Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-5 мин
|
Ұйымдастыру сәті. Амандасу.Ынтымақтастыру атмосферасын құру.
Бейнебаян қарау: Атом деген не? (3:31 мин.)
Сілтеме: https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-an-atom
Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және жетістік критерийлерін анықтау.
|
Бейнебаян 1
Презентация
|
Сабақтың ортасы
6-15 мин
16-25 мин
26-38 мин
|
Жаңа сабаққа көшпес бұрын, төменгі сыныптарда алған білімін еске түсіру мақсатында Қосымша 1 берілген 1 және 2 тапсырманы оқушыларға орындату қажет. Екі тапсырманы орындап болғаннан кейін, сыныппен бірге жұмыстарды тексеру қажет. Жауабы презентацияда көрсетіледі.
Тапсырмаларды тексеріп болғаннан кейін, сыныппен бірге келесі тапсырманы тақтаға орындайды.
Уранның изотоптары
Қазіргі таңда уранның 26 изотопы белгілі. Табиғатта уранның үш изотопы кездеседі: 234U, (үлесі 0,0055 %), 235U (0,7200 %), 238U (99,2745 %).
1. Уранның үш изотобының атом құрылысында қандай ұқсастықтар мен айырмашылық бар?
2. Изотоп дегеніміз не?
Оқушыларға «изотоп» пен «нуклид» ұғымдарын түсіндіру.
қазіргі таңда 118 элемент белгілі
табиғатта 340 нуклид кездеседі (250 тұрақты және 90 радиоактивті)
3000 жуық нуклидтер жасанды жолмен алынып қасиеттері сипатталған.
Мысалы сутегінің:
Табиғатта: Н1, Н2, Н3,
Жасанды жолмен алынған: Н4 – Н7
Оқушыларға жер әртүрлі элементтердің изотоптарынан құралғанын айта кету қажет.
Бейнебаян: Изотоптардың атаулары мен химиялық таңбалары
Сілтеме: https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/atomnyng-qurylymy/lesson/izotoptar
Оқушылардың алған білімін бекіту үшін қосымша 1 берілген қалған тапсырмаларды орындайды.
|
Қосымша 1
3-слайд
4-слайд
5-слайд
6-слайд
Бейнебаян 2
Қосымша 1
|
Сабақтың соңы
39-40 мин
|
Кері байланыс. Қойылған мақсаттар мен критерийлерге оралу.
|
|
Сабақтың басы
0-3 мин
|
Ұйымдастыру сәті. Амандасу.Ынтымақтастыру атмосферасын құру.
Екінші сабақта қарастырылатын сабақ мақсаты және жетістік критерийлерімен таныстыру.
Сабақ мақсаттары:
10.1.2.2 Изотоптар қоспасындағы химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептеу;
Жетістік критерийлері:
- изотоптардың табиғатта таралған үлесі арқылы элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептей алады;
- салыстырмалы атомдық массасы арқылы изотоптардың табиғатта таралуын анықтай алады;
|
7 слайд
|
4-20 мин
|
Оқушыларға ақпараттық парақтарды таратып беріңіз. Мәліметпен танысып болғаннан кейін оқушылармен бірге табиғатта таралған элементтердің үлесі арқылы, олардың салыстырмалы атомдық массасын есептеуді және оған кері есепті тақтаға шығарыңыз.
1. Табиғатта уранның үш изотопы кездеседі: 234U, (үлесі 0,0055 %), 235U (0,7200 %), 238U (99,2745 %). Уранның салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз.
2. Табиғатта азоттың екі тұрақты изотобы кездеседі: 14N және 15N. Азоттың салыстырмалы атомдық массасы 14,00643 екенін ескеріп, әрбір изотоптың табиғаттағы үлесін анықтаңыздар.
|
Қосымша 2
9-слайд
|
21-38 мин
|
Алған білімдерін бекіту мақсатында ҚБ тапсырмаларын орындайды.
|
Қосымша 3
|
Сабақтың соңы
39-40 мин
|
Кері байланыс. Қойылған мақсаттар мен критерийлерге оралу.
|
|
|