Механикалық қозғалыс туралы сұрақ- ждауап арқылы әңгімелесемін.
Велосипедте басқыштың көмегімен артқы дөңгелекке қалай қозғалыс беріледі?
Сағат қандай ауыстыратын механизмдерден тұрады?
Білдек пен машинаның қозғалтқыштары айналу барысында тегершікке қандай беріліс арқылы беріледі?
Тағы да қандай механикалық беріліс түрлерін білесіздер?
Осы механикалық берілісті өздеріңіздің роботтарыңыздың қандай бөліктеріне қолдануға болады?
Оқушылармен бірге әр түрлі материалдардан жасалған механизм бөлшектерін немесе бөлшектерді қандай әдістер және қалай біріктіруге болатынын талқылаймын.Оқушыларға сұрақ қою арқылы өздеріне танымал ағаштан, темірден, пластикалық және т.б. жасанды материалдарды бөлшектерді біріктіру әдістерін айтып береді. Мыс:
Ағаштан жасалған екі бұйымды бір- біріне қалай және ненің көмегімен бекітуге болады?
Темірден жасалған екі бұйымды бір- біріне қалай және ненің көмегімен бекітуге болады?
Пластикалық, шыны, резеңке және т.б.жасанды материалдарды бір- бірімен қалай бекітуге болады?
Қандай бөлшектердің біріктірулерін кейін ажыратып алуға болады, неге кейбірін ажыратып алуға болмайды?
І топ Өнеркәсіптегі роботтардың бір жақсы қасиеті- олар ешқашан жалықпайды және жұмысты адамдарға қарағанда тиімді істейді. Одан бөлек, роботтар ешқашан ауырмайды немесе демалуды қажет етпейді. Олар күніне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейді. Роботтар ешқашан "қолым тимей жатыр", "шаршап жүрмін" деген сияқты сылтаулар айтпайды.
ІІ топ Роботтарға түскі үзілістің де қажеті жоқ. Кейде жұмыс адам үшін тым қауіпті.Қиын болған жағдайда робот мұны ешқандай қауіпсіз немесе қиындықсыз атқарып шығады. Роботтардың көпшілігі тұрақты. Механикаландырылған жұмыстарды атқару үшін зауыттарда пайдаланылады.
ІІІ топ Роботтардың біз жиі еститін көптеген түрі бар. Бүгінде роботтар зауыттар мен фабрикаларда, тауар қоймасында, ауруханаларда және басқа да көптеген өндіріс орындарында түрлі жұмыстар атқарады. Роботтар өндіріс орындарында көбірек пайдаланылады.