М. Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп – балабақша кешені ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері » 10 – сынып Өткізген : технология пәнінің мұғалімі Карагойшина Сұлужан Жәдігерқызы 2015 жыл
«Қазақтың ұлттық киімдері »
Сабақтың мақсаты: Ұлттық киімдердің ерекшеліктерін, даму тарихын, әшекейлеу әдістерін меңгеру. Киім мәдениеті туралы ой қалыптастыра отырып, өз мүмкіндіктерін қолдана білуге үйрету.
Дамытушылығы: Бұйымдарды ұлттық нақышта безендіру, түстерді үйлесімді таңдау арқылы эстетикалық талғамын арттыру.
Тәрбиелігі: Қол еңбегін меңгеруге, этнографиялық ерекшелікті түсінуге бейімдеу.
Сабақтың көрнекілігі: ұлттық киімдер, нобайлар, слайдтар, кітап, киім көрмесі.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, иллюстративті
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру /тест/
3. Жаңа сабақ
/СТО технологиясы, кубизм әдісі/
4. Қорытындылау, бағалау.
1. Сабақтың барысы:
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Ел президенті атап көрсеткендей, инновациялық (жаңашылдық) әдіс тәсілдерді енгізу - білім берудің бірден – бір жаңа шарты. Сондықтанда оқушылардың ойлау қабілетін, еңбекке икемділігін қалыптастыру мақсатында дәстүрлі емес сабақ өткізбекшіміз.
Біз сіздермен тігін бұйымдарын модельдеу бөлімі бойынша ұлттық бұйымдардың безендірілуін, ою – өрнектердің қолданылуын, шикізат түрлерінің таңдалуын меңгеріп, кейбір бұйымдарды өз қолдарымызбен дайындап та көрдік. Ал, жаңа тақырыбымыз « Ұлттық киімдер» туралы, олардың тарихы, дамуы, тұтынылуы, өңделуі, безендірілуі туралы топтарға жеке тапсырмалар беріп, өз бетінше іздену, зерттеу жұмыстарын тапсырған болатынбыз. Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын . . .
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Тест
Жасанды талшық неден алынады?
а)шыршадан б)мұнай, ағаш, тас көмір өнімдерінен
в)жібек құртынан, өсімдіктен
Өлшемді адамның қай жағынан алады?
а)оң б)сол в)алдынан
Қыз балалардың бас киімі?
а)тақия б)айыр қалпақ в)бөрік
Ақ киізден тігілетін жаздық бас киім?
а)малақай б)бөрік в) айыр қалпақ
Силуэт дегеніміз не?
а)заттың сыртқы кескіні б) суреттегі сызба в) киім жиынтығы
Киімнің жаңа үлгісін кім дайындайды?
а) тігінші б) суретші – сәнгер в) пішуші
Қазақтар бұл бас киімді аруға лайық деп білген?
а) орамал б) қасаба в) қарқара
Мода сөзінің аудармасы қандай?
а)сәнді киіну б)үлгілеу в) өлшем, іс - қимыл
Иық бұйымдарына нелер жатады?
а)жейде, халат,пальто б) белдемше, жейде, камзол,
в) көйлек, шалбар
Киімді кім сәндейді?
а) суретші – тігінші б)көркемдеуші сәнгер
в) техник жобалаушы
Қазақтың ұлттық киімдері немен безендіріледі?
а) гүлдермен б)суреттермен
в)өрнектермен
Бұйымға матаны қалай таңдайды?
а) талшықтық құрамына б)денсаулыққа пайдалысын
в)пайдалы және сәндік қасиетіне
Ыдыс салуға киізден дайындалған бұйым?
а)кесе қап, аяқ қап б)бөстек, саба, дорба
в)асадал, торсық
бағалау: 11 - 13 – 5
8 - 10 – 4
6 - 8 – 3
3.Ой қозғау
Топтар өз тапсырмаларын қорғайды (кубизм әдісі)
а) Сәнгерлер. Ұлттық киімдердің өзге ұлт киімдерінен ерекшелігі мен безендірілуін салыстырмалы түрде айтып, слайдтар көрсетеді.
б) Тігіншілер. Мата таңдау, түс таңдау, матаның адам денесіне әсері туралы анықтама беріп, ұлттық киімдердің өңделу жолдарымен таныстырып,пайдалылығын нақты дәлелдеп береді.
в) Оюшылар . Бұйымдарды ұлттық өрнектермен өңдеу әдістерін, ою – өрнектердің шығу тарихын, ою әдісін суреттеп,қиып көрсетеді.
г) Суретшілер. Қоғамның дамуына байланысты киім сәніде өзгеріп тұратындықтан, сән үлгісін таңдауға қойылатын талаптар мен ақыл кеңестер айтылады. Сызбалар көрсетеді.
д) Ісмерлер. Өздері дайындаған сән үлгілерін көрсетеді. Жарнамалап, қазіргі кезде тұтынуды ұсынады.
е) Зерттеушілер елі. Ұлттық киімдердің шығу тарихымен, күні бүгінге дейінгі даму жолдарымен таныстырады. Қазіргі кезде ұлттық бұйымдарды дамытуға үлес қосып жүрген шеберлермен таныстырып өтеді.
4. Қорытынды. Мінеки, бүгінгі сабағымызда шеберлеріміздің сан қилы өнеріне тәнті болдыңыздар. Ұлттық киімдеріміздің даму тарихынан ойларыңызға ой толықты дей аламыз.
Енді, осы сабағымыздан алған білімімізді тексеру мақсатында
« Қолөнер» сөзжұмбағын шешейік.
1. Хас арулар киетін бас киім
2. Кеудеге жылылық пен сәндік үшін қолданылатын киім
3. Төсеніш атауы
4. Ұлттық бұйым белгісі
5. Киімнің жаңа үлгісін жасаушы
6. Ұзатылатын қыздың бас киімі
7. Бұйымдарды салатын ұлттық сумка
Осымен сабағымызды аяқтай келе мына өлең жолдарын арнаймын:
Үйреніп өнер – білім өрге жүзсін
Үлгі алсын қатар – құрбы замандасы
Қашанда тіл мен көзден аман сақтап,
Пайдасын көрсін халқы, ата – анасы
Бағалау. Оқушылардың өз бетінше дайындап, зерттеген мағлұматтарын, киім үлгілерінің сызбаларын дайындауын, ою – өрнектерден шиырма жасауын, ұлттық өрнектермен безендірілген бұйымдар дайындауын қадағалай отыра бағалау.
Үйге тапсырма: жасаған жұмыстарына технологиялық карточкалар дайындау.
Сабақ соңы ұлттық киім үлгісімен қонаққа келген оқушының биін тамашалаумен аяқталады.
Қолданылған әдебиеттер: 1. Технология журналы
2. Шаңырақ энцеклопедиясы
3. «қазақтың ұлттық киімдері» кітабы
4. « ою – өрнектер»
Достарыңызбен бөлісу: |