Сабақ тақырыбы: «Аққу, шортан һәм шаян»



Дата23.05.2017
өлшемі113,12 Kb.
#16668
түріСабақ
Ақтөбе облысы,

Әйтеке би ауданы,

Байжанкөл бастауыш мектебінің бастауыш класс мұғалімі Космурзин Билисбай
Сабақ тақырыбы: «Аққу, шортан һәм шаян». Ахмет Байтұрсынов
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы туралы мағлұмат бере отырып, И.А.Крыловтан аударған мысалының мазмұнын өмірмен байланыстыра талдау арқылы идеясын түсінуге мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, өз ойларын, пікірін еркін айтуға, өз көзқарасын дәлелдей білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын ашу арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: А.Байтұрсынұлы мен И.А.Крыловтың портреті, «Аққу, шортан һам шаянның» бейнелі суреті, т.б.
Сабақ әдісі: Әңгімелеу, суреттеу, сұрақ-жауап,талдау, топпен жұмыс, «ой толғау».
Сабақ түрі: Жаңа білімді игеру..
Пән аралық байланыс: Дүниетану, ән, қазақтілі,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды үш топқа бөлу.
Психологикалық ойын: «Сәттілік тілегі»
Бүгінгі күн-жұма. Жұма қасиетті де, қадірлі күн. Күн сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Білген сайын біле бергім келеді.

Біле беру емес пе, ел тілегі.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім, - дей отырып сабағымызды бастаймыз.


  • Балалар, «Қайталау – білім анасы» айдарымен өткенді еске түсірейік.

1-сұрақ. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?

  • Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.

2-сұрақ. Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын білесің бе?

  • Айтыс, жаңылтпаш, бесік жыры, батырлар жыры, ертегі, аңыз.

3-сұрақ. Ертегі дегеніміз не?

  • Ертегілер халық ауыз әдебиетінің бір түрі. «Ертегі» деген аты ертедегі, ерте кездегі деген сөздерден туған. Шыншыл, қиял-ғажайып, жан-жануарлар жайындағы түрлері болады.

4-сұрақ. Айтыс дегеніміз не?

  • Айтыс-халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Айтыс дегеніміз екі ақынның арасындағы сөз жарысы.

5-сұрақ. Жұмбақ деген не?

  • Жұмбақ-ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері.

Ал балалар, бүгінгі жаңа сабақта не туралы айтылатыны жұмбақ шешу арқылы білеміз.
Слайд ашу.
Жұмбақ шешу.
1. Су бетін сызып,
Ақ құман жүр жүзіп.
(Аққу)
2. Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды.
(Шортан)
3. Мойны жуан,
Жұқалтаң қабақты.
Тірсегі ұзын,
Қоян тобықты.
Іс тікпейді, бірақ
Тастамайтын бізін,
Білесің бе ......?
(Шаянды)
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақта қазақ халқының ұлы ақыны А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры туралы сөз қозғап, мысал өлеңдердің ерекшеліктері туралы оқып үйренеміз.Иван Андреевич Крыловтың Ахмет Байтұрсынов аударған «Аққу, шортан һәм шаян» деген мысалымен бүгінгі сабағымызда танысамыз.
Мұғалім. Балалар, сендер бес топқа бөлініп отырсыңдар.

Оқушыларға алдын ала әр түрлі үй тапсырмалары берілген, олар әрқайсысы өз сұрақтары жөнінде ізденіп, оны тірек-сызбалар арқылы салып, соған жазып түсіндіруі керек.

1 - топ – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі.
2 - топ – Ахмет Байтұрсыновтың мысалдары
3 - топ – Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері.
Топпен жұмыс:
Топтағы алғыр оқушы жинақтаған мәліметті оқып береді. Қалғандары дәптерлеріне кластер құрып жинақтайды, негізгі ойды жазады.
Әр топ жинақтаған мәліметтерін айтып береді.(оқушылар бір – бірін толықтырып отыруға тиісті)
Қысқаша толықтырулар.

Ахмет Байтұрсынов (1873 - 1938)


Ахмет Байтұрсынов – қазақтың ұлы ағартушы - ғалымы, қоғам қайраткері, ақын әдебиет танушы, лингвист, аудармашы, публицист, ұлт ұстазы.1873 жылы қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді (қазіргі Ақкөл ауылы).1886 - 1891ж. Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891 - 1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқыды.1895 - 1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.Халықтың ой - санасын оятуға бар күшін қаламгерлік қуатын салып,1909 жылы И. А. Крылов мысалдарын аударып, оның «Маса», «Қырық мысал» жинағын шығарады. Ең алғаш рет «Әліпби» оқулығын жазған. Бар өмірін адал қызмет етуге арнаған адам. Оған «Халық жауы» деген жалған жала жауып, жазықсыз құрбан болған.

Ахмет Байтұрсынұлы И.А.Крыловтың мысалдарын қазақшаға аударып, оны кітап етіп шығарған. Солардың бірі – бүгінгі «Аққу, шортан һам шаян» мысалы. Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы – мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы ақындар. Сонымен қатар 3-сыныпта оқып кеткен «Бидай мен қаңбақ» мысалының авторы Асқар Тоқмағанбетов – жаңашыл мысалшы. Міне, осындай ақын-жазушылардың арқасында мысал жанры қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр.

Крылов Иван Андреевич (1769 - 1844)
Санкт-Петербургте жазғы бағында ескерткіш бар. Бұл: Иван Андреевич Крылов. Оның аяқ жағында қоладан құйылған хайуанаттар бейнесі толы. Хайуандар оның мысалдарындағы кейіпкерлері.И. А. Крылов ұзақ өмір сүрген. И. А. Крылов өз замандастарына қатты ұнаған, бірнеше күлдіргі пьеса жазған. Ол 30 жылдай Петербург кітапханасында қызмет еткен. Ал оның атын әлемге әйгілі еткен нәрсе ғажайып мысалдары болды.

Мысал деген көбінесе өлең түрінде жазылатын шағын шығарма, онда міндетті түрде ақыл - кеңес айтылады (нені істеп, нені істемеу керектігі жөнінде) немесе біреудің ақымақтығы ажуа етіледі. Мысал сәл - пәл ертегіге ұқсайды: әдетте онда адамдар емес, жан - жануар, кейде тіпті жансыз заттар әрекет етіп жатады.Дүниеден талай - талай тамаша мысалшылар өткен. Россиядан сондай ғажап мысалшы И. А. Крылов болған еді.Крыловтың мысалдары әрқашан да халықтың мұң - мүддесін қорғады. Сонымен қоса ұлы мысалшы жатып ішер жалқауларды, қорқақтарды, жақсылық білмейтін көпірме мақтаншақтарды әбден ажуа қылады.


И. А. Крыловтың мысалдары өте түсінікті әрі жатық, қалай жаттап алғаныңды білмей де қаласың. Сол мысалдарды қазақ ақын аудармашылар атап кетсек Абай Құнанбаев «Шегіртке мен құмырсқа», Ахмет Байтұрсынов «Аққу, Шортан және Шаян», т. б. аударып бізге жеткізген екен.

Аққу - өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың тазалық пен нәзіктің белгісі болып саналады. Оны көп халықтар киелі құс санап, ерекше құрметтеген. Аққулар аңыздар мен ертегілерде жырланды.


Аққулар көктемде оңтүстіктен қайта оралады, олардың қанатының сыңғыры мен әсем үнін аспанда жұп-жұбымен кербез ұшып өткен сол бір сәтінде тыңдаған тамаша - ақ.
Қалың орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққу - сұлу құбылыс. Аққу суда дыбыс шығармай, жеңіл сырғып жүреді.
Аққу түрлері: сұңқылдақ аққу, қарақу және сыбырлауық аққу.
Сыбырлауық аққу мен сұңқылдауық аққу - біздің ең ірі құстардың бірі.
Сыбырлауық - 8 - 13кг, сұңқылдақ - 7 - 10кг, ішінары - 13кг болады екен. Австралиялық карақу сұңқылдақтан едәуір кіші. Қарақу мен сыбырлауық аққу қолға тез үйреніп кетеді.
Аққулар - қалың қамыс арасына ұялайды. Олар ерекше сезгіш және сақ құс. Балапандарын ата - енесі бірлікте тәрбиелеп өсіреді.
Біздің елімізде аққуларды аулауға тыйым салынған.

Шортан – еліміздің өзен, көлдерін түгелдей мекендейтін ірі балық. Оның ұзындығы 1, 5 метрден, салмағы 35 килограммнан асып түседі. Шортандардың өте ұзақ жасайтын жөнінде аңыз көп, ал шын мәнінде ең ұзақ жасағаның ғұмыры 20 жылдан аспады. Бірен - саран отыз үш жыл жасаған шортанның ұсталғаны жөнінде де мәлімет бар.


Әдетте ірі шортандардың салмағы 6 - 8кг тартады. Тым үлкен болмаса да шортан оңайлықпен тоя қоймайды. Сондықтан да ол күні бойы жем аулаумен болады. Бірақ шортан жемін қуып жүріп ұстамайды, оның келуін күтіп тұрады. Балықтар балдыр арасында жасырынып тұрған қарақшы шортанды байқай бермейді. Оның үстіндегі сұрғылт, сұрғылт жасыл, тарғыл түсті дақтары мен жолақтарын су өсімдіктерінен айыру қиын. Балық қатарласа берген сәтте шортан бас салады.
Шортан – жыртқыш балық. Ол ұсақ шабақтарға да, ірі балықтарға да шабуылдай береді. Үйрек - қаздардың балапандарын талғамай жұтып жібереді. Шортан ең алдымен ауру, әлсіз балықтарды ұстап, өзен - көлдерде ауру тарауына бөгет жасайды.

Шаян – өрмекші тектес буынаяқтылардың көне топтарына жатады. Оның салмағы 50г - нан 200 - ға дейін болады. Шаяндар кішкентай балықтармен қоректенеді. Тропикада да, шөл далаларда да тіршілік етеді. Түнгі мезгіл де түрлі жәндіктерді бір орнында қозғалыссыз тұрып, өз жемтігін ұлы ұстап алады. Адам шаянның алақанынан өліп кетпесе де қатты ауырып, шаққан жері ісінеді, қалтырап тонады. Шаяндар ұзақ уақыт, бірнеше ай бойы тамақ ішпей - ақ жүре алады.

Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқып беремін. Бірнеше оқушыға мәнерлетіп оқытып, сұраққа жауап аламын.
- Балалар, олар қалай өмір сүреді?

- Олар не істемек болды?

- Олардың жүктері неге қозғалмады?

- Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?

Оқушылар, мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік. Негізгі ой дегеніміз-ақынның айтар өсиеті.

Ой қозғау.

А.Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жерде жазылған?

Бұл мысал бізді неге шақырады?

(Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру).

Балалар, осы мысал арқылы ақын - жазушылар бізді неге үйретеді?


(ауызбіршілікке, ынтымақ, достыққа шақырады)
Неге И. А. Крылов кейіпкер ретінде аққу, шортан, шаяндарды алған?
Бірлік, ынтымақ достық туралы қандай мақалдар білесіңдер?

Дәптермен жұмыс.


Мақал-мәтелдер жазу.
1. Ынтымақ болмай, іс болмас
2. Көп біріксе ел болар, көп тілегі көл болар.
3. Татулық – табылмас бақыт
4. Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озар.

5. жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Қорытындылау:


  • Не үйрендік?

  • Не білдік?

Үй тапсырмасы: Ахмет Байтұрсынов, И. А. Крыловтан «Аққу, шортан һәм шаян» мәнерлеп оқып, түсініп келу.

Кейіпкерлердің суреттерін салып, әрқайсысына мінездеме жазу.



Бағалау..

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет