Сабақ жоспары. 10 сынып. Биология.
Сабақ тақырыбы: Бактериялар,саңырауқұлақтар, өсімдік пен жануарлар жасушаларының құрылысындағы ерекшеліктер
Өткізілу күні: 19.11.16 ж
Өткізілу уақыты: 2 сабақ
Өткізілу орыны: Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Биология пәнінің мұғалімі - Бекетова Дариға Ибрагимовна
Сабақтың мақсаты: Жасуша құрылысы мен қызметі тақырыбындағы тарауды қорытындылап, жасушалардың әр алуан типтері құрылысының ерекшеліктері, прокариотты және эукариотты ағзалар туралы түсініктерді қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімдік-жасушаның құрылысы мен қызметі, цитоплазмадағы органоидтер және олардың байланысы , эукариотты және прокариотты жасушалардың ерекшеліктері туралы білімді бекіту;
Дамытушылық-шығармашылық- ізденушілік жұмыстарды жүргізу арқылы бақылау, салыстыру, талдау және дәйектер мен қорытындыны жинақтай білуді дамыту;
Тәрбиелік-қоғам мен биология ғылымының дамуында ғылыми жаңалықтардың маңызы арқылы оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтіп, ой-өрісін кеңейту, көрнекілік құралдар арқылы эстетикалық тәрбие жақтарына көңіл бөлу.
Сабақтың типі : Қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: проблемалық оқыту технологияларын қолдану
Пәнаралық және ғылыми байланыс: ботаника, жануартану, медицина
Керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, «Жасуша құрылысы» суреттер және слайдтар жинағы, оқушының нұсқаулық жұмыс парағы, сызба-нұсқалар т.б.
Сабақтың технологиялық картасы
№
|
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Әдіс тәсілдер
формасы
|
уақыты (мин)
|
1.
|
Ұйымдастыру бөлімі
|
Оқушыларды ынталандыру, оқу үрдісіне бағыттау
|
Оқу үрдісіне бағытталу, мұғалімнің нұсқаулықтарын тыңдап, сабаққа кірісу
|
Сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту
|
1 мин
|
2.
|
Кіріспе бөлім
|
Ой талқы, ой алмасу үшін мәселе (проблема) тудыру
Тірек-сызбаны, қолданып сабақ мазмұнын түсіндіру.
|
Тапсырмаларды орындау
Оқулықпен, қосымша ақпараттарме жұмыс.
|
«Миға шабуыл», ізденушілік
|
3 мин
|
3.
|
Негізгі бөлім
|
Тапсырмалар топтамасын ұсыну Оқушылардың тапсырмаларды орындауына жағдай туғызу. Оқушының өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік талдау әрекеттерін ұйымдастыру. Әңгімелесе отыра сөйлеу мәдениетіне төселдіру.
Өз жұмысының жетістігі үшін ынталандыру.
|
Берілген тапсырмаларды орындау,
мәліметтерді меңгеру,күнделікті өмірмен байланыстыру, есте сақтау, негізгісін бөле білу, өз пікірін мысал келтіру кезінде дәлелдеу
|
Баяндау, түсіндіру, әңгімелесу, өздік жұмыс
талдау.
|
18 мин
|
4.
|
Практикалық бөлім
|
№1,2,3,4-зертханалық жұмысты ұйымдастыру
|
Меңгерген білімді практикада пысықтау, тапсырмаларды орындау, дәптерге жазу.
|
Ізденушілік, әңгімелесу
|
17 мин
|
5.
|
Қорытынды бөлім
|
Рефлексия-оқушылардың осы сабақта не алғанын анықтау
|
Ең бастысын бөле біліп, қорытынды жасау
Сабақтан алған әсерін жазу, сын айту, ұсыныс жасау.
|
Талдау, жинақтау,бағалау
|
5 мин
|
1.Ұйымдастыру бөлімі
Рефлексия.
Сәлеметсіздер ме, балалар!
2.Кіріспе бөлімі
Интерактивті тақтаға жасушаның суреті қойылады.
Өткен тақырып материалдарын еске түсіру.
1 слайд
Цитология-жасушаны зерттейтін ғылым
Жасуша-тіршіліктің ең кіші өлшем бірлігі
Флипчарт -Сұрақтар:
1.Өсімдік жасушасының қабықшасы неден тұрады? А)жасұнықтан б)крахмалдан в)гликогенен г)нуклеин қышқылдарынан
2.Жануар жасушасының қабықшасы неден тұрады? А)липидтер мен нәруыздар б)плазма мембранасынан в)вакуольден г)гликокаликстен
3.Плазмалық мембрана жасушаның тіршілігі үшін қандай қызмет атқарады? А)тасымалдау б)қорғаныштық в)өткізгіштік г)зат алмасу
4.Нәруыз бен полисахаридтердің ірі молекулалары, тағамның ірілеу түйіршіктері, бактериялар жасушаға қандай жолмен өтеді? А)пиноцитоз б)осмос в)фагоцитоз г)диффузия
5.Цитоплазманың құрамына нелер кіреді? А)органоидтер б)организм тіршілігіне қажетті органоидтер,гиалоплазма және матрица в)ферменттер г)май қышқылдары
6.Жасушаның қандай органоидтерінде нәруыз синтезі жүреді? А)митохондрияда б)эндоплазмалық торда в)рибосомада г)ядрода
7.Қандай органикалық зат негізгі энергия көзі болып табылады? А)нәруыз б)көмірсулар в)май г)АТФ
8.Энергияның босап шығу процессі жасушаның қандай органоидінде жүреді? А)митохондрияда б)лизосомада в)рибосомада г)ядрода
9.Адам жасушасының ядросында қанша хромосома болады? А)48 б)46 в)36 г)32
10.Өсімдіктер жасушасының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс а)цитоплазма б)вакуоль в)жасуша орталығы г)митохондрия
11.Өсімдік жасушасында қай органоидтарында АТФ синтезі жүреді а)Вакуольде б)жасуша жарғақшасында в)пластидтерде г)ЭПТ-да
Жауаптары: 1.а. 2-г.3-г. 4-в. 5-б. 6-в. 7-б. 8-а. 9-б. 10-б. 11-в.
3. Негізгі бөлім
Тірек-сызбаны, оқулықты қолданып, балалардың бұрынғы біліміне сүйене отыра тапсырмалар ұсынылады.Оқулықпен, қосымша ақпараттармен, дәптермен жұмыс жасау керектілігі, аз уақытта көп ақпарат алатынымыз ескертіледі.
Тапсырма 1
Тірі ағзалар жасушалары ядросының жетіліуіне байланысты екі топқа бөлінеді:
Жасуша
прокариотты
|
эукариотты
|
Вирустар,бактериялар
|
Саңырауқұлақтар,өсімдіктер,жануарлар
|
Тапсырма 2. Органоидтар- кесте толтыру
Мембраналы Мембранасыз
қосмембраналы
|
мембраналы
|
мембранасыз
|
Ядро
|
Эндоплазмалық тор
|
Рибосома
|
Митохондрия
|
Гольджи жиынтығы
|
Жасуша орталығы
|
пластидтер
|
лизосома
|
Қозғалыс органоидтер
|
|
|
вакуольдер
|
|
|
|
Тапсырма 3 Сәйкесті таңбалаңыз
|
ядро
|
рибосомалар
|
лизосомалар
|
митохондриялар
|
Гольджи
жиынтығы
|
вакуоль
|
1.ДНҚ-сы бар
|
|
|
|
|
|
|
2.РНҚ-сы бар
|
|
|
|
|
|
|
3.мембранасы бар
|
|
|
|
|
|
|
4.бөліну арқылы көбейеді
|
|
|
|
|
|
|
5.биосинтезге тікелей қатысады
|
|
|
|
|
|
|
6.эритроциттерде болады
|
|
|
|
|
|
|
7.ішек таяқшасында кездеседі (бактерия)
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма 4
Біздерде бүгін сайыскер 4 топ білім сынағынан өтеді:
І топ – «Бактериялар және вирустар құрылысының ерекшеліктері»
ІІ топ – «Саңырауқұлақтар жасушасының ерекшеліктері»
ІІІ топ – «Өсімдік жасушасының құрылысы»
IV топ- «Адам және жануарлар жасушасының құрылысы»
Оқулықпен жұмыс
Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов Жалпы биология, 10-сынып, Алматы.- Мектеп, 2010
12-18 параграф
Оқушы анықтамасы «Арман-ПВ» баспасы,2007
«Инсерт кестесін» толтыру
4. Практикалық бөлім
1. Бактериялар және вирустар құрылысының ерекшеліктері( 2 слайд)
2. Бактерияның ашылу тарихы-видеофильм
3. Зертханалық жұмыс 1: Сүт қышқыл мен пішен таяқшасы бактерияларын микроскоппен қарау
Мақсаты: Оқушылардың прокариоттық жасушалардың құрылысы бойынша алған білімдерін жинақтауға ықпал ету.
Құрал-жабдықтар:
-бір апта бұрын беті жабылып қалдырылған айран және тұздалған қияр; алдын ала дайындалған пішен таяқшасы; микроскоп, ұлғайтқыш ійнек, сапты ине, заттық шыны, жабын әйнегі, тамшуыр.
Тапсырма:
А)Айранның бетіндегі сілемейден иненің ұшымен алып, заттық шынының бетіндегі бір тамшы тушьқа араластырыңдар, Содан кейін жабын әйнегімен жауып, микроскоппен қарағанда, тізілген моншақ тәрізді және таяқша тәрізді боялмаған бактериялар көрінеді. Суретін салып, сипаттама жазыңдар.
Ә)Пішен таяқшасын көру үшін, заттық шыныға бір тамшы су тамызыңдар да, оған тұнбаның бетіндегі бактериядан түзілген кілегей қабықтан иненің ұшымен алып салыңдар. Бактериясы бар тамшыны иненің ұшымен араластырып, бетін жабын әйнегімен жабыңдар. Микроскоппен қарағанда түссіз таяқшаларды көруге болады. Олар пішен таяқшасының бактериялары.
Б)Қорытынды жасау
4. Саңырауқұлақтар жасушасының ерекшеліктері (3 слайд)
5. Зертханалық жұмыс 2: Ашытқы және зең саңырауқұлақтарының тіршілігін бақылау
Мақсаты: Оқушылардың эукариоттық жасушалардың құрылысы бойынша алған білімдерін жинақтауға ықпал ету.
Құрал-жабдықтар: қант, нан, ашытқы, картоп (пісірілген),стакан, т.б. ыдыстар, сурет дәптері.
Тапсырма:
А)Қантты ортаға ашытқы саңырауқұлағының әсерін байқап көріңдар. Ол үшін екі ыдыс алып (банка, құты), екеуіне бірдей жылы су оған бірдей етіп нан ашытқысын салып, араластырыңдар, аздап қант салыңдар. Сәйтіп бетін жауып, жылы жерге қойыңдар. Екі сағат өткен соң ішінде қанты бар ыдыс көпіреді. Оның себебі, ашудың нәтижесінде көмірқышқыр газы бөлінеді.
Ә) Ақ және жасыл зең саңырауқылақтарынөсіріп көріңдер. Ол үшін сабақ басталардан бір жеті бұрын бір үзім нан, алма, сәбіз немесе пісірілген картопты алып, дымқылдап, бетіне басқа бір шыны ыдысты (стакан банка, Петри табақшасы) төңкеріп жауып, дылы жерге қояды. Бір жетіден соң ластанған мақта тәрізді жіп басса- мукор, көк жасыл шоғыры өссе, пеницилл зең саңырауқұлағы екеніне көз жеткізуге болады.
Б)Алдын ала өсірілген ( дымқыл нанды қарағанғы жерге қояды ) ақ зең саңырауқұлағына жай көзбен қарап, жіпшелері мен іші спораларға толы спорагийлерін ажырату, айырмашылықтарын қарау.Сапты инемен спораларды ептеп алып, препарат жасап, микроскоппен қарау.
В)Қорытынды жасау
6. Өсімдік жасушасының құрылысы және ерекшеліктері (слайдтар 3)
7. Зертханалық жұмыс 3: Біржасушалы және көпжасушалы жасыл балдырларды көріп, зерттеу
Мақсаты: Оқушылардың эукариоттық ,яғни өсімдік жасушасының құрылысы бойынша алған білімдерін жинақтауға ықпал ету.
Құрал-жабдықтар: суда өсіп тұрған немесе күні бұрын формалинге салынған хламидомонада, хлорококк, хрорелла, улотрикс, спирогира балдырлары. Осы балдырлардың нақнұсқасы. Тұрақты микропрепараттары.
Микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сапты ине, зат әйнегі, жабын әйнегі.
Тапсырма:
А). Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың судағы, топырақтағы көрінісін қарау. Біржасушалы балдырлардан микропрепарат дайындап, микроскоппен қарау.
Жасуша пішініне назар аудару. Хроматофорының пішінін және түсін анықтау.
Ә). Көпжасушалы балдырлардан микропрепараттар дайындау.
Микропрепаратты микроскоппен қарау. Талломдарының бір қатар жасушалардан тұратындығына және жасуша құрылысына көңіл аудару.
Б) Қорытынды жасау
7.Жануарлар жасушасының құрылысы (слайдтар 3)
8. Зертханалық жұмыс 4: Бұлшық ет жасушаларын микроскоппен қарау.
Тапсырма:
А)Микропрепаратты микроскоппен қарау. ә) жасуша құрылысына көңіл аудару.
Б) Қорытынды жасау
9.Венн диаграммасы арқылы қорытындылау (2-17)
Прокариотты Эукариотты
ұқсастығы
Бактерия Саңырауқұлақ жасушасы
Біржасушалы
Ядросы жоқ
Біржасушалы көпжасушалы
Ядросы бар
5. Қорытынды бөлім
Үйге тапсырма 12-18 параграф (қайталау)
Эукариотты Эукариотты
ерекшелігі
ерекшелігі
Ұқсасты ғы
өсдімдік жасушасы жануар жасушасы
5.Қорытынды бөлім
Рефлексия
Бағаларын қорытындылау. Үйге тапсырма 18-19 параграф
Пайдаланған әдебиет
1.Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов - Алматы: Мектеп, 2010.
2.Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2010.
3. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009.
4.Оқушының анықтамасы «Арман-ПВ» баспасы,2007
Достарыңызбен бөлісу: |