Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік техника ережелерін сақтау Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет12/160
Дата08.02.2022
өлшемі7,05 Mb.
#117706
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   160
Байланысты:
6 сын ҚМЖ ұлдар

- Ә. Қастеев,
- Н.Крутилников,
- Е.Сидоркин,
- Ш.Кенжебаев,
- С.Мәмбиев,
- Қ.Телжанов,
- М. Кенбаев,
- М. Лизогуб және басқа суретшілер
Суретшілер қоршаған ортада және бүкіл әлемде болып жатқан оқиғаларды бақылап әрі талдай отырып, сезім, тебіреніс әсерлерін өз туындылары арқылы көрсетуге тырысады.
Ә. Қастеевтің шығармашылығының бір бөлігі қазан революциясынан кейінгі халық өмірін бейнелейтін кескіндеме шығармалары. Олардың қатарына мына картиналар жатады: «Бие сауу», «Құдықтың басындағы бай мен жарлы», «Қалың малға сатылған қыз», «Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы», «Колхоз тойы», «Колхоз қырманы».
Суретші Ә. Қастеев халық батыры, Амангелді Иманов тақырыбына өз шығармасынан ерекше орын берген. Бұл шығармалар қатарына «А.Имановтың портреті», «Амангелдінің шабуылы» атты композициялары жасады.
Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә.Ысымайлов шығармашылығы көрнекті орын алады.Алғашқы ұлттық график-суретші Ә. Ысымайловтың творчествосы, қазақтың профессионалдық бейнелеу өнерімен қатар қалыптасты. Ол кескіндеме, графика, газет-журналдарды көркемдеу салаларын қатар алып жүрді. Суретшінің 20 жылдардағы еңбектері индустриалды Қарағанды мен туған жер табиғатының көріністерін бейнелеуге арналды. 30 жылдары тушьпен салынған еңбектерінде «Қарағанды», «Қарағанды шахтерлары» шахтерлер өмірін бейнелейді. Оның карикатурасы мен плакаттары («Теңіздің ар жағынан», «Жарылып кетті») терең мағыналы сынға құрылған
Қазақстандық суретші Гульфайрус Исмаилованың «Қазақ вальсі» картинасын қарастырыңыздар.

  • Картинада не бейнеленген?

  • Картинаның кейіпкерін танисыздар ма?

  • Портрет қандай түрге жатады? Неліктен?

  • Суретші бізге не суреттегісі келді?

  • Портрет сіздерге қандай көңіл-күй сыйлайды?

Абрам Черкасский «Дина Нурпеисова и Джамбул»Сабур АбдрасуловичМамбеев «Девушка у окна»Килибаев Нурлан "Орлан"


Талқылау үшін сұрақтар:

  • Картинаның идеясы қандай?

  • Портрет қандай колоритте орындалған? Неліктен?

  • Картинаның атауын қалай қояр едіңіз?

  • Қазақстандық суретшілердің портреттеріндегі ұқсастық не?

  • Қазақстандық кескіндемешілердің ортақ визуалды элементтерін ата?

Бағалау критерийі Білім алушы
• Өнер, қолөнер, дизайн туындыларының әлемдік және ұлттық ерекшеліктерін анықтайды Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Тапсырма Визуалды элементтерді қолданып, берілген тізімнің ішінен бір анимация түріне сюжет таңдап, кейіпкердің нобайын жасаңыз. A) ермексазды анимация B) көлеңкелі театр C) саусақты қуыршақтар D) таяқшалы қуыршақтар Мысалы: Дескриптор Білім алушы — сюжет құруда түрлі идеялар ұсынады; — анимациядағы дизайн туындыларының ерекшеліктерін көрсетеді; — анимация түрлерін анықтайды
Қазақстандық суретшілердің жұмыстарына ұлттық колорит кейіпкерлердің мінездері және т.б..

Практикалық тапсырма.


Бағалау критерийлері:

  • Кейіпкердің мінезін суреттейді;

  • Композиция;

  • Көркемдік элементтерді, стилистиканы қолданады.

Оқушылардың практикалық тапсырмалары альбомда орындалады.



http://magnolia.kz/articles/3442-vstrecha-zhambyla-i-diny.html


https://www.youtube.com/watch?v=w49I4Uwe02A

http://nurlankilibayev.blogspot.com/p/blog-page_17.html


https://www.youtube.com/watch?v=aqdLtJC31O0

Сабақтың соңы

Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет