Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А бөлім. Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу
|
Мектеп: Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі
|
Күні:05.05.2020 ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні:Төрегелдиева Әлия
|
Сынып: 8
|
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Алгоритмді программалау
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру (С/С++, Python, Delphi, Lazarus)
8.3.3.2 – программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін білу және қолдану
8.3.3.1 – таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдану(С/С++, Python, Delphi, Lazarus)
|
Сабақ мақсаты
|
Дайын алгоритм үшін код жазу
|
Бағалау критерийлері
|
программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін тиімді пайдаланады
таңдау операторлары мен циклдық құрылымдарды программалау барысында тиімді пайдаланады
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Басқа адамдарға өз программалау кодын түсінуге көмектесетін пікірлер қосады.
Пәндік терминология:
программа, компонент, интерфейс, код, қасиеті, параметр, программаны орналастыру.
Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері
Программаның мына бөлігі ... сипаттайды.
Мен өз кодыма мынадай өзгерістер енгіздім ...
Мен .... шешу үшін ... пайдаландым.
Мен ... жасау үшін ... қолдандым.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық, өзара оқыту, өзін-өзі тану. Бұл құндылықтар жеке жобамен жұмыс барысында, жобаға байланысты сұрақтарды талдау барысында жүзеге асырылады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика;
Тіл пәндері (диалог үшін пайдалы сөз тіркестері, жазу және сөйлеу мәдениеті, тілдің стилистикасы);
Биология және дене шынықтыру (денсаулық сақтау технологиялары)
|
Бастапқы білім
|
Таңдалған мәселені (жоба) шешуге арналып әзірленген алгоритм; цикл операторлары, шартты және таңдау операторын білу және оларды тәжірибе жүзінде қолдану мүмкіндігі
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақ кезеңдері:
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
|
Оқу ресурстары
|
Сабақтың басы
мин
|
Білімді жаңарту: сұрақ-жауап
1. Термин және оның сипаттамасы арасында сәйкестік орнатыңыз:
Бұл белгілі бір жағдай мен қасиеттерге (атрибуттар) ие және оларға арналған операциялардан (тәсілдер) тұрады
Бұл қандай да бір классқа немесе нысанға тиісті функция немесе процедура.
Нысанның бір жағдайдан келесі жағдайға өтуі қалай аталады?
Терминдер: A) нысан В) тәсіл С) оқиға
Caption қасиетінің міндеті …
Компонент өлшемі
Компоненттегі жазу
Компоненттің формада орналасуы
Компонент түсі
Бұл компоненттің міндеті – мәтінді форманың бетіне жазу
Button
Label
Memo
CheckBox
|
Презентация
|
Сабақтың ортасы
6-37 мин
|
Алгоритмді программалау
Өз жобаңызбен жұмысты жалғастырыңыз. Өткен сабақта жасалған алгоритм бойынша код жазыңыз. Жұмыс кезінде келесі есепті шешу жолын басшылыққа ала отыруыңызға болады:
Есеп: егер қабырғаларының мәндері белгілі болса, тіктөртбұрыштың ауданын есептейтін қосымшаны әзірлеу.
геометриялық модель:
алгоритм шешімі блок-схема түрінде
интерфейс моделі
программалық код
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var a,b,s:integer;
begin
a:=strtoint(edit1.Text);
b:=strtoint(edit2.Text);
s:=a*b;
label7.Caption:=inttostr(s);
end;
Қосымшаның орындалу нәтижесі:
|
Презентация
Таратпа
|
Сабақтың соңы
38-40 мин
|
Ауызша рефлексия.
Программа кодын жазуды аяқтадыңыз ба?
Егер жоқ болса, әлі қанша уақыт қажет?
Қандай проблемалар туындады және оларды шешу мүмкін болды ма?
|
Презентация
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?
|
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
|
Мұғалім көмегін қажет ететін оқушыларға кеңес беру
Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды.
|
Формативті бағалау – сабақ барысында мұғалім оқушылардың жұмыстарына кері байланыс беріп отырады
|
Информатика кабинетінде ТҚ ережесін сақтау:
- Экранға дейінгі қашықтықты және дұрыс отыруды бақылау
- әр 10-15 минут сайын көз және дене шынықтыру жаттығуларын орындау
|
Достарыңызбен бөлісу: |