Мустапаева Сиякуль Кудиретовна, Математика пәнінің мұғалімі:
«Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Түркістан қаласы. ОҚО
Сабақ тақырыбы: «Айналу денелері. Конус, цилиндр, шар»
Сыныбы: 11 «А»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға конус, цилиндр, шар және олардың элементтері туралы
мағлұматтар беру;
Дамытушылық: Конустың, цилиндрдің, шардың бүйір бетінің, толық бетінің
аудандарын табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың
шапшаңдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу;
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, есептер шығару
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, диапроектор, сызба плакаттар, т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгелдеу;
Назарларын сабаққа аудару;
Оқу – құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекітіп қорытындылау
Үй тапсырмасын оқушылардан сұрақ қою арқылы тексеремін.
Жауаптары:
Стереометрия – кеңістіктегі геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттейтін геометрияның бөлімі.
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасынығ квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең болады.
Шеңбердің радиусы дегеніміз – шеңбер центрі мен оның кез-келген нүктесін қосатын кесінді.
Шеңбердің диаметрі дегеніміз – центр арқылы өтетін шеңбердің кез-келген екі нүктесін қосатын кесінді.
Тіктөртбұрыш дегеніміз – барлық бұрыштары тік болатын және ені мен ұзындығы болатын төртбұрыштың бір түрі.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Анықтама: Тікбұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигура
Достарыңызбен бөлісу: |