Пәнаралық байланыстар
|
Физики,музыка,биология
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Планшет қолдану
|
Бастапқы білім
|
Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар.
|
Сабақ барысы
Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,
Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10мин
|
Дайындық бөлімі.
Білім алушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Бір орында оңға,солға, кері бұрылу алаң шетімен қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен және қолды белге қойып өкшемен жүру. Аяққа толық отырып,қарапайым жүріс және қолды иық тұсынан айналдырып отыру. Жүруден жүгіріске өтіп алаң шетімен жүгіру.Қосарланып жасау арқылы жалпы шынығу жаттығуларын жасау.
|
Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.
|
С абақтың ортасы
25мин
|
(С, ЖЖ) Үш қадаммен жүгіріп келіп ұзындыққа секіру
Оқушылар кеңістікте жүгіріп жүреді, осы кезде ысқырық белгісі естілгенде, олар секіріп аяқтарының бірінде тұрады Олар қай аяғымен жақсы секіретінін
анықтағанша жаттығуды жалғастыра береді. Олар жүріп келе жатып бір аяқпен секіріп тұрып қалады да, қадам басып ары қарай жүреді. Қайтадан сол тапсырманы
орындайды, одан кейін екінші аяққа көшеді. Сонан кейін секіруді оң жаққа, сол жаққа қарай жасайды және екі аяқпен секіріп тоқтайды.Осыдан кейін серіктесімен бірге 3 қадаммен ұзақтыққа секіреді және өздерінің
секіру қашықтықтарын салыстырады. Жақсы нәтиже көрсету үшін 5 мүмкіндік беріледі. Серіктесі оның
көрсеткен көрсеткішін бормен сызып белгілеп отырады.
|
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Сабақ соңында білім алушыларға рефлексия жүргізіледі: Бірін-бірі бағалау
Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі секіру жаттығуларында оқушылардың қызығушылықтарын қолдап және үдерісін дамытып, дағдыларын бақылау.
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |