Сабақ тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мәселелер



бет3/3
Дата31.10.2022
өлшемі22,12 Kb.
#155787
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1-апта қазақ тіл практикум

Орфографиясы – 1925, 1926, 1929ж. емле конференцияларында қабылданып, кейін орыс орфографиясының ережелеріне салынып жазылып кеткен, қазақ тілінің дыбыс үндестігіне негізделіп жазылады деген басты заңдылығынан айырылып келе жатқан емле.
Емле ұстанымы. Кез келген жазуды қалыптандыру үшін алдымен емленің басты ұстанымдарын (орфография принциптерін) белгілеп алудың жөні бар. Сондықтан қазақ жазуының алғашқы кезеңі емле принципін айқындап алу қиындылығымен өлшенді десек, бұл маңызды міндетті А.Байтұрсынұлы “туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қиналмай өтетін, екеуінің арасынан жол тауып беретін” төмендегі ұсыныстар арқылы шешкенін көреміз:
“1. Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу.
2. Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу.
3. Үйлестікпен дүдәмал естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше жазылу» (А.Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы. А., 1991). Және осы айтқанын ғалым “Сөздің ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады.Сөйлегенде сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда біртүрлі, әр сөзді оңаша жеке алып айтқанда ауыздан екінші түрлі болып шығады”деп айқындаған екен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет