Сабақ Тақырыбы: Бала денсаулығын басқарудың жеке жоспарын әзірлеу бойынша шешім қабылдаудағы клиникалық-диагностикалық шарттары


Әртүрлі жастағы балалар тобының медициналық профилактикалық



бет2/3
Дата12.12.2023
өлшемі476,61 Kb.
#196536
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
№4 сим сабақ 2

Әртүрлі жастағы балалар тобының медициналық профилактикалық
тексеру кезеңділігі
1-ші критерий — денсаулықты анықтайтын белгілері, ал қалғандары денсаулық жағдайын сипаттайтын белгілері.
Бірінші белгілері бойынша бағалау:
-Анамнезінде ауытқулар жоқ -Биологиялық анамнезінде өзгерістер бар -Әлеуметтік анамнезінде өзгерістер бар. -Гениологиялық, әлеуметтік және биологиялық анамнезінде өзгерістер бар.
2-ші критерий бойынша бағалау — ағзаның функционалды жағдайы.
Функционалды жүйелердің қалыптымен салыстыру арқылы анықталады (жүрек соғу жиілігі, тыныс алу жиілігі, артариалды қан қысымының көтерілуі, қандағы гемоглобин) және де тәртіп сипатына
қараймыз.
Екінші критерилерді бағалау:
- Қалыпты — көрсеткіштер жасына сай, өзгеріссіз. - Нашарлауы – жастық нормалардың ең жоғарғы немесе ең төменгі шегінде (көрсеткішке байланысты) , тәртібінде аздаған ауытқулар. - Нашар – көрсеткіштер деңгейі жоғары немесе төмен (көрсеткішке байланысты); тәртібіндегі айқын ауытқулар .
3-ші критерий бойынша бағалау – организм резистенттілігі мен реактивтілігі . Баланың алдыңғы қаралу кезіндегі мен қазіргі келіп отырған ауруының арасындағы уақытпен анықталады.
Үшінші кезең критериін бағалау: Жоғары — жыл ішіндегі жедел аурулар жоқ болуы. Орташа – сирек ауру ( жылына 1-3 рет) Төмен — жиі жедел аурулар ( жылына 4-7 рет) Өте төмен – өте жиі жедел аурулар (3 реттен көп).
4 критерий бойынша бағалау — физикалық және нервті-психикалық дамудың деңгейі мен гормониясы. Нервті –психикалық дамудың топтар деңгейін анықтау жүктілік кезіндегі негізгі диагностикалық даму линиялары арқылы анықталады.
Төртінші белгіні бағалау: Қалыпты деңгей – дамудың 1 тобы Бастапқы ауытқулар – дамудың 2 тобы. Айқын ауытқулар – дамудың 3 және 4 топтары.
5 критерий бойынша бағалау — созылмалы ауруы және туа пайда болған патологиясы бар.
Педиатр, дәрігер маман қарауымен, параклиникалық әдістермен анықталады.
Бесінші белгілері бағалау: -Созылмалы ауруы немесе туа пайда болған ақауы бар (ауру) -Шекаралық жағдайлар анықталған (қауіп тобы) -Созылмалы ауруы немесе туа пайда болған ақауы жоқ (сау) ;
Әрбір критерий өз маңыздылығына, ақпараттылығына қарамастан жеке дара баланың денсаулық жағдайын толық сипаттай алмайды, комплексті түрде бағалау керек, сол кезде ғана барлық көрсеткіштер бойынша көрсетілетін

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет