Сабақ тақырыбы: «Асқорыту жүйе қызметі бұзылған кезде науқасқа күтім жасау және бақылау жүргізу»



бет2/4
Дата20.10.2022
өлшемі25,85 Kb.
#153992
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Ас қорыту жүйесі

Ауырсыну орналасуы бойынша:
1. Асты жұтынған кезде төс сүйегінің артындағы ауру - өңеш дерттеріне тән; 
2. Эпигастрий тұсындағы ауру – асқазан дертіне тән; 
3. Пилородуоденалдық аймақтағы аурулар – 12 елі ішек дерттеріне тән;
4. Кіндік тұсындағы аурулар – көбінесе аш ішектің дерттерінде кездеседі; 
5. Мықын аймағында немесе іштің екі бүйіріндегі ауру – тоқ ішектің зақымдануына тән;
6. Дефекация кезінде ауырсыну – тік ішектің немесе анустың зақымдануында кездеседі.

Ауру сезімінен басқа, асқорыту ауруларында диспепсиялық бұзылыстар кездеседі. Оларға жүректің айнуы, құсу, кекіру, тәбеттің бұзылуы, ауызда жағымсыз дәмнің пайда болуы, іш қату, іш өту т.б. жатады.


Диспепсия – ас қорытылудың бұзылуы.
Асқазан диспепсиясы:
Тәбеттің бұзылуы- тәбеттің төмендеуімен, жоғарлауымен, жойылуымен сипатталады Кекіру – асқазандағы ауаның немесе оның ішіндегі астың өңешке түсуі. 
Қыжылдау – төс сүйегінің артында пайда болатын өте күшті күйдіру сезімдері.

  1. астың мінезіне байланысты- қышқыл, тәтті, ащы, сұйық;

  2. ас қабылдаған соң аш қарынға, еңкейгенде, жатқанда, күшенгенде пайда болады..

Жүректің айнуы- құсу алдында пайда болады, астың мінезіне байланысты болады;
құсып болған соң жеңілдік әкеледі немесе әкелмейді.
Құсу –асқазанда кідіріп қалған тағам қалдықтарының ауыз, кейде мұрын жолдары арқылы еріксіз сыртқа шығуы (күрделі рефлекторлы акт). Ол астың түріне және мөлшеріне байланысты болып келеді, құрамы – асқазандағы ас, кілегей, қан аралас, «кофе тұнбасы», запыран (өт құсу) т.б.
Құсу себептері: асқазан жарасы, жедел және созылмалы гастриттер, улану т.б. Сырқат көп құсса тез нашарлайды, себебі ол құсықпен көп сұйықтық жоғалтады. Зат алмасу процесі бұзылады. Көмек көрсету құсықтың түріне, құрамына қарай ұйымдастырылады. Құсу кезінде науқасқа уакытында көмек көрсету манызды, себебі құсу массалары, әсіресе науқастың ес-түссіз жағдайында тыныс алу жолдарына түсіп, ауыр инспираторлы ентігуге, содан соң аспирациялық өкпе қабынуына алып келуі мүмкін.
Құсудың екі түрі болады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет