Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ара мен шыбын»
(Әдебиеттік оқу)
Сабақтың мақсаты: Оқушының жеке қабілеті мен белседілігіне сүйене отырып мысалдағы түйінді ойды ашуғ жағдай жасау. Байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, оқулық, плакаттар, суреттер.
Әдісі: Жаңа әдіс СТО технологиясы, ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
А) топқа бөлу
Ә) шаттық шеңбері
Әр топ жеке шеңбер құрып, бір-біріне жұмсақ жүректі ұсына отырып тілек білдіру.
ІІ. Қайталау-білім анасы.
Үй тапсырмасын сұрау
«Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалын жатқа айту
Сюжет түрінде көрсету.
Сұрақтарға жауап алу.
ІІІ. Сен білесің бе?
Жаңа сабақтың авторы туралы түсінік беру.
Сатира туралы түсінік беру.
Дәптермен жұмыс: күннің жадын жазу.
Сыр-сандық: (сөздікпен жұмыс)
Нығымдап-нығырлап, батыл түрде.
IV. Білім керек бәріне.
Іштей оқу
Тізбектей оқу
Топтасып талқылау
Сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындау.
V. Кім мықты?
1-топ. «Өнер» тобы: «Ара мен шыбын» мысалын рөлге бөліп оқу.
2-топ. «Оқу» тобы: Мысалдағы түйінді ойды табу, айту.
3-топ. «Жазу» тобы: «Егер мен Шыбын болсам...» тақырыбына эссе жазу
VI. Кім ұтқыр?
1-топ. «Өнер» тобы: Қонақжай дегенді қалай түсінесің?
2-топ. «Оқу» тобы: Қонақ деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар?
3-топ. «Жазу» тобы: Қонақжайлылық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
VII. Үйренгенім көп менің.
(Постермен жұмыс)
1-топ. «Өнер» тобы: Оспанхан Әубәкіров жөнінде не білдік?
2-топ. «Оқу» тобы: Ара қандай?
3-топ. «Жазу» тобы: Шыбын қандай?
VIII. Қорытынды
Балалар, қандай жақсы қасиеттерді білесіңдер? Сол жақсы қасиеттерді жұлдызшаларға жазып, айдың қасына жинақтайық.
Әрқашанда жақсы қасиеттерді бойымызға жинап, ай мен жұлдыз секілді жарқырап жүрейік! – деп бүгінгі сабақты аяқтаймын.
XI. Үйге тапсырма: мысалды мәнерлеп, рөлге бөліп оқу.
X.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |