Сабақ тақырыбы Қандай әдемі балапан №8 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет3/3
Дата20.11.2023
өлшемі231,71 Kb.
#192448
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
3 сынып 20.09.2023

«Тыңдап отырған үштік» әдісі. Оқушылар үш адамнан тұратын топта жұмыс істейді. Топтағы бір оқушы – шешен, біреуі – тілші және үшіншісі – хатшы рөлін атқарады. Шешен суреттегі құстар туралы білетін ақпаратымен бөліседі. Қандай құс екенін, ұясын қада салатыны, немен қоректенетіні туралы әңгімелейді.
Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Топтар «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.


(Ж) Жазылым. Қабылдау деңгейлері әртүрлі оқушыларды жұптастыру. Кестеде берілген сөздерден сөз тіркестерін құрайды.

үйдің

бұтағы

қораның

қабырғасы

ағаштың

беті

талдың

төбесі

көлдің

арасы

таудың

етегі

тоғайдың

шатыры

үйдің

басы

Жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.


(Ө) Айтылым. Өздеріне ұнайтын балапанның суретін салады және оны сипаттайды.
Қажетті сөздер: сүйкімді, әдемі, жұмсақ, кішкентай, салады, құстың, өседі, ұя салады
Дескриптор:

  • Тақырып бойынша сурет салады.

  • Сурет бойынша сипаттау мәтінін жазады.

  • Тірек сөздерді орынды қолданады.




https://www.youtube.com/watch?v=Hh7kgC2Mjgg
«Қарлығаш» әні, караоке

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма:
Сұрақтарды пайдаланып , диалог құрайды.

  • Саған қандай құс ұнайды?

  • Оның балапаны қандай?

  • Ол ұясын қайда салады?

  • Ол құстың адамға қандай пайдасы бар?

  • Рефлексия «бағдаршам








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет