1.1.3.1 шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу
1.1.3.2 өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу:минут, сағат,тәулік,апта,ай,жыл
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: уақытты бағдарлайды және уақыт терминдерін түсінеді. Ай аттарын ретімен айта алады.
Көптеген оқушылар: Уақыт бірлігін ажыратады. Қалай не үшін қолданатынын талдайды.
Кейбір оқушылар: уақытты анықтайтын жаңа терминдерді пайдаланып, ой-пікірін білдіре алады.
Уақыт аралығының ұзақтығы -ай, жыл туралы түсінік қалыптасады;
«Ай, жыл» уақыттың өлшем бірлігі екендігін ұғынады;
Ай атаулары және олардың орналасу ретімен танысады.
1жыл 12 айдан тұратындығын біледі,жылдың төрт мезгілін ажырата біледі.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология:
ай, күнтізбе, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, жыл
Диолог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Талқылау: ... қашан екенін айт
Қай күні сен …..
Жазу: Ай аттарын рет-ретімен жаз.
Құндылықтарды дарыту:
Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру