Сабақтың басы
(2-7минут)
Уәж туындату
|
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2.Ынтымақтастық атмосферасын туғызу.
Әдіс:«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз»
Оқушылармен «Шаттық шеңберін» құрып, бір біріне математикалық терминдерді қолданып лебіздерін білдіреді.
ҚБ «Шапалақтау»(оқушылар өз сыныптастарының жылы лебіздеріне алғысын білдіріп, қолдарын шапалақтайды)
3. Топқа бөлу
Саралау тәсілі «Жіктеу» (аралас гендерлік топ)
Содан соң оқушыларды « Қысқаша көбейту формулалары» арқылы 4 топқа бөлемін. Оқушылардың әрқайсысына қысқаша көбейту формулаларымен шығаруға берілген есептер жазылған кеспе қағаздары таратамын. Бірдей формулалармен шығарылатын есептері бар оқушылар бір топқа топтасады.
І топқа
1.(m-4)(m+4)
2. (2а-3в)(2а+3в)
3.(8х+9у)(8х-9у)
ІІ топқа
1. (х+4)(х2-4х+16)
2. (5+х)( 25-5х+х2)
3. (3а+4в)( 9а2-12ав+16в2)
ІІІ топқа
1. (4а-1)(16а2+4а+1)
2. (2p-q)(4p2+2pq+q2)
3. (x-6c) (x2+6xc+36c2)
ҚБ «Отшашу»
(тапсырманы дұрыс орындап,қолдарын отшашу әдісімен шапалақтау арқылы өз орындарын тапқанын білдіреді)
4. Алдыңғы білімді қайталау
«Серпілген сауал» әдісі
Саралау тәсілі: «Диалог және қолдау көрсету» (Оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан- жақты әрі нақты көмек қажет ететін жағдайда, мұғалімнің сөзбен қолдау көрсету және ынталандыруы)
Сұрақ-жауап түрінде оқушылар диалог арқылы ауызша жұмыстанады. Әр топ бір-біріне доп беру арқылы cұрақ қояды.
1. Алгебралық рационал бөлшек дегеніміз не?
2. Айнымалылардың қандай мәндерінде рационал өрнектің мағынасы болмайды?
3. Алгебралық бөлшекті қосу ережесі қандай?
4. Алгебралық бөлшектерді азайту ережесі қандай?
5. Әріптердің қандай мәндерінде бөлшектердің негізгі қасиеті орындалады?
6. Айнымалылардың қандай мәндерінде рационал бөлшектерді қосу мен азайту амалдары орындалады?
7. Қандай жағдайда екі рационал бөлшектің ортақ бөлімі осы бөлшектердің бөлімдерінің көбейтіндісіне тең болады?
8. Қандай жағдайда екі рационал бөлшектің ортақ бөлімі осы бөлшектердің біреуінің бөліміне тең болады?
Дескриптор:
Алгебралық рационал бөлшек анықтамасын біледі;
Айнымалылардың мүмкін мәндері ереежесін біледі;
Алгебралық бөлшекті қосу және азайту ережесін біледі;
Алгебралық бөлшек қасиетін біледі.
|