Сабақ тақырыбы: Қазақ тілі қайраттылықты қажет етеді



Дата25.08.2017
өлшемі67,77 Kb.
#27164
түріСабақ
ОҚО, Отырар ауданы, Арыс ауылы

А.Байтұрсынов атындағы шағын

жинақты бастауыш мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі:

Мырқашова Құндызай Құланшықызы

Сабақ тақырыбы: Қазақ тілі қайраттылықты қажет етеді.

Сабақ мақсаты: а) қазақ тілінен өтілген материалдарды пысықтауға, өз ойын анық жеткізуге, дұрыс, сауатты оқу, жазуға, сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға машықтандыру.

э) қасиетті қазақ тілін дәріптеу, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі : тақырыптық суреттер, анаграмма, криптограммалар, өлең жазу әдістері, экспресс сұрақтар, схемалар, тірек сөздер.

Сабақ түрі: дебат сабақ.

Сабақ барысы: 1. Үйымдастыру (музыка сарынымен)

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге.



2. «Сөз мәйегі-мақал» сайысы арқылы әр топ спикері сайланады, сабақ такырыбы, сайыс-дебат барысы хабарланады. Сабақ төрт белестен тұрады. Әр белестің теориялық және практикалық тапсырмаларының қорытынды ұпайын ертегілер елінен келген қонақ жариялап, марапат арнайды.

1- белес: Әуенді алфавит.

Қазақ тілінің қыр-сырын үйренуімізге алғашқы баспалдақ жасаған Алфавитке құрмет көрсетеміз. «Алфавит әні».

Теориялық тапсырма:

1. Алфавитте неше әріп, неше дыбыс бар?

2. Дыбыстан не құралады?

З. Сөзден не құралады?

4. Мәтіннің қандай түрлері бар?

дыбыс ► сөз ► сөйлем мәтін

Практикалық тапсырма. Көркем сөзбен күз мезгілін бояйық.

- қызыл - жасыл - сары

-көк - ақ
1 арай шапағына боянып,

желек күзгі ұйқыға енеді.

бала жеміс теріп, асыр сап,



жүзінде қалықтап бұлттар желеді.

жаулықгы әжелердей сабырлы,

Мен бояған күздің әсем бейнесі.

2-белес: Сөйлем мүшелері. Қорапшадан қуыршақгың дене мүшелері бөлек шығады, дене мүшелерін біріктіре отырып, мүшелері деген сөздің тағы қандай мағынасы бары анықталады.(сөйлем мүшелері).

Теориялық тапсырма:

1. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар?

2. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

З. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

4. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

5. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

6. Жайылма сөйлем дегеніміз не?

Практикалық тапсырма:

Схемаға қарап сөйлем қүрайды. (дәптермен жүмыс)

Жоталар тапсырмасы: «Өлең жазып келемін» (дәптермен жүмыс). керекті сөздер: келеді, береді, алып, оқып,етеді.

Күз мезгілі ,

Мол өнімін

Білім , көп ,

Балалар еңбек

3-белес: Сөз таптары

Қоржыннан 9 асық алынады. 9 санының қасиеттері анықталады. (9 сөз табы).


Теориялық тапсырма: 1. 9 сөз табын ата.

2. 3ат есім дегеніміз не?

З. Етістік дегеніміз не?

4. Сын есім дегеніміз не?

5. Сан есім дегеніміз не?


Практикалық тапсырма: Анаграмма шешу. (кілтті сөзге сөйлем кұрау).

Анаграмма шешуі,


Зат есімнен болады.
Ұғып буын сырларын,
Жауабын кім табады?
1. Алғашқы буын мәнісі, малдың жайылар төбесі.
Келесі буын мағынасы, малдың қомы, шөп жесі. (қыркүйек)

2. Алғашқы буын ожданмен қатар жүреді,


Екінші буын қыспен бірге келеді.
Екі буын қосылып, сөз құраса,
Мүйізді жануар ұшқан құстай желеді. (арқар)

Сергіту сәті

4-белес: Шығармашылық шабыт

а) Жалғасын мақал табайық,

Ел қорғаны болайық.

  1. Батыр туса ел ырысы,

.........................................

  1. Ер жігіт елі үшін туады,

...........................................

З. Болат қайнауда шынығады,

...................................................



  1. 0тан үшін отқа түс күймейсің,

........................................................

ә) Син Ку Эн стратегиясы бойынша бес жолдық өлең құрастырайық. (дәптермен жүмыс).



1. Зат есім Көктем

2. Екі етістік Құлпырады, көктейді.

З. Сын есім (екі-үш) Жасыл желек, жұпар иіс

4. Бір сөйлем Табиғат ана тамашасын 5. Синоним сөз Жыл мезгілі әкелер.

б) Спикерлер сайысы: 1-топ

І. Кім? не? сұрағына жауап береді зат есім

2.Сұрап тұратын сөйлем сұраулы сөйлем

З. Қазақ тілінде тоғыз сөз табы

4. Өздіктерінен сөйлем құрайды тұрлаулы мүше

5. Күн жүйесіндегі дене планета

б. Нұрсұлтан Назарбаев президент

7. Мағыналары қарама-қарсы сөздер антоним

8. Алфавитте қырық екі әріп

9. Ана сүтімен дариды ана тілі

10. Алғыс сөз рахмет



2-топ
І. .Қандай? қай? сұрағына жауап береді сын есім

2. Көңіл- күйді білдіретін сөйлем лепті сөйлем

З. Қазақ тілінде бесеу сөйлем мүшесі



4. Өздіктерінен сөйлем құрай алмайды тұрлаусыз мүшелер

5. Жанып тұрған газ жұлдыз



б. Шәмші Қалдаяқов композитор

7. Мағыналары жуық сөздер. синоним

8. Алфавитте қырық дыбыс

9. Сөз мәйегі - мақал 10. Алғыс сөз,марапаттау жарайсыңдар


Жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.

Үйге тапсырма беріліп, оқушылар бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет