаққа қатысушылардың әрекеті
|
Бағалау процесі
|
1. Ұйымдастыру сәті-оқушылармен көңіл-күй жаттығуы. Топтарға бөлу.
|
1 мин
2 мин
|
1.Тренинг «Мен кіммін?» жаттығуы
2.Абай өлеңдері арқылы топқа бөлу.
1-топ: «Құлақтан кіріп бойды алар»
2-топ: «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
3-топ: «Ғылым таппай мақтанба»
4-топ: «Әсемпаз болма әрнеге»
|
|
2.Шақыру
|
5 мин
2 мин
|
1.Үй тапсырмасы «Сиқырлы сандықша» әдісі арқылы тексеріледі.
2. Білімді болу үшін не істеу керек?
-Ойларын жеке жазып шығады.
-Топта ойталқы жасайды, бір оқушы ойын жариялап айтады.
|
Балл көрсетілген карточкалар арқылы бағаланады.
|
3.Ойлану
|
|
1.«Кезектесіп қайталау» әдісі.
Әр топқа сұрақтар жазылған плакаттар беріледі. Жазып болған соң келесі топқа ауыстырады. Олар өз жауабын жазады. Өздерінің сұрағы ауысып келгенше жалғастырады. Бір топ мүшесі қорғайды.
1-топ: Өлең мазмұны не туралы?
2-топ:Абай өлеңде қандай жаман қасиеттерді жазады?
3-топ:Білім алу, өнер үйрену үшін не қажет деп ойлайсың?
4-топ: Оқу оқып білім алу үшін адамда қандай қасиет болуы қажет деп ойлайсың?
Сергіту «Қара жорға» биі
|
Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.
Бағалау критерийі топ мүшелерімен ақылдаса отырып жасалады.
|
4.Рефлексия
|
7 мин
|
1.Тақтаға АҚЫЛ. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ӨНЕР сөздері жазылып, оқушыларға сол рөлге еніп, хат жазады.
2.Үй тапсырмасын беру
|
Мұғалім қорытынды суматив бағасын шығарады.
|
Кері байланыс
|
3 мин
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады
|
Практиканы талдау және бағалау
|
|
|
Сабақ жоспарына өзгеріс енгізу
|
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
Құрастырушы: Ахметова Жанна –қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пәні:
Қазақ әдебиеті
|
Класс: 6
|
Мерзімі:
|
№4 сабақ
|
Сабақ тақырыбы
|
Абай Құнанбаев «Отыз бірінші сөз»
|
Ресурстар
|
Оқулық, Электронды оқулық, интерактивті тақта, А3 форматтағы қағаздар, фломастерлер, стикерлер
|
Негізгі мақсат
|
Абай қара сөзіндегі ой оралымдарын оқушының ой-өрісіне сіңіру, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту.
|
Оқу нәтижелері
|
Қара сөздегі ой оралымдарын ой-өрісіне сіңіреді, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамытады.
|
Этаптар
|
Уақыт
|
Тапсырмалардың түрі және сабаққа қатысушылардың әрекеті
|
Бағалау процесі
|
1. Ұйымдастыру сәті-оқушылармен көңіл-күй жаттығуы. Топтарға бөлу.
|
1 мин
2 мин
|
1.Тренинг «Нұсқау бойынша сурет салу» жаттығуы
2.Топқа күлегештермен бөлу
|
|
2.Шақыру
|
5 мин
2 мин
|
1.Үй тапсырмасы «Мерзімдерді жатқа айту» әдісі арқылы тексеріледі.
2.Абай қара сөзі таспадан тыңдалады.
|
|
3.Ойлану
|
3 мин
5 мин
мин
|
1.Қара сөзді барлығы оқиды.
Қара сөз бойынша тапсырмалар беріледі.
С тобы:Қара сөздің мазмұнын әңгімелейді.
В тобы:Естіген нәрсені ұмытпаудың 4 түрлі себебін және ой кеселді нәрселерді топтастырады
А тобы: Ақын кеңесі мен өсиетін күндегі тәжірибемен байланыстырады.
2.«Қарлы кесек» әдісі. Абай шығармашылығы бойынша зерттеулер мәтіні топтарға бөлініп беріледі.
Бағыттау парағы арқылы келесі топтарға әңгімелейді және әр топтан өте жақсы түсіндірген оқушыны бағалайды.
Сергіту «Жұмыр қылыш» биі
|
Табыс критерийі арқылы бағалау
«Ең жақсы сөйлеген ойыншы номері» арқылы бағалау
|
4.Рефлексия
|
7 мин
|
1.5 минуттық эссе «Абай дана, Абай дара қазақта»
2.Үй тапсырмасын беру
|
Мұғалім қорытынды суматив бағасын шығарады.
|
Кері байланыс
|
3 мин
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады
|
Практиканы талдау және бағалау
|
|
|
Сабақ жоспарына өзгеріс енгізу
|
|
|
Құзыреттілік барысында оқушылар сенімсіздігін жою арқылы нәтижеге қол жеткізу
|
Оқытудың негізгі мақсаттары
|
Белсенді оқытуда қолданылатын тәсілдер
|
Тақырыпты үйренудегі кедергілерді жеңу
|
Оқу нәтижелері
|
Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау
|
Барлық оқушыларды жұмысқа тарту
|
Негізгі ресурстар
|
Абай Құнанбайұлы «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
|
1
|
Абай өлеңінің мағынасын ұғындыру, бәйге атының сыны мен бағасының берілуін түсіндіру
|
1.Эмоциялық тренинг.
Топқа бөлу. (Оқытудағы жаңа тәсілдер)
2.Оқушы қызығушылығын арттыру-АКТ-ны пайдалану. (Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану)
3.Білімді тексеру. «Білемін, білгім келеді, үйрендім» таблицасы(сын тұрғысынан ойлау), Сұрақ қою арқылы диалогқа түсу. (Оқытудағы жаңа тәсілдер)
4.Оқыту «Блум таксономиясы». (сын тұрғысынан ойлау)
5.Толғаныс. Эссе. Автор орындығы.
6.Кері байланыс. Бағалау.(оқу үшін және оқыту үшін бағалау)
|
Топта жұмыс барысында қиналады.
Оқушылар жауап беруге сенімсіз болады.
|
Өлеңді түсініп талдай алады, бәйге атына сипаттама бере алады.
|
Бағалау «Аукцион ойыны» арқылы жүргізіледі. Жауап бергендерге фишка беріледі.
Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.
Бағалау критерийі топ мүшелерімен ақылдаса отырып жасалады.
Мұғалім қорытынды суматив бағасын шығарады.
|
Диалог барысында түрткі, бағыттау сұрақтары арқылы барлық оқушылар жауап береді, топпен жұмыс барысында топ мүшелерінің атқаратын рөлдері белгіленеді, бағалау арқылы ынталандырылады.
|
Оқулық, СТО технологиясының кейбір элементтері, Электронды оқулық, интерактивті тақта, А3 форматтағы қағаздар, фломастерлер, стикерлер, фишкалар
|
Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп бойды алар»
|
2
|
Абай өлеңінің мағынасын ұғындыру, әнге деген көңіл құлшынысы мен талғамын түсіндіру
|
1.Эмоциялық тренинг.
Топтағы оқушылар бір-бірін тыңдайды және бағалайды. (оқытуды басқару және көшбасшылық)
2.Оқушы қызығушылығын арттыру-АКТ арқылы ән тыңдату
3.Білімді тексеру-Ротация әдісі.
4.Оқыту «Алты қалпақ»
5.Толғаныс.Синквин әдісі.
6.Кері байланыс. Бағалау
|
Топта жұмыс істеу ережесіне бағынады.
|
Өлеңді түсініп талдай алады, Абай әндерінің ерекшелігін біліп, өмірде қолдана алады.
|
Табыс критерийі арқылы бағалау.
Мұғалім қорытынды суматив бағасын шығарады.
|
Ротация әдісі арқылы үй тапсырмасын айтады.
«Алты қалпақ» әдісі арқылы оқушылар сабаққа түгел араласады, ойын өмірмен байланыстырады.
|
Оқулық, Электронды оқулық, интерактивті тақта, Алты түсті қалпақ, А3 форматтағы қағаздар, фломастерлер, стикерлер
|
Абай Құнанбайұлы «Әсемпаз болма әрнеге»
|
3
|
Абай өлеңінің мағынасын ұғыну, өзіндік табиғатын саралау.
|
1.Эмоциялық тренинг.
Топтағы оқушылар бір-бірін тыңдайды және бағалайды. (оқытуды басқару және көшбасшылық)
2.Оқушы қызығушылығын арттыру - диалог
3.Білімді тексеру-
4.Оқыту-«Кезектесіп қайталау»
5.Толғаныс-хат жазу. (Талантты және дарынды балаларды оқыту)
6.Кері байланыс. Бағалау.
|
Үлгерімі төменірек оқушыға жеке тапсырма беру
|
Өлеңді түсініп талдай алады, сабақ барысында алған мәліметтерді өзгелермен бөлісуді үйренеді.
|
Балл көрсетілген карточкалар арқылы бағаланады.
Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.
Бағалау критерийі топ мүшелерімен ақылдаса отырып жасалады.
Мұғалім қорытынды суматив бағасын шығарады.
|
Диалог барысында түрткі, бағыттау сұрақтары арқылы барлық оқушылар жауап береді, топпен жұмыс барысында топ мүшелерінің атқаратын рөлдері белгіленеді, бағалау арқылы ынталандырылады
|
Оқулық, СТО технологиясының кейбір элементтері, Электронды оқулық, интерактивті тақта,балл көрсетілген карточкалар, А3 форматтағы қағаздар, фломастерлер, стикерлер
|
Абай Құнанбайұлы «Отыз бірінші сөз»
|
4
|
Абай қара сөзіндегі ой оралымдарын оқушының ой-өрісіне сіңіру, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту.
|
1.Эмоциялық тренинг.
Топтағы оқушылар бір-бірін тыңдайды және бағалайды. (оқытуды басқару және көшбасшылық)
2.Оқушы қызығушылығын арттыру-Абай қара сөзі АКТ арқылы тыңдалады.
3.Білімді тексеру-
4.Оқыту-
«Қарлы кесек»
5.Толғаныс-«Мерзімді жатқа айту». Жас ерекшелігіне қарай есте сақтау.
6.Кері байланыс. Бағалау
|
Оқушылар топта жұмыс жасау арқылы жауап беруге сенімділігі артады.
|
Қара сөздегі ой оралымдарын ой-өрісіне сіңіреді, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамытады.
|
Табыс критерийі арқылы бағалау.
«Ең жақсы сөйлеген ойыншы номері» арқылы бағалау.
Мұғалім қорытынды суматив бағасын шығарады.
|
Топтағы оқушылар бір-бірін тыңдайды, басқалармен өзара қарым-қатынас барысында нәтижеге қол жеткізеді.
|
Оқулық, СТО технологиясының кейбір элементтері, Электронды оқулық, интерактивті тақта, А3 форматтағы қағаздар, фломастерлер, стикерлер
|
Достарыңызбен бөлісу: |