Сабақ тақырыбы Астана-болашақтың қаласы Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары



Дата15.12.2021
өлшемі27,19 Kb.
#101386
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ 6 сынып



Бөлім: Астана – мәдениет пен өнер

ордасы



Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Абильдина Айнұр Серкбаевна

Мерзімі:




Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Астана-болашақтың қаласы

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар әннің мазмұнын түсінеді, әннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады. Теңеулер мен синонимдерді таба алады.

Бағалау критерийлері

  • Тақырып бойынша үйренген сөздерді қолдана алады;

  • Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады;

  • Сұрақтарға жауап бере алады.

Тілдік мақсаттар

Ағылу, көш қону, таласа ауу, сауыры, көз тоймау, өркен жаю, келбет, жайнау

Сабақ барысында жүзеге асатын құндылықтар

Ашықтық, құрмет


Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім



Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Қызығушылықты ояту мақсатымен мұғалім оқушыларға бірнеше әлем астаналарының суреттерін шығарып, көрсетеді. Суретке қарап оқушылар әлемдегі бас қалалар атауын болжап айтады. Егер оқушылар тарапынан қалалар атауын дөп басып айту қиынға соғып жатса, мұғалім өзі қолдау көрсетеді.
Мұғалім оқушыларға Астана сөзінен басталатын бес сөйлем құрастыруды сұрайды.

1. Астана -

2. Астана ...

3. Астана ...

4. Астана ...

5. Астана ...

Сөйлемдер Астана қаласының ерекшелігі, ондағы ғимараттар мен жағымды жаңалықтар туралы болуы тиіс. Грамматикалық және мағына жағынан дұрыс құрылуы талап етіледі, егер оқушылар қате жіберген жағдайда сыныппен бірге ұсыныс жасап қатесін түзетуге қолдау көрсетеді. Бұнда оқушының сабақ тақырыбын қаншалықты түсінуімен қатар, сөйлем құрастыра алуы, сөздік қоры, айқындалады.

Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылап, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.


Таныстырылым

Сабақтың ортасы

10


Тындалым

Мұғалім оқушыларға «Астана – әсем қала» видеосын ұсынады. Ондағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын білдіруге қажетті ақпараттар беру.



«Шеринг» әдісі арқылы

Оқушылар видео мазмұнынан түсінгендері бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады.



Жұмыс алгоритмі:

  • барлығы шеңберде отырады.

  • жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды.

  • идеялар қайталанбау керек.

«Астана – әсем қала_видео1-нұсқа»


7 мин

Мұғалім оқушыларға М.Омаровтың «Арман қала - Астана» әнін тыңдауға ұсынады. Балалар әнді ең алғаш тыңдағаннан соң оның не туралы екенін, жалпы әннен не ұққандарын ортаға салып, өз сөздерімен әңгімелейді. Әнді екінші мәрте тыңдау барысында оқушылар өздеріне таныс сөздерді түртіп отырулары сұралады. Мұндағы мақсат – оқушылардың бұрыннан бар білімдерінің қаншалықты тұрақты бола алғанын бағамдау, негізгі тыңдалым тапсырмасына оқушыны дайындау, құлағын үйрету болып табылады. Әнді үшінші мәрте тыңдау кезінде оқушылар мәтіндегі бос орындарды тиісті сөздермен толықтырады. Тыңдалым мәтінінің дұрыс нұсқасы келесідей болып келеді.

«Арман қала - Астана» әні

Е. Шаймерденов

М. Омаров

Ағылып Атыраудан, Алатаудан,

Көш қонды Қараөткелге таласа ауған.

Жайнайды Астана ару алқасындай,

Ғажайып ғимараттар жаңа салған.
Сарыарқа сауырында,

Ерке Есіл бауырында

Келеді бой көтеріп арман қала.

Арман қала!

Асыл дала!

Жаңа астана! Әз Астана! Астана!


Көз тоймас келбетіңе - қандай көркем!

Астанам - жаңа қала жайған өркен.

Астанам - жүрегі елдің, жүрегі елдің,

Соғатын сәтіменен бүгін де, ертең!



Балалар өлеңді оқығаннан соң оның не туралы екенін, жалпы өлеңнен не ұққандарын ортаға салып, өз сөздерімен әңгімелейді.

Тапсырма: оқушылар мәтіндегі бос орындарды тиісті сөздермен толықтырады. Оқылым мәтінінің дұрыс нұсқасы келесідей болып келеді.

Оқылым тапсырмасын орындап болғаннан кейін мұғалім оқушылардың бірін-бірі сынып болып өз жауаптарын салыстыра тексерулерін сұрайды. Уақыт үнемдеу мақсатында дайын жауапты ұсыныу да қате болмайды.

Үлестірме материал: бос орындары бар өлеңнің мәтіні


3 минут


Оқылымнан кейінгі тапсырма ретінде мұғалім оқушыларға өлеңнің мәтініне қатысты сұрақтар дайындайды:

Оқушыларға өлеңнің мәтініне қатысты мынадай сұрақтар беріледі.



  • Ән не туралы? Әннің негізгі идеясы не?

  • Ән мәтінінде қай қала туралы сөз қозғалады?

  • Автор Астананы қалай суреттейді?

  • Ақын Астананы неге теңейді?

  • Қандай жерлер мен қалалардың атаулары аталады?

  • Неліктен Астананы елдің жүрегі дейді?


Дескриптор: 1.Өлеңнің мазмұнын түсінеді;

2.Өлеңнің мазмұны бойынша құрылған барлық

сұрақтарға жауап береді.






10 мин

Жазылым

Мұғалім оқушыларға тапсырма шартын түсіндіреді:

«Бүгінде Астана қаласы адам танымастай өзгерді. Қонақтардың көбі бұрынғы астанамыз Алматымен салыстырғанда ұлттық нақыштағы ою-өрнектер қала көшелерінде кең қолданыс тапқандығын айтады. Тіпті, көшелерге берілген көне қала атаулары мен қазақтың ақын-жазушылары, билері мен хандарының есімдері қалаға ерекше күш беріп тұрғандай».

Бұл пікірмен қаншалықты келісесің? Өз пікіріңді білдіріп эссе жаз.

Эссе көлемі 35-40 сөзді қамтиды.



2-таратпа


Сабақтың соңы

3 минут


Жазылымнан кейінгі тапсырма

Сынып екі топқа бөлінеді. Бір топ –«Көрермендер», екінші топ – «Журналистер».

«Көрермен» тобындағылар «Журналист» тобынан бір оқушыны таңдайды. Сұрақ алаңына шақырады, сұрағын қояды, жауабын диктафонға жазып алады. Сұрақ алаңының бүгінгі тақырыбы – «Астана – болашақтың қаласы».

Сұрақ алаңындағы әңгімеде келесі сөздерді пайдалануға ұсыныс жасалады: (саралау үшін) конгресс зал, жылжымалы шатыр, толеранттылық, 4D кинотеатр, сыйымдылық



Дескриптор:

  • Берілген жағдаятқа сай эссе жазады;

  • Эссенің тақырыбынан ауытқымайды;

  • Абзацтар жүйесін сақтайды;

  • Келісу-келіспеу себептерін айқын жазады.




Сұрақ жауап

Рефлексия

2 минут


Мұғалім сыныппен кері байланыс орнатады. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен сабақты қорытындылайды.




Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері










Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:
2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет