Этикет ережелері. Үстелдің шетінен мүлде алыс жайғасқанда немесе өте жақын отырып, шынатақты оның үстіне қойып алған да дұрыс емес. Тәрелкеге еңкеймей тік отыру керек. Үстелдің үстіне асылып барып тамақ алуға болмайды. Жеке бастың қолдануына арналған майлықты ашып тізеге жайып қояды. Тамақты жеп болған соң майлықпен ерінді және саусақтарды сүртуге болады. Тамақтанып болған соң майлық үстелдің үстіне бүктелмей, жай ғана қойылады, майлық балалардың жағасына қыстырылады.
Үстел басында әңгіме байыппен айтылады. Әңгіме барысында, әсіресе пышақ, шанышқы ұстап отырып, қолды сермеуге болмайды.
Ортақ табақтағы тамақты өзіңе ең жақын немесе үстіндегі бөлікті арнайы қойылған шанышқымен немесе қасықпен салған жөн. Табақ қонақтарға сол жағынан беріледі де, босаған ыдыс оң жағынан жинап алынады.
Әдетте тағамдар шанышқының, қасықтың, қалақшаның немесе қысқаштың көмегімен тәрелкеге салынады, бірақ бірқатар азықтар қолмен алынады. Олар нан, печенье, жемістер, цитрус жемістері, қант. Бұл тағамдарды пышақпен немесе шанышқымен бөлуге болмайды, олар қолды былғамайды, әр қайсысы бөлек-бөлек алынып, тәрелкеге немесе кесеге салынады.
Нанды үлкен бөлікпен жеу немесе тұтас бөлкенің өзін дастарханға тұтастай қою онша жарасымды көрінбейді, сондықтан мейлінше қажетіне қарай ұқсас бөліктерге бөліп қойған дұрыс.
Жалпы, әр отбасының ең басты байлығы – балалары болуға тиіс. Қоғамдағы отбасы институтының негізгі міндеті де – бала тәрбиелеп, елге дұрыс азаматтар өсіріп, қосу. Алайда, бүгін материалдық жағдай мен мәнсапты бірінші кезекке қойған замандастарымыздың көпшілігі баланы отбасының байлығы деп санамайды. Сол себепті, бұрынғы аталарымыздай баласының санымен емес, дүниемен ғана мақтануға тырысады.
Қанекей балалар, енді денсаулыққа пайдасы бар тағамдар мен көкөністер туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
1. Жаны саудың – тәні сау.
Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі.
Көзің ауырса қолыңды тый, Ішің ауырса аузыңды тый.
Досы көптің жаны семіреді, Асы көптің тәні семіреді.
Нан – тамақтың атасы, Ынтымақ – көптің батасы.
Мақал-мәтелдерді жалғастыру.
1. Ас иесімен тәтті, … (тағамымен жақсы)
Ас тұрған үйде … (ауру тұрмайды)
Ас тасыса қатығы төгілер … (ашуы тасыса ақылы төгілер)
Ас атасы … (нан)
Қойдың сүті … (қорғасын)
Ішің ауырса … (аузыңды тый)
7. Ас адамның … (арқауы)
|