Сабақ тақырыбы Адамдық борышың. Ш.Құдайбердіұлы Бөлімше



бет1/4
Дата03.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#156460
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақ тақырыбы

Адамдық - борышың. Ш.Құдайбердіұлы

Бөлімше

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

3.2.3.1 – шығарманың тақырыбын анықтау және негіз-
гі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу.






Сабақ мақсаттары

  • Барлық оқушылар білуге тиісті: Ақын шығармашылығымен танысып, мағлұмат алады. Шығарманың тақырыбын анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

  • Шығармашылық тапсырма орындайды. Сауатты сөйлеп,өз ойын еркін жеткізуді үйренеді. Негізгі ойды білдіріп тұрған тірек сөздерді анықтайды.

Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Өлеңді мәнерлеп оқып, талдау жасайды. Шығарма бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындай алады.

Бағалау критерийлері

шығарманың тақырыбын анықтайды.
негізгі ойды білдіріп тұрған тірек сөздерді анықтайды.
шығарма бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындай алады

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, музыка, өзін-өзі тану.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, электронды оқулық, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., бағдаршамдар, постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Ы. Алтынсарин. «Малды пайдаға жарату»

Сабақтың
әдіс-тәсілдері:

1. Ерекше амандасу түрлері.
2. Топтау стратегиясы.
3. Семантикалық карта.
4. Блум түймедағының алты күлтесіндегі сұрақтар.
5. Кубизм стратегиясы.
6. Кластер.
7. «Көңіл-күй аралы» әдісі
8. «Оқушы үні» әдісі

Пайдаланған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету, оқу мен оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

Дереккөздері

Әдебиеттік оқу (3-сынып) оқулығы, әдістеме, электронды оқулық, интернет ресурстары.

Психологиялық ахуал
Топқа бөлу

- Сәлеметсіңдер ме , балалар? Ортаға шығып қыздар қыздарға, ұлдар ұлдарға қарама-қарсы қарап тұра қалайық.
Жер бетінде халықтар әр түрлі амандасады екен.Қане, байқап көрейік.
-Қазақтар қол алысады.
-Италияда құшақтасады.
-Бразилияда бір-бірінің иығын қағады.
-Некарагуада арқасымен қағысады.
-Зимбавльде шынтақпен.
-Австралияда шапалақпен,секіру, бөксемен. Міне, балалар, барлық дене мүшемізбен амандастық.

-Қазір 3 топқа бөліне қалайық.


-Қане, әр топқа бірден топ басшысын сайлайық! Сабақ соңында өз тобын бағалайды. 1-топ басшысы Айерке, 2-топ басшысы Ерали, 3-топ басшысы Айша.
-Топ ережесімен таныс болыңдар.

Бастапқы білім



-Балалар, қазір қай сабақ?
-Үйге қандай тапсырма берілді?
(Әр топтан 1 оқушы үйге жазуға берілген эсселерін оқиды, қалған оқушылардың жазбаларын жинап аламын.)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет