Сабақ тақырыбы: Қазақстан табиғат зоналары. Пән атауы: Дайындаған педагог: Утеева Т. Ж жалпы мәліметтер



бет2/2
Дата08.11.2022
өлшемі27,67 Kb.
#156906
түріСабақ
1   2
Байланысты:
12.10 дүниетану

3.Сабақты жабдықтау

Табиғат зонасы дегеніміз ендік бағытта созылып жатқан топыра ғы мен өсімдіктері және жануарлар дүниесі ұқсас болып келетін территориялар.


1. Орманды – дала зонасы. Бұл Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысының территориясын қамтиды, яғни республика жерінің 7% - ін алып жатыр. Бұл зона қоңыржай континеттік климатпен сипатталады, жылдық – шашындардың орташа мөлшері, 300 -350 км. Мұндай батыс – сібірлік типке жататын орман – дала ландшафты, басым болып, олар жерасты суларының жер бетіне жақын жатуынан көлдік - өзендік жазықтар да қалыптасқан. Зона ның жер бедері – Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі алып жатыр, сонымен бірге ойысты жерлер де кездеседі, зонаның абсолюттік биіктігі 120 – 180 метрге өзгеріп отырады. Жер қайнар, төрттік дәуірінің құлдықтары мен саздарынан тұрады. Мысалы Батыс Сібір жазығы ежелгі палеозой жыныстарымен көмкеріліп, Петропавл қаласында кристалл шөгінділердің әктастары қалыптасқан.
Климаты жылы әрі құрғақ. Жылу мен ылғалдық мөлшері дәнді және техникалық дақылдар өсіруге өте қолайлы, қыс мезгілі ұзақ әрі суық, қаңтардың орт 7 = - 190, ең суық күні – 400С, ал жазы ыстық, шілде орт t 180 + 190C.
Су торларына келсек, басқа зоналармен салыстырғанда өзен – көлдері нашар дамыған, көпшілік өзендері ұсақ, олар ағынсыз көлдерге құйып, кейбіреулері жазды гүні кеуіп кетеді өзендері жаңбыр қар және жерасты суларымен қоректеніп, көктемді су тасу процестері жүріп отырады. Зонаның ең ірі өзені – Есіл өзені, ол Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік – шығысынан басталып Ресей территориясына ұласады, жалпы ℓ = 400 км. Ал, жерасты сулары орманды дала зонасына өте көп шыққан, олардың минералды құрамы, тұщы болып, кейбір жердерде құрамында аз мөлшерде тұз кездеседі.
Жер бетіне жақын жерлерде карбонатты тұщы сулар, ал 10 – 30 м тереңдікте хлор лы сульфатты сулар кездеседі, ірі көлдері: Лебяжы, Сиверки, Қамыс және т.б. Құрғақшылық жылдары көлдердің көбісі кеуіп кетеді. Орманды даланың көлдері жерасаты суларымен қоректенеді. Топырақтың кәдімгі қаратопырақтар мен шалғында қара топырағы тараған. Осындай топырақтарда әртүрлі шөптесінді және жусанды өсімдіктер өседі. Жануарлардан орман мен далалық түрлер бейімделген.
2. Дала зонасы. Каспий маңы ойпатынан Алтай тауларыана дейін 2200 км ге созылған. Ал зонаның ені рельф жағдайларына байланысты 40 км – ден 140 км ге дейін өзгереді. Бұл зона республика жерінің 20% алып жатыр. Ландшафтың зоналық типтері құрғақ климат жағдайында қалыптасқан. Дала зонасының жер бедеріне Уралмаңы үстіртінің шығыс бөлігі, Батыс Сібір ойпатының оңтүстік – батыс бөлігі және Қазақтың Ұсақ шоқысының солтүстіктегі далалы жазықары енеді. Сонымен қатар жер пішінінің өзен аңғарлары, көл қазыншұңқырлары орналасқан. Мұн дағы рельфтердің әртүрлі болуы климатқа және топырақ пен су торларына септігін тигізуде.
Зонаның климаты құрғап континентті, мұнда орман – дала зонасына қарағанда жылу мөлшері көбейіп, жауын – шашын мөлшері азая түседі. Дала зонасына жыл бөліп келіп түсетін жауын - шашынның орташа мөлшері 200 – 300 мм, оның 60 - 80% ке жуығы жылы маусымды түседі. Қысы суық, қаңтар айындағы ауаның орт t–16–190C, кейбір аязды күндері – 500 С қа төмендейді, қыста жауған қардың қалыңдығы зона бойынша 30 см ге жетеді. Ал жаз маусымы ыстық әрі ұзақ болып, шілдедегі ауаның орт t+18+220C , кейде 35 +400C қа жоғарылайды.
Зонаның су жүйесіне келсек, өзен торлары Ертіс өзенінің бассейніне жатады да, сулары аздау болып, өзендері еріген қар суымен қоректеніп, көптеген сулары, жазды құрғап кетеді, зонаның ірі өзендері Тобыл мен Есіл. Ел ең негізгісі Ертіс өзені ол Қытайдан басталып, көптеген аймақтарды басып ағып өтеді. Ал, көлдері жөнінен дала зонасы он бай, ірі көлдері – теңіз, Қорғалжын, қарасор, Сілеті. Ұсақ шоқымы аймақта тұруы көлдер басым, өзендер сияқты көлдер де еріген қар суларымен қоректенеді. Дала зонасының жерасты сулары 10 – 20 м тереңдікке орналасып, олардың құрамы минералды заттарға он бай бөлсек
Дала зонасында топырақтың мынадай типтері түзілген кәдімгі қара топырақ, гумусы 6-10%, оңтүстігіндегі күңгірт – каштан топырақтар. (3-5%), карбонатты сазды топырақтар (5-6%). Кәдімгі қара топырақтарда әртүрлі шөпті және дәнді дақылдар өссе, қара және құба топырақтарда жүсон тенге және эфемерлі өсімдіктер, ал аласа таулы өлкелерде емен – қайыңдар өседі.
Жануарлардың негізгі түрлері далалық оған көртішқан, сілеусін және т.б тұяқтылар мен кеміргіштер мекен етеді.
3. Шөлейт зонасы. Каспий маңы ойпатынан Алтайға дейін 2900 км ге созылып жатыр. Қазақстан жерінің 23% - н алып жатыр. Зонаның жер бедері толқынды болып, орташа абсолюттік h = 50 м. Шөлейт зонасына кіретін Каспий маңы ойпаты төрттік дәуірдің теңіздік шөгінділері мен толғындырылған. Ал, Торғай үстіртіндегі орт h = 50 – 60 м ге жетіп, онда аймақтар жиі қалыптасқан. Сонымен бірге шөлейт зоналарының территориясына кіретін қазақтың қатпарлы өлкесі тақтатастар мен пварциттерден және әктастардан тұрып, орт h = 350-450 м ге тең.
Зоналық климаты қуаң континентті типке жатады. Жауын – шашын орташа жылдық мөлшері 200 мм ден аспайды, бұл көрсеткіш оңтүстікке қарай төмендей түседі. Шөлейт зонасының қысы суық, қаңтар орт t – байланыста – 120С, шығыс – 200С қар жамылғысының қалыңдығы 10 – 20 см, ал жазы ыстық әрі ұзақ шілдедегі ауаның орт t = +250C. Аймаққа жыл бойына келіп түсетін жауын – шашынға қарағанда булануы мөлшері көп. Су торлары зонадағы өзендердің суы аз, негізгілері Сарысу, Аягөз, Торғай, Соғыз, Ембі және Ора л.
Сарысу өзені Қазақтың ұсақ шоқысынан басталып, жалпы ℓ = 800 Км, еріген қарсуымен қоректенеді. Ал, Жайық өзені – Ора л тау – нан басталып, Каспий теңізіне құяды , ұзындығы 1000 км ден асады. Ал Ембі өзені Муғалжар тауынан басталып ұзындығы 647 км. Көлдері таяз көлдер шөлейт зонада өте көп тараған соның бірі Шалқар көлі, ауданы 1800 км2, ал Қазақстан шөлейт зонаның ең ірі көлі – Зайсон, ол теңіз деңгейінен есептеледі 383 м биіктікте орналасқан. Ал жерасты сулары өте тереңде, яғни 100120 м тереңдікте жатқан артезион суларынан тұрады, жерасты суларының механикалық құрамы, немесе минералдық заттар өте көп, олар емдік қасиеттері үшін қалыптасқан.
Топырақ жамылғысында ашық каштан топырақ басым, ондағы гумус мөлшері 2-3% ылғалдың жетіспеуімен топырақ құрамында тұздар жинақталған. Зонаның оңтүстік бөлігінде құба топырақтар түзіліп, онда сортаң және сорланған өсімдіктер өседі. Ал сортаңдалған топырақтарда жусан мен бітеге нің бірнеше түрлері өссе, оңтүстікке қарай ксерофитті өсімдіктер бейімделген. Жануарлардан – кеміргіштер, жыртқыштар және бауырымен жорғалаушылар бейімделген.
Шөлейт зоналарының жер қойнауы пайдалы қазбаларға, соның ішінде марганец, полиметалл, мыс және темір рудаларына өте бай, сонымен бірге фосфорит пен асбест кәсіпорындары бар.
4. Шөл зонасы – Қазақстанның шөлейт зонасының оңтүстік бөлігінде жазықтарды түгелдей қамтиды, яғни солтүстіктен оңтүстікке 900 км, ал шығыстан батысқа 3000 км ге созылып жатыр, жалпы республика жерінің 47% - алып жатыр, яғни Каспий маңы ойпатының оңтүстігінен, Маңғыстау түбегін, Үстіртті, Солтүстікте Арал маңын, Атбақдаланы, Сырдария ойпатын, Қызылқұм мен Мойынқұм массивтерін, Балқаш маңын түгелімен алып жатыр.
Климаты өте құрғақ, атмосфералық жауын – шашынның орташа жылдық мөлшері 100 – 200 мм, ол булану деңгейі одан 10 еседей артық. Жазы өте ыстық, шілде орт t = 23 + 250C, ге ең ыстық күндері + 40 + 450С, ал қысы суық, жауын – шашын аз түседі, қаңтардағы ауаның орт t = -5-150C, кейде – 200С та төмендейді жауған қар жамылғысының қалыңдығы 5 – 10 см.
Су торларына келсек, өзендері Сырдария, Іле, Қаратол, Лепсі. Олардың көбісі жаңбыр және қар суларымен қоректенеді. Ал, жерасты сулары 10 м тереңдікте орналасқан. Әсіресе ең кішігі палеозой жыныстарымен көмкерілген Қазақстанның Ұсақ шоқысы мен (Маңғыстаудағы) Қаратау минералды су көздері жер бетіне бұлақ түрінде шығып жатыр. Шөл зонасында ірі көлдер көп, Каспий, Арал, Балқаш.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет