Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік техника ережелерін сақтау Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет135/160
Дата08.02.2022
өлшемі7,05 Mb.
#117706
түріСабақ
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   160
Байланысты:
6 сын ҚМЖ ұлдар

Практикалық жұмыс
1 Бөлшектерді әзірлеу
Оқушылар өздері таңдап алған көліктердің алдын-ала жасаған эскиз-нобайларына, техникалық суреттеріне, сызбаларына сәйкес дайындаған материалдарды пайдаланып бөліктерін жасайды.

Мұғалімоқушылардың атқарған жұмысы барысында еңбек техникасының орындалуының дұрыстығын және операцияның технологиялық реттілігін мұқият қадағалап отырады..

Макет мықты, берік етіп жасалынуы үшін фанера немесе жұқа тақтайша материалын пайдалануға болады.




Мысалға автомобиль көліктерін алып, қарастырайық.
Фанера немесе тақтайша бетіне көліктің корпусын, бөлшектерін эскиздегідей өлшеп түсіреміз..

Контурлары бойынша дайындамалар кесіп аламыз



Алдын ала диаметрі сызбадағы өлшемге сәйкес дайындалған ағаш біліктен автомобиль доңғалақтарын кесіп алып, оны токарьлық станокта өңдеп, ойқылдарын келтіріп, ортасына бұрғылап осьтік тесік жасайды.



Кесіліп алынған дайындамалардың кейбір бұрыштарын, жақтауларын, қырларын егеумен егеп, зімпара қағазымен ысқылайды.

Бөлшектерді сырлау, әрлеу үшін акрил бояуын қолдануға болады. Өйткені, бұл бояу денсаулыққа зиянсыз, жылдам кебеді.
2 Көліктер макетін дайын бөлшектерден құрастыру

Дайын бөлшектерді құрастыруды сызбаларына сәйкес орындаймыз.

Алдымен корпусына негізгі бөлшектерін, содан кейін қосымша бөлшектерін, доңгалақтарын желімдеп жапсырамыз.
Дайын болған ағаштан жасалған өнімді түссіз лакпен әрлеген дұрыс. Лак жағылған ағаш өнімі көпке дейн өз қалпын сақтап, бұзылмайды. Бұндай жағдайда дайындамаларды гуашьпен бояп немесе ешқандай бояусыз, лактың тек өзін жақса да болады.
Оқушылардың жұмыс барысын байқай жүріп, мұғалім жеке оқушыларға көмек көрсетіп, олардыынталандырып отырады..



Жұқа тақтайшалар, фанера, сызғыш, циркуль, столярлық құрал-жабдықтар, егеу, бұрғы, зімпара қағазы, ағаш желімі, лак, акрил бояуы...т.б.





Сабақтың соңы
2 минут



Сабақ соңында жұмыстар көрмеге қойылады және оқушылар оларға стикер арқылы баға қойып және басқа топ жұмыстарына қатысты пікірлер айтады.


Оқушылар жұмыстары.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет